Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үндістан

Автор:   •  Март 4, 2024  •  Лекция  •  4,626 Слов (19 Страниц)  •  41 Просмотры

Страница 1 из 19

ЛЕКЦИЯ                         ҮНДІСТАН

1. Үндістандағы ағылшын билігінің қалыптасуының алғышарттары және Британияның  жаулаушылық саясаты.

        Шығыс мемлекеттерінің  ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырлар тарихы отарлану мәселесімен байланысты. Бұл кезең Шығыста ірі сауда буржуазиясының мүддесін қорғайтын компаниялардың құрылуымен ерекшеленеді. ХҮІІ ғасырдың басында Ост – Индтік компаниясының аты Нидерландымен байланыстырылса, ХҮІІІ ғасырда олар отарлық биліктің тұтқасын мығым ұстай алмай, үстемдік пен отарлаудың жүгенін Англияға ұстатады.

        ХҮІ ғ. ортасынан бастап, Еуропада кәсіпкерліктің жаңа жүйесі – мануфактура пайда болып, ХҮІІ ғ. бұл үрдіс дами түсті. Мануфактура капитализмді нығайтып, кәсіпкерлерден одан бетер ауқымды және ұйымдасқан экспансияны талап етеді. Көпестер мен саудагерлер компанияларға біріге бастайды. Басты мақсаттары алтын мен бағалы заттарды сатып алу ғана емес, сондай – ақ отарлап бағындыратын, капиталдарын сыртқа шығаратын  елдерді іздеу еді. Бұғанға дейінгі ағылшындардың жаулап алған жерлері кең, одан түсетін пайда ауқымды болды. Жаулап алушылардың әрекеттері қиындап, жеке дара жерлерді иемдену немесе бағындыру мүмкінсіз жағдай болып қалды. Жаулап алу мен тонауды капиталистердің мықты ұйымы ғана жүргізе алатын болды. Капитализмнің дамуындағы жаңа кезең отарлық қанаудың тәсілдерін өзгертуді талап етті. Өйткені, Еуропадағы өндірістің жетістіктеріне қарамастан, ХҮІ ғ. аяғы мен ХҮІІғ. басында Еуроапалық державалардың өнімділігі қол еңбегіне тікелей тәуелді болды

        Үндістан ағылшындар мен француздардың үстемдік үшін талас аренасына айналған ринг есебінде қарас тырылатын мемлекеттің бірі десе де болады. Үндістанның жаулануындағы негізгі аймақ Бенгалия болып табылды. Масштабы жағынан Үндістан отарға айналған алғашқы және іс жүзінде жалғыз ірі мемлекет болды. Үндістанға тән әкімшілік –саяси байланыстың әлсіздігін пайдаланып, ағылшындар өте оңай, аса шығындарсыз, негізінен үнділердің өз қолымен билікті тартып алып, өз билігін орнатты. Енді жаулап алуышылардың алдында жаңа мәселе туындайды: ірі отарды қалай билеу керек? Алдынға жаулап алуышылардың алдында мүндай мәселе болмаған. Олардың барлығы, Ұлы Моғолдарға дейін ғасырлар бойы қалыптасқан және барлығына түсінікті жүйемен билеген болатын. Бірақ, ағылшындар түбегейлі жүйені қалыптастырды. Үндістанның Британияға қосылуы соғыстың немесе соғыстар тізбегінің нәтижесінен гөрі, бүкіл әлемде қалыптасқан экономикалық және әлеуметтік үрдістердің нәтижесі болса керек. Үндістанның жаулануы Англиядағы өнеркәсіп төңкерісіні жиілеткені рас. Үндістаннан әкелінген шикізат өңдеуді қажет етті. Өңдеу нәтижесінде Англияның өзінде бәсекелестік қарқынды дамып, өнәркәсіп басқа дәрежеге аяқ басты. Үндістанның отарлануы Англия үшін тек қана өнеркәсіптегі өзгерістер ғана әкелмей, сонымен қатар әлеуметтік жағынан да ағылшын қоғамына өз әсерін тигізген еді. Жаңа дворяндардың қалыптасуына, жаңа жер іздеушілердің қатарының көбеюіне де септігін тигізді.

        1600 жылдың ортасында Ост – Индтік команиялар сол кездегі бүкіл отаршыл державаларда пайда бола бастады. Еуропалық державаларда Ост – Индтік команиялар қатарлас дамыды. Мысалы: 1600 – 1858 жылдыры ағылшындық, 1602 – 1798 жылдары голландтық, 1664 – 1774 жылдары француздық компаниялар дамыған еді. Ірі саудагерлер мен өндірістік метрополияларды біріктірген бұл компаниялар, Шығыста жаулап алу саясатын жүргізуге, соғыс жүргізуге, жаңа жерлерді қосып алуға, бағынған халықты қанауға, өз колониалдық иеліктері арасында монополиялы сауда жүргізуге хақылы болды. Ост – Индтік компаниялар мануфактуралық өндіріс буржуазиясыының мүдделеріне тікелей қызмет етті.

        Ост – Индтік компаниялар колониялардан таурлар (бұрыш, гүл, дәнді – дақылдар т.б.) арзан бағамен алып, еропалық елдерде қымбат бағамен сататын болды. Ост – Индтік компаниялар өз акционерлеріне көптеген табыстар әкеліп отырды. Осылайша, 1600 жылы Лондонда ағылшындық Ост – Индтік, 30 мың фунт стирлинг капиталы бар  компанияның негізі қаланады. Оның акцинерлері мемлкет билеушілері мен ірі саудагерлер болды. Компания Малукк, Суловеси, Ява, Суматра, Үндістан, Сиамда сауда факторияларын құра бастады. Бірақ, 1618 жылы голландық Ост – Индтік компаниясының әскері Сиамдағы бірнеше шайқаста ағылшындарды талқандап, оларды Малуктан ығыстырады. 1623 жылы голландықтар ағылшындарға Амбон түбегінде шешуші соққы беріп, олардың Үндістандағы экспанциясын тоқтатқан еді.

...

Скачать:   txt (58.5 Kb)   pdf (158.8 Kb)   docx (25.2 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club