Қаңтар көтерілісі жайлы өз көзқарасым
Автор: zarinka003 • Март 11, 2022 • Эссе • 422 Слов (2 Страниц) • 287 Просмотры
Қаңтар көтерілісі жайлы өз көзқарасым
жылдары менің әкем саясатқа қатты беріліп кетті.Телефонынан ылғи көретіні сол үкіметке қарсы адамдардың айтатын сөздері,елдегі болып жатқан проблемалар. Оның және ютуб желісінен көретін адамдарының айтуы бойынша үкімет басындағы адамдар үнемі халықтың ақшасын жейді екен. Мұнайды басқа елдерге арзанға сатып,өзімізге қымбатқа сатады,жерімізді басқа алпауыт елдерге арендаға беріп жатыр екен. Жалпы,толған проблема.Мынау жоғарыда айтылғандар әкемнің үстел басында айтатын әңгімесі. Анам ылғи да саясат-лас тірлік деп айтып отырады. Менің саясатта шаруам жоқ. Ия,азық түлік,киім бәрі қымбат. Бәлкім менің саясатқа араласпауымның себебі әлі отбасымның жоқтығы мен әлі өзім ақша таппағандығымның әсері шығар. Алайда саясат шынында да негативке толы тақырып.
Сонымен әңгіменің төркініне көшсек. Жексенбі,қаңтардың 4-і,сағат 9 дар шамасы... Бәріміз отбасымызбен кешкі ас ішіп отырмыз.Әкем мен көтеріліске кеттім деп атып тұрса бола ма. Мен әншейін ойнап айтқан шығар деп ойласам,ол шынымен де аяқ киімін киіп кетіп бара жатыр. Бұл күні бейбіт түрде көтеріліс болды. Бейбіт түрде болғанын қайтейін,Видеороликтерде адамдар 1-2 машинаны аударып кеткен,адамдар неге шыққандарын өздері білмейді,әйтеуір машиналарынан бақыртып Адай күйін қосып қойған. Адам деген көтеріліске шыққан соң нақты талаптар қоя білу керек қой. Адамдардың үніне құлақ түріп қарасаң ,айтқан сөздері тек-Шал кет,Шал кет.
Интернет желісін сол түнде өшіріп тастады.
Келесі күні дүйсенбі 5-і. Маған химия пәнінен сессия,Азанымен универде болдық, группаластардың арасында кешегі көтеріліс жайлы қызу талқылау болып жатты. Кешке тағы көтеріліс. Бұл жолы кешегідей емес, Тарс –тұрс бомба жарылғандай дауыстар естілді. Айтпақшы менің үйім дәл сол көтеріліс болып жатқан әкімшіліктің жанында орналасқан.Бірақ әкімшілік еш көрінбейді,тек сол дауыстар арқылы не болып жатқанын жорамалдаймыз.Оның үстіне интернет желісі де жоқ. Сол дабырлаған дауыстар түнгі 1-2 лерге дейін жалғасты. Сол түні не болғанын ертесіне тек теледидар арқылы ғана білдік. Алматыда болған жағдайларды көргенде одан сайын бойымды қорқыныш билей бастады,бұл сұмдық жағдай енді аяқталмайтындай көрінді.Алматыдағы сауда орындарының тоналуы,әкімшілік,жаңалық тарататын студиялар мен телеарналардың өртенуі, әскери қызметкерлердің жаралануы, жалпы қалада болып жатқан хаос, мені қатты таң қалдырды. Мен көзімді ашқалы,ес білгелі тек бейбіт елде өмір сүрген соң ба,білмедім. Әкем үнемі –Бәрі тек сол диванда жатып қана елдің проблемаларын айтып отырады,көтеріліске шығу керек – деп ашуланып, өзінің назын білдіріп отыратын. Міне сол қанша жыл күткен көтеріліс,онсызда жағдайы мәз емес елді одан сайын шығынға батырды.
...