Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Глоссарий по "Культурологии"

Автор:   •  Апрель 22, 2021  •  Контрольная работа  •  2,342 Слов (10 Страниц)  •  1,095 Просмотры

Страница 1 из 10

 Орындаған:Өнербай Назерке

Қабылдаған:Мырзапайзова Гүлшат

                           

                                                        ГЛОССАРИЙ

  1. “Мәдениет" сөзі адамды тәрбиелеу, оның рухани дамуы мен білімділігін білдіретін ұғым.
  2. Мәдениет ұғымы адамзаттың дамуын тілдің жетілдіруін , әдет ғұрып дәстүрді, мемлекеттік құрылымды, ғылыми білім, өнер, дінді білдіреді.
  3. Мәдениет қоғамның материалдық және рухани өмірінде қол жеткізген жетістіктер жиынтығы болып табылады.
  4. Мәдениет қоғамның материалдық және рухани өмірі салаларында жүзеге асырылатын шығармашылық қызмет.
  5. Мәдениет адамдардың іс әрекеті мен қарым-қатынасындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды жүзеге асырудың нақты көрінісі.
  6. Мәдениет  сөзі адамзат дамуының барлық кезеңінде түрлі мағынаға ие
  7. Мәдениет өте күрделі құбылыс,  оны біз мәдениетке берілген түрлі анықтамалар мен түсіндірмелерден көре аламыз.
  8. Кең мағынадағы мәдениет – мәдениет тарихи құбылыс,  оның деңгейі мен сипаты қоғам өмірінің барлық салаларына адамдардың белсенді шығармашылық қызмет тәсілдері мен нәтижесіне сай өзгеріске ұшырауын айтамыз.
  9. Тар мағынадағы мәдениет  - рухани құндылықтарды құрайтын,  оны тарататын  және қолданатын белсенді шығармашылық қызмет процесі.
  10. “Мәдениет “  ұғымы “табиғат" ұғымына қарама қарсы қолданылады.
  11. Мәдениет – адам қолымен жасалатын барлық заттар
  12. Табиғат  - адамнан тыс өз бетінше өмір сүретін дүние.
  13. Мәдениет ол адам әлемі , мәдениетте ол адамға ғана тән парасат, ақыл ой, шығармашылық игіліктер дүниесі. Сондай-ақ мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
  14. Материалдық мәдениет-  адам қызметінің нәтижесі болып табылатын,  материалдық құндылықтар жиынтығы.
  15. Рухани мәдениет – рухани өндірістің өрістерін, яғни идеяларды,  білім, дін, рухани құндылықтарды, философия,  өнер, адамгершілік те және т.б істе нәтижесін қамтиды.
  16. Элитарлы мәдениет  - қоғамның артықшылыққа ие болған бөлігі. Элитарлы мәдениет аса талғампаздығымен ерекшеленетін шағын аудитория бағытталған. Оның құрайды: кәсіби ақын жыраулар, суретшілер, композиторлар т.б өнер адамдары мен олардың шығармашылықтарын бағалайтын адамдар кіреді.
  17. Халық мәдениеті  - кәсіби дайындығы жоқ, белгісіз жасампаздар қолымен құрылады. Халық шығармаларының авторы белгісіз.  
  18. Бұқаралық мәдениет – мәдени құндылықтарды өндіру мен пайдаланудың ерекше формасына негізделген қоғамның қалың тобына тиесілі мәдениет.
  19. Субмәдениет – қоғамнан оқшауланған өзіндік өмір дағдысы бар, өмір сүріп жатқан мәдениеттен өзгеше мәдениет.
  20. Контрмәдениет- әлеуметтік құндылықтар, моральдық нормалар мен тұтынушылық қоғамның идеалдары, стандарттары мен жалпы мәдениет өлшемдеріне қарсы мәдениет.
  21. Мәдениеттің қоғамдағы орны  - қоғам ұғымындағы негізгі мәселе адам,  қоғамды адам құрайды. Сондықтан да адам және ұйымдасу нысаны қоғамның негізгі мәселесі.
  22. Адамды қалыптастыру қызметі – яғни қазіргі таңда жалпы қоғамда адамға ең қиыны адам болу, яғни мәдениет адамды қоршаған ортаға , оның өмір сүру інің табиғи немесе тарихи жағдайларына бейімделуіне көмектеседі.
  23. Жалғастық, мәдени мұрагерлік қызметі – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінін өзіндік ерекшелігіне қатысты.  
  24. Танымдық қызмет  - әлеуметтік тәжірибені беруге қатысты қалыптасты. Мәдениет алдыңғы ұрпақтардың жинақтаған сан ғасырлық әлеуметтік тәжірибесін, әлем туралы білімін жинақтап оны тереңірек тануға және игеруге мүмкіндік береді.
  25. Реттеу қызметі – адамдардың түрлі саладағы, қоғамдық  қызметтерін реттеуге бағытталған.
  26. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі – бұл қоғамдағы негізгі қызмет болып табылады. Бұл қызмет адамдардың бір біріне қарым қатынастарын қамтамасыз етуге бағытталған.
  27. Архаикалық мәдениет  - гректің “ескі", “ көне" деген мағына береді. Яғни бұл мәдениет ерте заманда пайда болғандықтан нақты ақпараттар шықпаған.
  28. Алғашқы қауымдық құрылыс 3 дәуірге бөлінеді.

Тас дәуірі  - тастан адамның негізгі қаруы мен құралы сол уақытта жасаған.

  1. Қола дәуірі  - адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. 
  2. Темір дәуірі  - адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік -экономикалық, саяси, демографиялықтехнологиялық  өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезең.
  3. Неолит – жаңа тас ғасыры және де « қыш құмыралар» дәуірі деп те аталады. Энолит -  адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір.
  4. Перигод кезі – (35 – 20 мың жыл) орта палеолиттен кейін  басталған, бұл дәуірдің басты ерекшелігі: шеттері өнделген шақпақ тас құралдар, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары және т.б . Бұл кезеңде салынған бейне кездеспейді, бірақ әсемдік заттар мен бояу түрлері кеңінен қолданылған. Кейін тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнесі кездесе бастайды.
  5. Ориньяк кезі – (30 – 19мың жыл) бұл дәуірде адамдар өздері мекендеген үңгірлерге саусақ іздерін қалдырып және оны бояумен айналдырып шеңбер етіп қоршаған таңба қалдырған.
  6. Солютре кезі – (18-15 мың жыл) бұл дәуірде адамдар кремнийді жоғары тәсілін игерген. Яғни, одан найза ұштарын, пышақ, қанжар сияқты өткір әрі қатты заттарды жасаған. Тағыда қырнағыш, түйреуіш, тескіш,  аса таяқпен түрлі мүсін жасаған.
  7. Мадлен кезі – (15- 8 мың жыл) бұл дәуірде адамдар табиғаттың қатал қыспағанда өмір сүрген. Олар үңгірлерді мекен еткен және мамонт,  Солтүстік бұғыларды азық ретінде пайдаланып одан қалған сүйектерді керек заттарға пайдаланған.
  8. Синкретизм- бұл дегеніміз бөлінбеушілік. Бұл алғашқы қауымға тән, олар табиғатты өздерімен бір тұтас жаратылған, жаны бір нарсе деп қабылданған. Адам өзін жануарлармен өсімдіктермен бөлінбес бірлікті қарастырды.
  9. Миф – мәдениеттің бір түрі грек тілінде «миф" сөзі «аңыз" , « ертегі» деген мағына береді. Миф дінмен тығыз байланысты.  Олар ертегі емес, өйткені жұрт оларға дінге сенгендей сенеді.
  10. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болған. Адамдап арасындағы қатынастарды, заттар мен идеяларды және әрекет жиынтығы деп есептеген.
  11. Дін мен мифтік айырмашылығы- мифте шынайы өмір мен қиял бір бірімен араласып жатса, дінде «бұл Дүние» мен «о Дүние» бір бірінен алшақ жатыр.
  12. Фешитизм- фетиш ретінде адам қиялын несімен болмасын таң қалдырған кез келген зат бола алады: ерекше формалы тас, ағаш кешегі, жануар тісі, зергерлік бұйымдар.
  13. Тотемизм- адамдардың қандай да бір тобы мен белгілқі бір жануарлардың немесе өсімдіктердің түрінің арасында ерекше байланыстың бар екеніне сенім болып табылады.
  14. Анимизм – (лат анима – жан ) – жан мен рухтардың бар екеніне деген сенім.
  15. Шаманизм – дінің негізгі қағидасы бойынша , дүние түгелімен рухтардан тұрады.  Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар.
  16. Магия- ( лат. Magiа гр.  – сиқыршылық) магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімінің күшеюімен тікелей байланысты.
  17. Шумер мәдениеті-  адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан,  дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениет аты аңызға айналған. Яғни, бұл мәдениет жетістіктері өте көп болды. Мысалы, тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсетті. Қалада патша сарайы, дін ордасы, шеберхана, мектеп ,базар және т.б сәулет өнерін тұрғызған. Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап тапқан осы шумерліктер болды.
  18. Ежелгі Египет мәдениеті – бұл мәдениеттің басты ерекшелігі адамдар ұзақ өмір сүргісі келді. Бұл табиғи қарсылық немесе мәңгілік өмір сүруге талпыныс деп айтуға болады. Бұл мәдениеттен бізге жеткен ол Египеттің көне жазу текстері. Олар – құдайларға құлшылық ету мен шаруашылық ты жүргізуге байланысты жазбалар.
  19. Хапи – Ніл өзенін билейтін құдай.
  20. Маат – шындық пен тәртіп құдайы.
  21. Фараон – Египет патшасы, жер бетінде құдай ретінде дәріптелген.
  22. Амон – Ежелгі Египет құдайы, Фивы қаласының қорғаушысы.
  23. Тот – Египеттіктердің ақыл құдайы.
  24.   Қара жер – Египеттің ежелгі атауы.
  25. Аид - өлілер құдайы.
  26.   Вишну — адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. 
  27. Бен-бен – Ежелгі Египеттіктердің тас құдайы.
  28. Иероглиф – бірнеше белгілер қосылған әріп түрі.
  29. Птах – Мемфис қаласының қорғаушысы, барлық тірі жанның әкесі.
  30. Гиза – Пирамидалар тұрғызылған жер.
  31. Эллада – Ежелгі гректердің атауы.
  32. Папирус –  ең көп тараған өсімдік түрі. Бұл өсімдіктен Ежелгі Египеттіктер қағаз жасап шығарған және кең тараған болатын.
  33. Үнді мәдениеті- б.з.б 2500 жыл шамасында Инд өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Ежелгі Үнді мәдениетінің өмір сүрген уақытты б.з.б  III мың б.з.б VI   ғасырды алып жатыр. Үнді мәдениетінің ерекшелігі: діни және философиялық ілімдердің байлығы мен алуан түрлілігінде; ғалам мен адам әлемі; ғажайып музыка мен би; махаббатқа ерекше мән беру.
  34. Хараппа өркениеті- қазіргі Үндістан мен Пәкістан аумағындағы ежелгі мәдениет. Б.з.б 3 мың жыл мен б.з.б 16 ғасыр аралығын құрайды.
  35. Маурья империясы- ( б.з б  V- III ғ.) Орасан зор аумақты жаулап алған, буддизмді бүкіл Үнді жеріне таратқан және император Ашок тұсында Маурья империясы гүлденген.
  36. Гупта империясы  - IV – VI ғасырларда Гупта әулеті нің бастауымен құрылған Үндістандағы мемлекет. Бұл кезең Үндістан тарихында ұлттық әдебиет, өнер, сәулет және философияның өркендеуіне «алтын ғасыр" ретінде қалған.
  37. Брахманизм – ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни – философиялық жүйе.
  38. Индуизм – б.з.б бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды.  Олар: қасиетті істер жолы; таным жолы; адалдық жолы.
  39. Буддизм- дүние жүзіне кең тараған негізгі 3 дінің бірі. Б.з.б V- VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған.  Буддизмнің негізін салушы Сиддхарга Гаутама. Буддизм- басқа ілім танымдарды бойына сіңірген және оның негізі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан,  жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі танда Буддизм дінің 1 млрдқа жуық адам ұстанады.
  40. Қытай мәдениеті- Конфуцийлік бағыт басты рөл атқарады.  Оның негізін салушы Конфуций б.з.б 551-479 жылдар аралығында өмір сүрген. Конфуцийде төрт принципті қатаң ұстанған: бос қиялға салынбау; «мен білемін» дегенмен аулақ болу; қасарыстық көрсетпеу; өзінің жеке басы жайлы ойламау.
  41. Ислам діні – VII ғасырдың алғашқы жартысында шығыс пен Батыс мәдениеті тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болған әлемдік діннің ең жасы. «Ислам" сөзі арапшадан аударғанда «бейбітшілік», «бағыну", «мойынсұну" деген мағына береді. Жаратушының жалғыз, дара деп қабылдауымен Ислам монотеистік дін болып саналады.
  42. Әл – Куба мешіті – ислам діннің тарихында ең алғашқы салынған мешіті. Алла елшісінің дәуірінде салынған мешіт әлі күнге дейін жамағат қабылдауда.
  43. Мұхаммед ибн Мұса әл Хорезми – адамзат тарихында бірінші рет нөлді сан қолданған Мухаммед ибн Мұса әл Хорезми болды. Ол бірден кейінгі сандарды да төмен қарай сандарды белгіледі. Мысалы,  жүздік,  мыңды және ондық тарды жүйелеп, бөліп жазуды көрсетті.
  44. Ибн Сина – медицинаға көп үлесін қосқан  Басты еңбегі «Китабуль Канун фит - тыбб" . Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурудың қоздырғышы туралы ғылыми болжам ұсынған, оба, тырысқақ , сары ауру , менингит, асқазан жарасын, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу әдістерін тапқан. XV ғасырда «Ереже" кітабын басып шығарды.
  45. Күн сағатын ойлап тапқан Жабир ибн Әфлаһ (орта ғасырда)
  46. Атом бомбасы жайлы алғаш түсінік берген Жабир ибн Хайян (721- 805)
  47. Автоматтық жүйені алғаш ойлап тапқан Жәзари (1136-1206)
  48. Зоологиялық энциклопедия кітабын жазған Мұхаммед ибн Мұса (1349-1405)
  49. Агрономия саласындағы тұңғыш еңбек жазған Ибн Аууам (XII ғ)
  50. Алғаш қағаз фабрикасын құрған Ибн Фазыл (739-805)
  51. Алгебрадағы «Бином" формуласын тапқан Омар Хайям.
  52. Жер шарының диаметрін алғаш өлшеген Мұхаммед ибн Мұса.
  53. Тригонометрияға тангенс, котангенс, синус және косинус заңдылықтарын қосқан Әбул Уәфа (940-998)
  54. Химия саласында Кантитаф тәсілін ашқан Әбул Қасым әл- Каши
  55. 1000 жыл бұрын майда тамырларды тауып , алғаш рет рак ауруына операция жасаған Әли ибн Аббас.
  56. Тариқты тауы – Араб әскерінің қолбасшысы Тарих деген адам болған. Пиренеи түбегімен Африканың арасын бөлетін Гибралттар бұғазы дәл осы Тариқтың атымен аталған. «Гибралттар" -Жаббал Тариқ «Тариқтың тауы» дегенді білдіреді.
  57. Кордова халифаты –  ислам діні мемлекеттік дін болып тұрған кезінде дамыған. Астанасы- Кордовада X ғасырда халық саны 500 000 мыңға жеткен. Сол кезеңде Кордовада 700 мешіт, 70 кітапхана болатын, ең үлкенінде 500 000 кітап жиналған. Қалада 900 монша және Халиф Аль Хакамның кезінде 27 оқу орны болды. Ол жерде тек таза шариғат,  фикһ білімнен басқа фәлсафа, физика, медицина, астрономия пәндерінен сабақ берілген.
  58. Аверроизм – Абу Уалид Мухаммад ибн Ахмад ибн Рушд атақты араб философы, Кордовада еңбек еткен. Батыс Еуропа да оны латын тілімен Аверрос деп атаған. Оның еңбектері европалық философтарға әсер етіп, «аввероизм" деген философиялық ұғым пайда болды.
  59. Ибн Туфайл- Кордовадан шыққан жазушы.  Оның шығармаларын қызықтап оқитын ағылшын жазушысы Даниель Дефо Ибн Туфайлдың «Якзан ұлы Хайе туралы әңгіме» деген кітабын оқып ,әсер алып , бүкіл әлемге танымал «Робинзон Крузоны" жазған.
  60. Аббас фин Фирнас- ұшақтың жобасын салып,  сол жобасын іске асырып, әлемге алғашқы ұшақты танытты.
  61. Ибн аш Шарт- әлемнің алғашқы картасын салған. Көне гректер басқа планеталар жерді айналып жүреді деп ойлады. Ал Ибн аш Шарт жер күнді айналып жүреді деп дәлелдермен.
  62. Ибн Йунус- маятникты ойлап шығарды, ал Галилеи соған сүйеніп төрт ғасырдан кейін сол маятникті жетілдірді.
  63. Кордова көпестері- Скандинавия мен Англияға, Иран мен Үндістанға, Египет пен Сирияға, Византиямен Иракқа дейін сауда жүргізген. Сауда басым бөлігі зергерлік тауарлар, маталар және киім кешектер болды.
  64. Мескита мешіті – Кордованың рухани сәулеттік құндылық бірі. Бұл мешітті Абд ар Рахман салғызды. Асылдың сынығы туған жерін сағынып , Дамасктегі мешітті көзіне елестетіп, соған ұқсас мешіті салдырды.
  65. Монғол мектебі- шығыс миниатюра мектебі. Үндістанды ұлы Моғолдар әулеті билеген кезде өркендеуіне. Моғол мектебі негізінен ежелгі Үнді кескіндемесі мен көне мұсылман бейнелеу өнерінен бастау алады. Сол кездегі шығарманың ең көрнектісі «Бабырнама" болды.
  66. Кутб Минар алып мұнарасы – XIII ғасырдың басына жатады. Ұлы Моғолдар кезенінде бой көтерген , күні бүгінге дейін Делидің ең назар аударарлық орны болып саналатын биік күнбез. Оның табан диаметрі 16 метр ; 1794 жылы биіктік 70 метр болған. Мұнара діншілдердің намазға шақыратын азаншыға арналып салынған әрі үнді дәстүрлерін есепке ала отырып, жеңіс құрметіне арналған.
  67. Көшпелілер немесе Көшпелі қоғам- Негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөріс көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік экономикалық,  саяси қауымдастығы және өркениеті.
  68. Ортағасырлвқ өркениет – көне заманда қазақ жеріне өмір сүрген тайпалар( сақ, ған, үйсін, сармат.т.б.) одан кейін орта ғасырдағы түркілер бүкіл Еурозиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы араласқан. Сол арқылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдап, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырған. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір бірімен араласуына жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған.
  69. Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар тақырыбы – ерлік тақырыбы басым болды, өз мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қайсарлығын жырлау ең өзекті мәселе болды.
  70. Зар заман термині алғаш 1927 жылы енгізілген.  Зар заман кезеніңде ғұмыр кешкен отарлық  езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң зарымен жырлаған. Жырлаған ақындардың белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қоңайұлы,  Мұрат Мөмкейұлы, Әбубәкір Кердері, Ауғанстан Асан және т.б
  71. Зар заман ақындары – XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан өлен аты. Шортанбай өлеңді барлық ақындардың күйін , сарынын бір арнаға тұтастырып жиынды өлең болғандықтан,  бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман ақындары» деген ат қойған.
  72. Қазақ ағартушыларының басты ерекшелігі- оның феодалдық құрылыстың дағдарысы нәтижесінде табиғи түрде пайда болу емес, өлкенің Ресейге қосылуының идеялық бейнесі ретінде пайда болуы.

...

Скачать:   txt (29 Kb)   pdf (144.8 Kb)   docx (156.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club