Үндістан
Автор: Gulzat Kamysbek • Май 25, 2020 • Лекция • 6,276 Слов (26 Страниц) • 430 Просмотры
Тапсырма-7
Семинар жұмысы «Үндістан»
Жұмыстың мақсаты: студенттердің білімдерін жетілдіру
Семинар жұмысына берілетін тапсырмалар:
- Мағолдар империясы кезеңіндегі Үндістан.
Дели сұлтанаты құрылғаннан кейін Солтүстік Үндістанда жаңадан күшті мұсылман империясы құрыла бастады. Ал Оңтүстік Үндістанның теңіз жағалауындағы – Малабар, Гуджарат, Коромандель аудандарда, сонымен бірге Бенгалияда теңіз сауда жолдары дамып, Иран, Малая және Молук секілді араб елдеріне дәм-танымдар мен матаны экспортқа шығарып отырды. Сонымен XVII ғ. Солтүстік Үндістанда әмір Темірдің ұрпағы, Ферғананың бұрынғы билеушісі Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр (1525-1530 жж.) жаңа империяның негізін қалайды. Бастапқы кезде Бабыр ауған жерлерін басып алып Кабулға табан тіреді. Ал 1518 және 1524 жж. Бабыр Пенджабты басып алады, 1525 жылы қыркүйекте Үндістанға басып кіреді. 1526 жылы шілдеде атты әскермен Делидің билеушісі Ибрагим-шах Лодидің армиясын талқандайды. Көп ұзамай бүкіл Ганга жазығын өзіне бағындырды. Сөйтіп «Ұлы моғолдар» (Аспан адамдары) империясының негізін қалады.
ХVІІ ғасырдың ортасына қарай елдің ішінде өзара соғыстар жиі болып тұрды. Осы кезде Үндістанда бірнеше тәуелсіз мемлекеттер бар болатын. Олардың ішіндегі ең ірісі Моғолдар сұлтанаты. Оның құрамына Сотүстік Үндістан, қазіргі Ауғанстан және Орта Азияның бір бөлігі кірді. ХVІІІ ғасырда сұлтан Аурангзеб бүкіл Үндістан территориясын Моғолдар империясының құрамына біріктірді.
Елдің әкімшілік жағдайы. Әкімшілік жағынан мемлекет 21 облысқа бөлінді (кейбір мәліметтер бойынша 19). Әрбір облысты наменгер – субадар басқарды. Олардың өз әскерлері, бюрократтық аппараттар және жеке билік мекемелері болды. Жалғыз ғана қызмет олардың міндетіне кірмеді, ол салық жинау. Салық әкімшілігі орталықтан тағайындалды және орталық салық жинау басқармасына бағынды – дивани. Үндістандағы аудандардың кейбір бөлігі ұзақ жылдардан бері келе жатқан династиялық княздардың қолына қарады.
Сұлтанаттың астанасы Делиді көптеген жасақтар қорғады. Үндістандағы жаяу әскер үшін Ауғанстан мен Орта Азиядан аттар жеткізіліп тұрды. Халықтың басым көпшілігі Ганга өзенінің маңына орналасқан хиндилар болды. Үндістандағы негізгі әлеуметтік құрылыс ертеүнділік варнам және каста жүйесіндегі индуизм негізінде жүрді. Дәстүрлі үнді қоғамы төрт кастаға (варнға) бөлінді: брахмандар (абыздар), кшатрилер (билеушілер, әкімдер, әскерилер), вайшьтер (қоғамның еркін мүшелері, қолөнершілер мен саудагерлер), шудрлар (қауымның басы бос емес мүшелері, көбінесе малайлар мен құлдар). Осы немесе басқа кастаға жататындар адам дүниеге келісімен анықталып, өмір бойғы мәртебесін анықтап берді. Әрине, кейде бұл қатыгез жүйе бұзылып та тұрды. Мысалы, туылғанынан шудр болғандар, мемлекеттің немесе княздықтың басшысы болғаннан кейін кшатрилер мәртебесіне ие болады, раджпут-әскерлер де кшатрилер қызметін атқарады. Брахмандардың мұралық дәрежесі өз алдына бөлек іс. Одан айырылу өте қиын болды, егер брахман абыз болудан бас тартса, оның ұрпағы брахман мәртебесін қайта алу мүмкін болмады.
Орта және Жаңа заман кездеріндегі вайшьтер және шудрлар мәртебесі өзгерді. Ал отарлық басқыншылық кезеңінде олардың арасындағы ажырым да болмай қалды, мәселен вайшьтер кастасына қолөнершілер мен саудагерлер жатса, ал шудрларға – саудагерлер. Каста – томаға-тұйық адамдар тобы, олар әлеуметтік қызмет бойынша мұраға қалдырылған кәсіппен, мамандықпен айналысады. Кастада этникалық және діни қауым болғандықтан, мемлекетте династия және билеушілер өзгергенмен, бірақ варндар мен касталар өзгерген жоқ.
- Елдің экономикалық жағдайы.
Үнді экономикасының басты негізін ауылшаруашылығы құрады. ХVІІ ғ. ортасына қарай жер шаруашылығы жоғарғы қарқынмен дамыды. Шаруалар жылына екі-үш рет өнім жинады. Ауа-райы көбінесе күріш өсіруге қолайлы болды. Күріштің өнімін мол алуда шаруалар көбінесе жасанды жолды жақсы игерді. Шаруашылық өнімі Үндістанның әр ауданында әртүрлі: қандайда бір қолайлысы – Бенгалия, ал күрделісі – Махараштр болды.
...