Өткен тарихтан бір сыр
Автор: 12031979 • Ноябрь 1, 2023 • Доклад • 3,469 Слов (14 Страниц) • 167 Просмотры
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Катонқарағай ауданы бойынша біліңм бөлімінің
«Аршаты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Өткен тарихтан бір сыр»
Орындаған: 8-сынып оқушысы Дулат Ералы
Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі – Касенова С.Б.
Аршаты ауылы
2021 – 2022 оқу жылы
«Өткен тарихтан бір сыр»
Соңғы кездері туған ел, туған аймақ тарихы деген мәселелерге қызығушылық өте жоғары. Өйткені кез келген адам өзі мекен ететін жерінің тарихын, ондағы тұрғындардың айналысқан кәсібі мен тұрмыс- тіршілігі жайлы білгісі келетіні заңдылық. Ертеңгі ұрпаққа аулымыздың тарихынан біраз мағлұмат қалдыру мақсатында Аршаты ауылының өткен ғасырдағы тірлігі жайлы ауыл тұрғындарынан сұхбат алған едік. Жалпы кеңестік билік кезінде адамдарда көп таңдау, еркіндік бола қойған жоқ. Басты жұмыс көзі ауылшаруашылығы, ұжымшарлар болғандықтан, мектеп қабырғасынан шыққан түлектің көбі өз аулында совхозда мал бағуға қалып, ерте жастан еңбек жолын бастап кеткен. Отан алдындағы борышын үш жыл өтеп келгендірдің өзі үш-ақ күн демалатын да, егер оқуға тапсыруға бармаса, совхоз директоры қайда бар десе сонда кете беретін. Кейбірі бала кезден ата- әкелерімен бірге мал бағып өскендер өсе келе жеке мал алып соны бақты. Мойындарына жүктелген үлкен жауапкершілікті адал атқаруға бар күштерін салды. Сол күннің көзі саналатын ауылдастарымыздың барлығымен болмаса да, біразымен тілдесіп, өте құнды мәліметтер жинақтай алдық.
Бүгінгі кейіпкеріміздің бірі - Омаров Құмаржан Оралбайұлы 1957 жылы Аршаты ауылында көпбалалы отабсында тұңғышы болып дүниеге келген. Отбасында барлығы бала болды. 1973ж оқу аяқтаған соң 1975 әскер қатарына алынып, екі жылдық борышын 1977 өтеп келді. Армиядан кейін біраз почта тасыды, «скотимпортқа» мал айдады. Одан өзге Өскемен, Семей қалаларында түрлі іспен айналысып, ақыры туған ауылы Аршатыға қайтып оралады. Келісімен екі қолға бір күрек табылып, совхозда қойшы болып жұмысқа тұрады. Екі жыл болса да ауылдан 100 шақырым шалғайда, Үкөк, Мұқырда малшылық өмірдің талай ыстық- суығына төзген жігіттің бірі. Сол ағамыздың әңгімесінен:
- Аға өмір бойы осы ауылда тұрып келесіз, талай оқиға куәгерісіз. Оның ішіндегісі еңбек жолыңыз жайлы біраз айтып берсеңіз, қашан және қалай бастадыңыз?
- 1985ж қаладан ауылға келдім. Сол жылы аулымыздың тумасы Мұхтарға көмекші қойшы болып жұмысқа тұрдым. Жазда жайлау Аршаты аулынан 100 шақырым жердегі Үкөкте болды. Екі қойшы 10-20 күннен кезектесіп қой бағамыз. Жайлау малға өте жайлы болды, жазы салқын, шөбі әлде қайда шүйгін. Барлығы мың бастай қойды баға жүріп, қысқы мал азығын да дайындаймыз, тонна тапсырамыз совхозға. Табиғаты керемет, жазықты келеді, аласа төбешіктердің өзі шөккен түйенің өркешіндей, ал төбешіктердің ортасында шағын- шағын көлшіктер ерекше әдемі. Үкөк бүгінде өкінішке орай Ресейге өтіп кетті ғой. Әкем Омаров Оралбай сол жерде совхоздың бойдақ жылқысын, тайларды бақты. Кейіннен Шақабай деген жерде Кеңшілік, Қантайлармен қой бақтым. Сол кәсіппен 13 жыл айналыстым.
- Сол жайлауға қалай, немен жеттіңіздер?
- Ол күнде бүгінгідей саулап жатқан көлік жоқ. Заставаның машинасы жолушы алмайды. Совхозда бір ... машинасы болатын, соған ең керекті деген заттарымызды тиеп көшетінбіз. Ол да үнемі шықпайды, көбінде ат болды көлігіміз. Таулы, шалғай жайлау болғандықтан азық-түлік, малға тұз, отын жеткізу қиын болды. Үкөкте ағаш тапшы болды да, отынды ауылдан жеткізіп беретін совхоз, бірақ көбінде өзіміз қара бұта дайындап соны жағамыз.
- Жалақыларыңыз қанша көлемде болды? Сыйақы болды ма? Мал шығынын қалай өтедіңіздер?
...