Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлттық Бірегейлік

Автор:   •  Апрель 14, 2021  •  Лекция  •  285 Слов (2 Страниц)  •  928 Просмотры

Страница 1 из 2

Ұлттық Бірегейлік

Бірегейлік және ұлттық бірегейлік туралы ұғым. Ұлттық бірегейлік – адамның нақты бір ұлтқа, елге, мәдени кеңістікке қатыстылығы сезімімен байланысы бар адам бірегейлігін құраушы.Ұлттық бірегейлік азаматтылық немесе ұлт түсініктерімен ұқсас емес, алайда, бұл факторлар оған қатты әсер ететін факторлар болуы мүмкін. Ұлттық бірегейлік туа пайда болған қасиет болып табылмайды. Ол мәдениет, тарих, тілді белгілі бір адам топтарымен ортақтығын түйсінуден туындайды. Бұған адамның нақты бір мемлекетке қатыстылығы сезімі, оның мемлекеттік бірегейлікке, ұлттық идеяға және мемлекеттік рәміздерге бейілділігі қосылуы мүмкін. Ұлттық бірегейлікті сақтау-ұлттық жаңғыру.Ұлттық жаңғыру деген сөздің өзі үлттық сананың кемелденуін білдіреді.Оның екі қыры бар:

1.        Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

2.        Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып,оның бірқатар сипаттарын өзгерту.

 «Мәңгілік Ел» идеясын Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұсынды. «Мәңгілік Ел» идеясы өзінің рухани бастауын көне заманнан алады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қоғамның тарихи дамуының, ұлттық сана-сезімі дамуының нәтижелері болып табылады. «Мәңгілік Ел»барлық қазақстандықтардың бірегей тарихи міндеті. Идея біздің халқымыздың көпғасырлық армандарына ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында дамыған нақты нәтижелеріне де негізделеді.

Ұлттық бірегейлікті нығайту мен дамытудың өзекті мәселелері. Қазақстанда әлемдік қауымдастықта жоғары баға алған ұлтаралық келісімнің өз үлгісі қалыптасқан. Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи мекенінде әртүрлі мәдениетті, дінді және дәстүрлі болып келетін халықтар тағдырлары тоғысты. Нәтижесінде қазақтармен бірге түрлі этнос пен конфессия өкілдері бейбіт өмір сүрген бірегей жүйе қалыптасты. Сонымен бірге, түрлі этностардың бірге өмір сүруі қоғамда толеранттылықтың берік дәстүрлерін қалыптасты. 130-дан астам ұлт өкілдері бар Қазақстан үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың басты факторлары болып табылатын ұлтаралық келісім мен татулықтың дамуы аса маңызды. Қазақстанда тұратын халықтар арасында бейбітшілік пен келісімді нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқарады.

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (69.8 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club