Берекелі алтын күз
Автор: zhansayazhan1998 • Март 26, 2019 • Реферат • 636 Слов (3 Страниц) • 901 Просмотры
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.
Педагогика факультеті.
[pic 1]
Тақырыбы: «Берекелі алтын күз»
(куратор сағаты)
Топ: ӘПжӨӨТ-301
Топ кураторы: Баймаханова Г.
Ақтөбе
Тақырыбы:Берекелі алтын күз!
Мақсаты:1Университетімізде өткізіліп жатқан«Берекелі алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.2.Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.3.Ұқыптылыққа, шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші(Жансая):Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, студенттер! «Берекелі алтын күз» атты кешімізге қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
Ата – аналар! Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Береке, бақ дарыған
Жомарт көңіл, жарқын жаз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз!
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдердің серіппелі күйін ашсын
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Біздерге бірлікпенен ортақтассын!
Студенттердің орындауында «Алтын күз» хоры.
Жүргізуші(Айнұр):Студенттер орындауында «Жапырақтар» биі.
Жүргізуші(Жансая): Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше.Қыркүйек, қазан, қараша айлары – күз айлары. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз – күзде егін, астық, көкөніс, жеміс – жидектер көп піседі.
...