Александр Македоскидің Үндістанға жорығы
Автор: Nurai.serik • Ноябрь 8, 2023 • Реферат • 804 Слов (4 Страниц) • 172 Просмотры
[pic 1]
Александр Македоскидің Үндістанға жорығы.
Аннотация: Бұл мақалада Александр Македоскийдің Үндістанға жорығы. Александр Македонскиймен Пор патшаның жойқын шайқасы. Александр Македонскийдің ұрыстағы қулық жасау әдісі. Македон әскерлерінің зардап шегуі. Әскердің бүлік шығаруы. Александр Македоскийдің уәдесіне әскерлерінің наразылығы. Александрдың Вавилонға оралуы.
Кілт сөздер: Үндістан, патшалық, өштесу, жорық, шайқас, шығыс елдері, әскерлер, қолбасшы, бұйрық, тайпа.
Аннотация: В этой статье рассказывается о поход Александра Македонского в Индию. Разрушительная битва царя Пор с Александром Македонским. Метод Александра Македонского в бою. Поражение македонских войск. Восстание Армии. Протест против обещания Александра Македонского. Возвращение Александра в Вавилон.
Ключевые слова: Индия, королевство, реванш, поход, битва, страны Востока, войска, командующий, командование, племя.
Abstract: In this article, Alexander The Great's campaign to India. The devastating Battle of King Por with Alexander The Great. The cunning method of Alexander The Great in battle. The suffering of Macedonian troops. Rebellion of the army. Dissatisfaction of his troops with the promise of Alexander Macedonski. Alexander's return to Babylon.
Key words: India, kingdom, revenge, campaign, battle, eastern countries, troops, commander, command, order, tribe.
Кіріспе: Александр Македонский б.д.д. 356 ж. б.д.д. 323 ж. өмір сүрген. Аргеадтар әулетінен шыққан б.д.д. 336 ж. бастап Ежелгі Македонияның патшасы, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі болған. Ол Үндістанға жорық жасар алдында, Үндістанды жаулап, аңыздардағы айтылған байлыққа иеленемін деп ойлаған. Сондайақ ол өзін әлем қожайынымын деп есептеген. Александр Македонский Үндістанды жаулауда соңына дейі барам деп ойлаған, бірақ Үндістандағы табиғат жағдайының қолайсыздығынан әскерлердің зардап шегуіне байланысты кері шегінуге мәжбүр болды.
Мазмұны:
- А. Македонскийдің Үндістанға жорыққа шығуы.
- А. Македонскиймен Пор патшаның жойқын шайқасы.
- А. Македонскийдің жеңіске жетуі.
- Македондық әскерлердің қиыншылықты бастан кешіруі.
- Македондық әскерлердің бүлік шығаруы.
- А. Македонскийдің әскерлерімен бірге кері шегінуі.
Парсы монархиясының ең шеткі шығыс сатрапиясы Индия тайпалары тұратын Паропамис еді. Инд өзенінің арғы бетінен бастап бір-бірімен өлгенше өштескен Индия патшаларының иеліктері нағыз Индияның өз жері басталатын еді. Александр бұл өштесуді пайдаланды да Индияға жорыққа шықты. Б.д.д. 327 жылы осылайша А. Македонский Ахеменидтер державасын шығып, Үндістанға жорыққа шықты. Үндістан туралы оның және оның серіктерінің негізінен фантастикалық мәліметтері болды. Оның мөлшері туралы да, оны басып алудағы қиындықтар туралы да, одан да шығыста жатқан елдер туралы нақты түсініктері болған жоқ. Б.д.д. IV ғасырдағы гректер Қытайдың бар екенін тіпті болжаған жоқ. Б.д.д. 327 ж. көктемде жергілікті халықтармен толықтырылған Македония армиясы Индия дүниесіне, Инд өзенінің саласы Гидаспа бойындағы Пор деген патшаның иелігіне кірді. Александр Порға елші жіберіп, оның Македония патшасына бағынғандығын мойындап, алдына келуін білдірді. Пор бұл талапты қарсы алмады. Бұдан кейін Македония армиясы патшанын, өзі және оның қолбасшылары — Птолемейдің, Селевкінің, Лисимахтың, Пердикканның, Гефестионның және басқаларының бастауымен Гидаспаға қарай аттанды. Александр өз отрядтарымен тез және байқалмай Пораға Гидаспты мәжбүрлеп, сол жақ майданнан Үнді әскерлеріне соққы берді. Оның алғашқы шабуылы Ұлы Пораның басшылығымен үндістердің атты әскерлері мен арбаларына түсті. Оның атты әскерінің көмегімен македониялық Александр оларды жеңді. Пор бұл туралы біліп, армияның көп бөлігін жауға қарсы әкелді. Гректердің қалған Күштері осы мүмкіндікті пайдаланып, Гидасп арқылы өтуді бастады. Олар үндістерге артқы жағынан шабуыл жасады, ал олар екі жағынан жабылды. Майдан алдында соғыс пілдерін пайдаланды. Гидаспа шайқасында гректер алғаш рет ежелгі әлемнің "танктері" деп атауға болатын осы қуатты жануарларды алғаш көрді. Гректердің жылқылары пілдерден қорықты, сондықтан оларға жаяу әскер отрядтары шабуыл жасады. Шабуыл сәтті болды, жүргізушілері өлтірілген пілдер басқарылмай қалды, басқалары жараланып, өз жауынгерлерін ашуланып таптады. Ақырында жау толығымен жеңіліске ұшырады. Қатты ұрыс үстінде Пор талқандалып, көп адамдарынан, пілдерінен және соғыс құралдарынан айрылды. Бұл ұрыста македониялықтар 70 мың адамды қолға түсірді деген аңыз бар. Александрдың әскері одан әрі шығысқа қарай жылжып, терең өзендерден өтіп, жабайы тропикалық джунглиге жол ашты және үнемі жергілікті тайпалардың шабуылына ұшырады. Алайда Үндістан ойлағаннанда үлкен болып шықты. Үндістанның ең қуатты мемлекеттері әлі алда деген қауөсеттер тарап бастады. Александрдың өзі мұның бәрін тоқтата алмады, бірақ армия қазірдің өзінде әбден шаршады. Тропикалық жаңбырлардың маусымы басталды, өзендер тасыды, оның үстіне армияның жүретін жолы улы жыландарға толы еді, әскерлер ішінде жұқпалы аурулар таралды. Армия ыдырай бастады, оның саны өте азайып кетті. Әскерлер ішінде ауру, жаралы адамдардың және мүгедектердің саны көбейіп кетті. Әскерлердің не мылтықтары, не киімдері болмады, киімдері жалба-жұлба, жалаңаяққа айналды, ал ең қиыны, тыйтығы жетіп шаршады. Табиғат құбылысы мен армия халінің орасан қиыншылықтарына байланысты, Индияның түпкіріне қарай жылжый беруге, тіпті мүмкін болмай қалды. Ақырында әскер бүлік шығарып, Ганга алқабының алдындағы Гефасис өзенінен өтіп, жорықты жалғастырудан бас тартты. Бірақ Александр жорықты соза беру керектігін солдаттарға түсіндіруге барлық күшін салды, дүние жүзін түгел бағындырып болғаннан кейін қайтадан Македонияға алып келемін деп уәде берді. Александр қандай уәде берсе де әскерлер келіспеді. Б.д.д. 326 жылы бірнеше күн көндіргеннен кейін қолбасшы кері сапарға шығуға бұйрық берді. Соңғы тұрақ орнында Александр "алыптар лагерінен" кетуді бұйырды. Ол әскерді екіге бөлді бір бөлігін кемемен қайтты, ал екінші бөлігі Александр Македонскиймен құрлықпен қайтты. Қайтар жолда Мусикан, Портикан және басқа раджалар патшалығын жаулап алып. Осы тайпалармен соғыста ауыр жарақат алды. Олар Гедросия шөлінен өтіп, Александр Македонский Вавилонға оралды.
...