Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Автор: Bisenbayev -_- • Ноябрь 11, 2021 • Контрольная работа • 22,022 Слов (89 Страниц) • 1,476 Просмотры
[pic 1] | ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ | Күні: 09.2018 | Издание: 2 |
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ | ШТІКУ-ФР-096 | Бет Барлық бет саны 7 |
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
№ апта | Дәріс тақырыбы және тезистер | Сағат көлемі |
№ 1 дәріс | «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәніне жалпы сипаттама.
Дәрістің қысқаша мазмұны: «Тарих» араб тілінен енген сөз, өткен күндер туралы әңгіме дегенді білдіреді. Ең алдымен жазылып қойылған мәтінде, білгенді, зерттегенді және өткеннің өзін айқындап, баяндап беру деген мағынаны білдіреді. Тарих дегеніміз – жекелеген тұлғалардың, халықтардың, түрлі әлеуметтік топтардың, барлық адамзаттың нақтылы және көп қырлы іс – әрекеттерінің, үдерістер мен оқиғалардың жиынтығы. «Қазіргі Қазақстан тарихы» пәні ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі ауқымды тарихи кезеңді қамтиды. 1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстан тарихы – бұл рухани дамудың, күрес пен табандылықтың және жасампаздықтың жылнамасы. Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізу Қазақстанның сан ғасырлық тарихының дәуірлік оқиғасы болды. Сондықтан ғасырлар тоғысындағы, ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басындағы егемен Қазақстан тарихы – бұл тәуелсіздік алған және жаңа мемлекетті құрған республика азаматтары жетістіктерінің заманауи жылнамасы. Тарихи қисынға және тарихи оқиғалардың мәнділігіне қарай «Қазіргі Қазақстан тарихы» курысының құрылымы екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлім – «Тәуелсіздіктің тарихи – өркениеттік негіздері» – проблемалық – шолумен баяндалған және сол дәуірдің тәуелсіздік жетістіктеріне жол салған тарихи оқиғаларын қысқаша әрі қорта отырып сипаттайды. Екінші бөлім – «Тәуелсіз Қазақстан» – тақырыптық қағидаға сай егемен Қазақстан тарихын тәуелсіздік қарсаңынан бастап түрлі қырынан ашады. Тәуелсіз Қазақстан тарихы – бұл отандық тарихтың заңды жалғасы және маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан шынайы тәуелсіздік жолына түскеніне 25 жыл толды. «Қазіргі Қазақстан тарихын» оқыту студенттер бойында патриоттық пен азаматтық позицияны (көзқарасты) қалыптастыруға, Қазақстанның сан ғасырлық тарихы бойынша терең ғылыми білімдерді бекітуге ықпал етуші фатор (дәлел) болуы тиіс. Әсіресе Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, қоғамның саяси экономикалық және әлеуметтік салаларындағы реформалар үдерісі, ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктері өскелең ұрпақ санасына құйылуы тиіс. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні мәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық - методологиялық тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылққа алынды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сиаптын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқытудың рөлі мен мәнін төмендегідей кешенді міндеттермен байланыстыра қарастырды:
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні ол: А) Дүниежүзі тарихы В) Орта Азия тарихы С) Отан тарихы D) Еуразия тарихы 2. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін жоғары оқу орындарында оқып-үйрену қалыптастырады: А) отансүйгіштікті В) азаматтық ұстанымды С) терең тарихи білімді D)Барлық жауабы дұрыс 3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы мына кезеңді қамтиды: А) VIII-XII ғасырлар аралығы В) XV-XVII ғғ. аралығы С) XVIII-XIX ғ. аяғы D) XX ғ. басы мен XXI ғасырдың басы 4. 1928 жылы «Қырғыз-қазақ халқының тарихына байланысты материалдар» кітабының авторы: А) С.Асфендияров В) М.Вяткин С) М.Тынышбаев D) А.М.Панкратова 5. Ұлтшылдықпен айыпталған қазақ тарихшысы Е.Бекмахановтың еңбегі: А) Қырғыз-қазақ халқының тарихына байланысты материалдар В) Түркі-монғол тарихы С) ХІХ ғ. 20-40 жж. Қазақстан D) Қазақ ССР тарихы Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес) 1. Қазақстанның дүниежүзілік тарихтың бір бөлшегі ретіндегі тарихы, оның әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен байланысы. 2. «Қазіргі Қазақстан тарихы» курсының зерттейтін саласы және міндеттері. 3. Қазіргі Қазақстан тарихы бойынша дереккөздер. 4. Отан тарихын зерттеп, білу саласындағы мемлекеттік саясат. 5. Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі. | 2 |
№ 2 Дәріс | Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Әлеуметтік-жағдай XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды: Түркістан генерал-губернаторлығы (Орталығы – Ташкент): 1)Сырдария облысы 2) Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығы(Орталығы - Омбы): 1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі. Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті. Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті. Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%). XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған. Қала халқының көбеюі жолдары: Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді. Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы 1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады. Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегіреформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды. Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды. Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын. 1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті. XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті. Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды. Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді. XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды. Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді. Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. Сырдария облысындағы орыс шаруаларының ең көп тұрақтанған уездері: A) Қазалы, Перовскі B)Верный, Әулиеата C) Әулиета, Шымкент D) Черняев, Верный E) Аягөз, Павлодар 2. П.П.Румянцевтің экспедициясы зерттеу жүргізді: A)Семей облысында B) Ақмола облысында C) Верный облысында D) Торғай облысында E) Жетісу облысында 3. Орыс шаруаларының кері оралу мүмкіндігін шектеген заң A) «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Уақытша Ереже B) «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларға өзгертулер мен толықтырулар туралы» + C) «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныстануы туралы» D) «Жерге орналастыру туралы» E)1867 жылғы «Сырдария, Жетісу облыстарын басқару туралы Уақытша Ереже 4. 1897 жылғы санақ бойынша Ақмола облысындағы қазақтардың көшпелі болғандары: A) 67,8% B)80% C) 89% D) 50% E)72 % 1905 жылы 17 қазандағы патша Манифестін қазақ тіліне аударып таратқан: A) Орынбордағы қазақ зиялылары B) Семейдегі қазақ зиялылары C) Омбыдағы қазақ зиялалылары D) Верныйдағы қазақ зиялылары E) Ташкенттегі қазақ қиялылары Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
| 2 |
№ 3 дәріс | Азаматтық – саяси қайшылықтар.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ауылшаруашылығы I дүниежүзілік соғыс пен Уақытша үкімет саясатының нәтижесінде құлдырады. Соғыс жылдарында мал басының саны азайып кетті, Мысалы, 1915-1918 жылдар аралығында бүкіл Түркістан өлкесінде мал саны 11 млн басқа қысқарды. Уақытша үкімет қазақ халқынан көп мөлшерде ет – май және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін тартып алып тұрды. Қазақстанның дерлік барлық аймағында дәндік – дақылдар егісі едәуір қысқарып кетті. Десятинадан жиналған астық жылдан – жылға төмендеп кетті, ал 1917 жылы егін шықпай қалды. Бүкіл Қазақстанда ашаршылық өзінің қаһарын тигізді, Петропавлда, Павлодарда, Жаркентте «аштық бүліктері» басталды. Нанның бағасы қатты шарықтады, басты қажеттілікке жарамды өнеркәсіп тауарлары да өте қымбаттады, рубль бағамы түсті, инфляция жайлап алды. Революция алдындағы жағдай айтарлықтай деңгейде Ресей империясының шет тұстарында да наразылықтардың артуымен шиеленісіп жатты, оның ішінде Қазақстанда Уақытша үкіметтің демократиялық реформа жүргізе алмауына және ұлттың өзін – өзі шынайы билеуін жүзеге асыруға қабілетсіздігіне наразылықтар туындады. Қазан революциясы бірнеше негізгі факторлардың өзара әрекеті нәтижесінде орнады:
Қазан революциясы немесе большевиктердің басшысы В.И. Лениннің сипаттауынша «Қазан төңкерісі» 1917ж. қазанның 24- інен 25-іне қараған түні басталды. Революциялық күштердің барлығы ескі әлемге қарсы шықты. Қызыл гвардия отриядтарынан, революциялық гарнизоннан, Балтика матростарынан шамамен 200 мыңдай адам жиналды. 25 қазанда таңға жуық астананың барлық стратегиялық орталықтары – Нева көпірлері, орталық телефон станциясы, телеграф, электростанциялар, вокзалдар, банктер және т.б. көтерілісшілердің қолында болды. Таңертең 25 қазанда (7 қарашада) Петроград кеңесінің әскери – революциялық комитетінің жиналысында В.И. Ленин үндеу жолдады, онда Уақытша үкіметтің құлатылғаны, мемлекеттікбиліктің жұмысшы, солдат және шаруа кеңестеріне көшетіні туралы жариялады. Кеңес үкіметі тегін білім алу мен медициналық қызметті, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, жұмысшылар мен қызметкерлерді сақтандыру туралы декрет шығарды; әлеуметтік топтар, шендер және атақтар жойылып, «Ресей Республикасының азаматтары» деген ортақ атау бекітілді. Ұждан бостандығы жарияланды; шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден бөлініп шықты. Әйелдер қоғамдық өмірдің барлық саласы бойынша ер азаматтармен тең құқыққа ие болды. Қазан төңкерісі кейінгі қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеметтік және рухани саласын түбегейлі қайта құруға, тарихтағы жаңа бағытқа алып келді. Бұл қоғам өміріндегі келесі өзгерістер арқылы көрініс тапты:
Қазан төңкерісі және Кеңес үкіметінің алғашқы мемлекеттік актілері Қазақстанның саяси өміріне орасан зор ықпал еткенін төменнен көруге болады:
Билікке Уақытша үкімет келген уақытқа қарай Түркістан интеллигенциясы ортасында өлкенің болашақ құрылысына қатысты екі жол айқындалды. Біріншісіне сәйкес, Түркістан ажырамас біртұтас, дербес, құрамы бірнеше автономдық аймақтан тұратын мемлекет болуы қажет еді. Түркістан үкіметі басты міндеті ретінде өзінің өлшенген, саналы саясатының көмегімен өлкенің түркі халықтарын біріктіруді және біртұтас полиэтникалық мемлекет құруды санады. Бұл идея Мұстафа Шоқай мен оның пікірлестерінікі еді. Сонымен қатар олар осы өлкеде тұрып жатқан бүкіл түркі халқы біріккен жағдайда ғана Түркістан өзінің жоғалтып алған мемлекеттігін қалпына келтіре алады және оны сыртқы қатерден қорғай алады деді. Қоқанда 1917ж. 26-29 қарашада өткен IV Төтенше өлкелік мұсылман съезі Түркістан (Қоқан) автономиясы – Мухтариаттың (автономия) құрылуын жариялады. Съезге Түркістанның 200 – ден астам мұсылман тұрғындары қатысты. Саяси билік съездің шешімі бойынша құрамында 54 адаммен Уақытша кеңестің қолына тапсырылды, олардың 11 – і Жетісу және Сырдария облыстарының өкілдері еді. Қоқан автономиясы өлкедегі қалалар мен ауылдарда өткен мыңдаған митингілер мен ереуілдер арқылы қолдау тапты. 13 желтоқсанда осындай бейбіт демонстрациялардың бірі Ташкентте Қоқан автономиясына қолдау көрсету үшін өтті. Автономды Түркістанның Уақытша үкіметінің төрағасы болып М.Тынышбаев сайланды. Премьер ретіндегі қызметтің қысқа тәжірибесі М.Тынышбаевты үкімет басшысы лауазымында отыруы орынсыз деп сендірді. Берік база болмады; автономияны жақтаушылар арасында келіспеушіліктер басталды. М.Тынышбаевтың Түркістан автономиясының басшысы лауазымынан бас тартуының маңызды себебінің бірі – Мухтариатқа бас биліктің қысым жасауы. М. Шоқай М.Тынышбаев қызметтен кеткеннен кейін, қысқа уақыт билігі Қоқан мен уезд шамасымен ғана шектелетін үкіметті басқарды. Кеңес үкіметі Түркістан (Қоқан) автономиясының Уақытша үкіметіне талап қойды, оған Мустафа Шоқай бас тартып әрі кеңестердің билігін мойындаудан да бас тартатынын білдірді. Өзін – өзі жария еткен Түркістан автономиясын жою үшін Мәскеуден Түркістанға 11 эшелон әскер мен артиллерия келді. 1918 ж. 6 қаңтарда Қоқан автономиясын жақтаушылардың шағын отрядына әскери шабуылдар басталды. Мұсылман халқының больщевиктерімен ұрысы үш күнге созылды. Қырылған тұрғындардың нақты саны белгісіз, бірақ өте көп адам шығыны болды. Қала қиратылып, отқа оранды. Өз әскері болмаған Қоқан автономиясы больщевиктердің өздерінен басым күшіне қарсы тұра алмады және 64 күн өмір сүріп, 1918 жылғы 13 ақпанда талқандалды. Бұл талқандау Ресейдің Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметіне жылы шыраймен қарауының орнына, шындығында, көптеген онжылдықтарда жергілікті халықтың орыс революциясына, орталық және жергілікті Кеңес билігіне сенімін жойды. Кеңес тарихнамасы Кеңес билігінің Түркістанда орнатылуының тарихын бұрмалап ұсынды: Қоқанда жарияланған автономия, саналы түрде буржузиялық – ұлтшылдық, пантүркілік мемлекеттік құрлыс мақсаты Қоқан хандығын қалпына келтіру болып табылатындай қабылдады. Түркістанда Кеңес үкіметінің орнауына қарсы болған және басмашы ретінде танымал ұлт – азаттық қозғалыс әдейі қасақана бандитизм мен қарақшылыққа теңестірілді. Түркістан (Қоқан) автономиясының талқандалуы және Мустафа Шоқайдың мәжбүрлі түрде басқа елге қоныс аударуы, негізінде, «Алаш» партиясының оңтүстік қанатының ыдырауына алып келді. Ал Жетісудың алаштық ұйымына келер болсақ, оның белсенділері Ибрагим Жайнақов, Отыншы Әлжанов, Төлебай Дүйсебаев және басқалары Кеңес билігін аймақта орнату кезінде Қытай жаққа өтіп кетті.
Ежелден қазақтың жері болып саналатын Сырдария мен Жетісу облыстары 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР – дың құрамына енгізілмей, Түркістан құрамында қалды. Сырдария мен Жетісу облыстарын Қазақ АКСР – дың құрамына енгізу туралы мәселе сол кезде үлкен проблемалардың біріне айналды. Сонымен қатар Батыс Сібір құрамында болған Ақмола, Семей облыстарын Қазақ АКСР – дың құрамына қосу қиынға соққан болатын. Қазақ АКСР құрамында 31 қала мен 14 қала типтес поселке болды, елді мекендердің жалпы саны 10 мыңнан артық еді, олардың 1000 – нан астамы – әкімшілік ауылдар, әрқайсысында орта есеппен 3-15 шаруашылық кірді. Қазақ АКСР – дың жаңа үкіметінің алғашқы міндеттерінің бірі Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру болды. Ұлттық – терреториялық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР – дың бұрынғы Жеісу және Сырдария облыстарының көптеген жерлері Қазақ АКСР – дың қарамағына қарайтын болды. Республиканың болашақ астанасы ретінде Ақтөбе, Ақмола, Шымкент,Әулиеата, Ақмешіт (Қызылорда) қалалары ұсынылды. Сөйтіп, 1925жылғы 9 ақпанда астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Бұл қаланы таңдауының себебі: біріншіден, Ақмешіт қазақ даласының ортасында орналасқан, екіншіден, Ташкент теміржолы Ақмешітті елдің барлық өлкелерімен байланыстырады, оның үстіне Ақмешіт Сырдарияның жағасында тұр. 1925 жылғы 15-19 сәуір күндері өткен Қазақстан кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалық билік тұсында бұрмаланып, «киргиз» атауын өзгертіп, оның тарихи шын атын «қазақ» деген атауды қалпына келтірді. Қырғыз АКСР – ын Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республика деп қайта атады. Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. Мұсылмандардың жалпы ІІІ сьезі өтті: A)1905 жылы тамызда Нижний Новгородта B)1917 жылы мамырда Мәскеуде C) 1906 жылы 16-21 тамызда Нижний Новгордта D) 1917 жылы шілдеде Орынборда E) 1917 жылы 14 наурызда Ташкентте 2. 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік Мұсылман сьезіне қатысқан қазақ қызы: A)Н.Құлжанова B)М.Низова C) А.Досжанова D) Г.Асфендиярова E) А. Досболова 3. Омбы мұғалімдер семинариясын тәмамдады: A) Б. Қаратаев, С. Жантөрин B) С.Лапин, Е.Қасымұлы C)А.Байтұрсынов, А.Кенжеұлы D) М.Жұмабаев, С.Сейфуллин E) Ж.Аймауытов, М.Әуезов 4.Бірінші мемлекеттік Думаға С.Жантөрин сайланды: A)Орал облысынан B)Уфа губерниясынан C) Орынбор губерниясынан D) Саратов губерниясынан E) Ақмола облысынан 5. «Үш жүз» саяси партиясындағы қазақ зиялылары: A) Ш.Әлжанов, Н.Құлжанов, Б. Қаратаев, С. Жантөрин B) М.Әйтпенов, К.Төгісов, Ш.Әлжанов, Н.Құлжанов C) Ә. Бөкейханов, Б. Қаратаев, С. Жантөрин, М.Шомбалұлы E) Ә.Бөкейханов, М.Айтпенов, М.Шомбалұлы, Е.Итбаев D) Ж.Аймауытов, М.Әуезов, К.Төгісов, Ш.Әлжанов E) А.Кенжеұлы, Н.Құлжанов, Ә. Бөкейханов, Б. Қаратаев Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
| 2 |
№ 4 дәріс | Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1925 жылы желтоқсанда партияның ХIV съезі өтіп, модернизациялау бағдарламасын әзірлеудің бастапқы нүктесін айқындап берді. Индустрияландыруға алынған бағыттың басты мәні:
Социалистік ндустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен, ауыр индустрияны, бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруға бағытталды. Аталған мерзімде КСРО – дағы индустрияландыруды жүзеге асырудың өзіндік қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай елдегі бұған дейін орын алған революциялар мен азамат соғысының зардаптары жойылып, халық шаруашылығын қалпына келтіру біршама аяқталды және кеңестік экономика соғысқа дейінгі көрсеткішіне жетіп үлгерді. Соған орай елдегі өнеркәсіптік өндірісті дамытуды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау және олардан жаңа заманға лайық кәсіпорындарды құру қажеттілігі туды. Екіншіден, елдің экономикалық жағдайын тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті қарастырылды. Халық шаруашылығы бұрынғыша аграрлы, шаруашылық даму сатысында болды. Халық көп шоғырланған елі мекендер мен қалаларда жұмыссыздық өсіп, әлеуметтік шиеленіс күшейді. Бұл үдерістер индустрияландыру саясатын жеделдету қажеттілігін нақтылап берді. Қазақ өлкесіндегі индустрияландыру үдерісінің басқару жүйесі әміршіл – әкімшілік басқару жүйесі әдісінің енгізілуімен байланысты жүрді. 1925 – 1933 жылдар арасында өлке билігін қолына алған Ф.И.Голощекин капиталистік емес даму жағдайындағы социолизмнің теоретигі рөлін атқаруға тырысып бақты және Сталиннің қатал бағытын жақтап, аймақтық көсемшілдік идеясын ұсынды. 1926 ж. 27 – 30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зеттелмеген аймақтардағы қазба балықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР – дың Халық шаруашылығы кеңесі мен Мемлекеттік жоспарлау комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен, түсті металлургия дамуының болашақ жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте, сондай – ақ Қазақ АКСР –ы жағдайында, әсіресе «жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету» өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді. Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Бұл тұста да патшалық империяның кезеңіндей басты назар тау – кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылды. Республиканың пайдалы қазбалар мен ауылшаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландырудың аймақты шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді. Индустрияландыру жоспарын жүзеге асырудың нақты жолдарын талдау Қазақстанның жергілікті басшылары: С. Асфендияров, С. Садуақасов, Ж. Мыңбаев, С. Қожанов, Ж. Сұлтанбеков арасында өткір пікірталас туғызды. Алайда Ф. Голощекин және оның жақтастары бұл пікірлерді негізсіз деп тауып, жергілікті басшылардың әрекетін ұлтшылдықтың көрінісі деп есептеп, индустрияландыруды саналы түрде тежеуші ретінде бағалады.
Түркістан – Сібір теміржолын салуда В.С. Шатов – құрлыс бастығы; Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Н. Нұрмақанов – Түрксібке жәрдемдесу комитетінің басшысы; РКФСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы болды. Т. Рысқұлов пен М. Тынышбаев комитет жұмысы бойынша магистраль құрлысының табысты жүргізілуіне ықпал еткен көптеген шешімдердің қабылдауына араласты. Ал М. Тынышбаев есімі теміржол құрлысын салу мен пайдалануға беру жөнінен өзінің білгір маман екендігін көрсетті. Түрксіб теміржолының құрлысына 200 млн сом қаржы бөлінді, оның ұзындығы 266,5 шақырым болатын учаскелерінің бірі – Жетісу жолына тәулігіне 1500 метр жол төселіп, 7 айда салынды. 1930 жылғы 28 сәуірде солтүстік және оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. 1931 жылы қаңтар Түрксіб теміржолы тұрақты пайдалануға берілді. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасмалдау үшін Ақмола – Қарағанды, Елек – Орал, ал 1940 жылы Қарағанды – Жезқазған жолдары салынды. 1928 – 1940 жылдары республиканың теміржол желісі 50 пайызға өсіп, 1658 шақырымға дейін жетті. 1931 -1938 жылдары Қоңырат кенінің негізіде Балқаш мыс балқыту комбинаты салынып, түсті метталургия Қазақстанның ауыр индустриясының жетекші саласына айналды. Ал екінші бесжылдық қарсаңында іске қосылған М.И. Калинин атындағы Шымкент қорғасын зауыты жыл сайын еңбек өнімділігі артып, озық кәсіпорын қатарына қосылды. 1938 жылы Текелі қорғасын – мырыш комбинатының құрлысы басталды, 1939 жылы Өскемен қорғасын – мырыш комбинатының құрлысы қолға алынды. Қазақстан 20 – жылдардың аяғы мен 30 – жылдары, өте қысқа мерзімге аграрлы елден индустриялы елге айналды. Мысалы, мұнай өндіру 1928 – 1940 жылдары 3 есеге артса, Қазақстанда 5,9 есеге артқан; көмір өндіру Одақ бойынша 5,7 есеге артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есеге артса, Қазақстанда 486 есеге артқан, яғни одақтық көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда 3,1 есеге артқан. Отандық көлемде жүргізілген индустрияландыру саясаты өз кезегінде Қазақстан өнеркәсібі, құрлвс саласы мен көлік қатынастарын дамытуға негіз қалады. Алайда барлығы тек орталықтан басқарылып, ел экономикасы Одақ үшін тау – кен шикізатының көптеген түрлері даярлап беруші база ретінде қала берді.
Ф. Голощекин КСРО – да индустрияны шетелдік капиталсыз дамыту үшін мынандай жолдарды ұсынды: 1) капиталистік элементтер табысының бір бөлігін тартып алу; 2) азаматтардың жекеменшік жинаған ақшаларын жинақтау кассалары, несие мекемелері арқылы пайдалану; 3) өнеркәсіптен, мемлекеттік (ішкі және сыртқы) саудадан түскенпайданы және бүкіл несие жүйесін мемлекет қолында шоғырландыру; 4) еңбек өнімділігін арттыру, яғни басынан жұмысшылар мен мамандардың ауыр, арзан еңбегін пайдалану көзделді. Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауылшаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды. Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін тигізген салдары да көп болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толығымен өзгеріске түсті, өнеркәсіп саласына Орталық үкімет тарапынан қызығушылық танылды және ол қарқынды дамыды, ауылшаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп өнімдері үлесінің көбеюіне алып келді. Екіншіден, қала халқының саны артуымен ерекшеленді. Республикада халық санының артуына, соған орай қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне алып келді. Үшіншіден, көші – қон үрдісінің салдарынан демографиялық өзгерістер болды, яғни республика көп ұлтты елге айналды. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты республика аймақтарындағы ұлтаралық қарым – қатынастарды шиеленістірді. Оның себебі Орталықтан әкелінген еуропалық ұлт өкілдерінен шыққан партия, кеңес қызметкерлері мен жұмысшылар қазақ қызметкерлері мен жұмысшыларына өзімшілдік танытып бақты, тіпті, кейбір жұмыстарды атқару барысында оларды төмендетіп отыруға жол берді. Кеңес үкіметі, сонымен қатар ірі өндіріс орындарының басшылығына жергілікті ұлт өкілдерін жібермеуге тырысты және олар орталық үкіметтің нұсқауын бұлжытпай орындайтын адамдар қатарына таңдан алып отырды. Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауылшаруашылығы, әсіресе көшпенді мал шаруашылығы және оның өнімдерін әрі қарай дамытылмай, үлкен дағдарысқа ұшырады. Большевиктік саяси басқару жүйесі өлкенің экономикалық дамуының бағытын өзгертті, халық шаруашылығының жетекші саласы етіп мал шаруашылығы емес, негізінен, өнеркәсіп өндірісін белгіледі және оның даму қарқынына үлкен күш салды. Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. 1917 жылы Қазан төңкерісіне алып келген қарулы көтеріліс басталды А) Мәскеуде В) Петроград та С) Екатеринбургте D) Орынборда 2. Кеңес өкіметі Перовскіде (Қызылорда) орнады: А) 1917 жылдың 15-25 қарашасы В) 1917 жылдың 30 қазанында С) 1917 жылдың желтоқсанында D) 1918 жылдың наурызында 3. Азамат соғысы жылдарында КСРО-да опат болды А) 3 млн адам В) 6 млн адам С) 8 млн адам D) 12 млн адам 4. 1918 жылдың күзінде Тұңғыш қазақ атты әскер полкі құрылды: А) Қызылорда да В) Әулие – Атада С) Бөкей Ордасында D) Торғайда 5. Жетісу майданында 1919 жылы ақ гвардияшыларға қарсылық көрсеткен А) Мариновка селосы В) Боровской ауданы С) Черкасск ауданы D) Үшаралда Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
| 2 |
№ 5 дәріс | ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары. 1. Республика экономикасын соғыстан кейінгі бейбіт өмірге көшіру. 2. «Жылымық» жылдарындағы Қазақстан (1954-1964 ж.) 3. Қазақстандағы 60-жылдардың екінші жартысындағы экономикалық реформалар және олардың сәтсіз аяқталуының себептері. Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қалай болғанда да экономиканың дамуындағы басымдық әскери өнер кәсіп кешеніндегі кәсіпорындарға, металлургия, жанар-жағар май өнер кәсібі, машина жасау, энергетика, яғни тікелей әскери өнеркәсіп кешендеріне Әскери өнеркәсіптің ірі нысандарын тұрғызу Қазақстан халқы үшін аса ауыр болды. Сталиндік басшылық республиканың егеменді құқықтарымен, халқының қызығушылығымен, пікірімен санаспастан Семей ядролық полигонын құру, заманауи қару-жарақтарды сынақтан өткізу үшін бірқатар полигондар тұрызу, Байқоңырда зымыран кешенін салу туралы шешімдер қабылдады. 1948 жылы Сталин қол қойған КСРО Министрлер кеңесінің қаулысына сәйкес Семей облысында ядролық полигон түрғызылып, 1949 жылдың 29 тамызында бірінші рет жерүсті ядролық зарядының сынағы жасалды. Бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша 1949-1963 жылдар аралығында полигонда 113 жарылыс жүргізілген (атмосферада). Ядролық жарылыстар жүргізу кезінде халықты радиация әсерінен қорғау бойынша үкімет тарапынан ешқандай шаралар қолданылмаған. Аймақта медициналық тексерулерге тыйым салынған. Отан соғысының аяқталуы халық арасында өмірдің жақсаруына, тоталитарлық режим қысымының бәсеңдеуіне деген үміттерін тудырды. Бірақ бұл үміттер ақталмай мемлекеттік жүйе қудалау шараларын тоқтатпады. 20-жылдардың ортасында Кеңес Одағында орнаған әкімшіл-әміршіл жүйе 30-50 жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті, ол Қазақстанды да қамтыды. Ол уақытқа мынадай жағымсыз құбылыстар тән болды: адам еркіндігіне қысым жасау, оның құқықтарын көзге ілмеу, адамдардың өндіріс құралдарынан алшақтатылуы, мемлекетті басқару билігіне ықпал ету саясатының қалыптасуы. Бұл - Сталиннің жеке басына табыну уақыты. Социализм құруды мақсат қылып қойған ел мен партияның шынайы жэне жалған еңбегі мен жетістіктері Сталин есебіне жазылды. Оның әрбір сөзі бұлжұмас заңдылыққа айналып, ал оның жазықсыздығына күмән келтіргендер қатыгездікпен жазаланып отырды. Одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстан да соғыстан кейінгі жылдары ағымдағы саяси жүйеде дамыды. Барлық билік толықтай коммунистік партияның қолында болды. Оның басшылығымен ағымдағы жүйенің барлық буындары қызмет етті, олар - кеңестер, кәсіподақтар, ком- Биліктің заң шығарушы органы - КСРО Жоғарғы кеңесі, ал Қазақстанда Кеңестердің сессиялары белгіленген мерзімдердің бұзылуымен жүргізілді Соғыстан кейіңгі кезеңде жекелеген жағымды өзгерістер де орын алды. Олардың біріне 1946 жылдың маусымында КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы филиалы базасында ҚазКСР Ғылым академиясының негізі қалануы жатады. Ұлттық Ғылым академиясының құрылуы Қазақстандағы ғылымның өз дамуында жаңа сапалы деңгейге көтерілгендігін, республикада көптеген ғалым кадрлардың өскендігін, ғылыми мекемелердің нығайып, кеңейе түскендігін куәландырды. Ғылым академиясының түңғыш президенті болып Қазақстандағы ҚазКСР ҒА-ның Өскемендегі (1947 ж.), Гурьев пен Қарағандыдағы 40-50 жылдар аралығында Өскеменде 2 ғылыми-зерттеу институты құ-
1956 жылы ақпан айында өткен КОКП-ның XX съезі Сталиннің жеке Тарихта «жылымық» деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары басшылықтың біршама үжымдық принциптері енгізіліп, кеңестік тоталитарлық басқару жүйесі босаңси бастады. Бос сөзділікпен, қағазбастылықпен күрес жүргізіп, ұлт мәселесіндегі орын алған Сталиннің жеке басына табынушылығын айыптау жоне оның зардаптарын жою рухани мәдениет саласында халықтың әлеуметтік белсенділігін едәуір өсірді. С. Сейфулин, Б. Майлин, I. Жансүгіров жэне т.б. қазақ әдебиеті мен өнерінің қайраткерлерінің ақталуы ерекше қуанышпен қарсы алынды. Республикадағы шығармашылық жұмысқа М. Әуезов, Қ. Жұбанов, Е. Бекмаханов, т.б. қайта оралды. Е. Бекмаханов 1955 ж. қыркүйекте Қазақ Тың және тыңайған жерлерді игерудің он жылының ішінде Қазақстан Соғыстан кейінгі 4-інші бесжылдықтың нәтижесінде 50-жылдары Қазақстанның экономикалық күш-қуатының өсуі үшін алғышарттар жасалды, бұл жылдары халық шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту, шаруашылық айналымға жаңа қорларды тарту, өндірістің техникалық дәрежесін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Бірақ та КСРО-да экономикалық саясат орталыққа тәуелді субъективтілік бағытында жүргізіліп, жеңіл жэне тамақ өнеркәсіп салаларына тежеу жасалып, оньщ есесіне шикізат жэне отын өндіретін салаларға басымдық беріп, оларға өнеркәсіп саласына жұмсалған қаржының шамамен оннан тоғыз бөлігі жұмсалды. «Жылымық жылдары» Қазақстанның бүкілодақтық еңбек бөлінісіне қатысуының арта түсуіне байланысты қара жэне түсті металлургия мұнай Ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске қиындықпен және Сонымен, «жылымық» жылдары кеңестік тоталитарлық жүйе, XX съезде шектен тыс орталықтандыруды жоюға жэне ұлттық республикалардың кұқығын кеңейтуге бағыт бергеніне қарамастан Қазақстанның егемендігін жоққа шығарып, экономика салаларындағы билікті толық өз қолына жинап алды. Осының салдарынан республиканың индустриалды дамуы экстенсивті негізде өрістеп шикізат көздері мен энергия қуаттарын дамытуға басымдылық беріліп, оларға, керісінше, машина жасау жеңіл 3. 1964 ж. КОКП Орталық комитетінің қазан айында өткен пленумында КСРО басшылығында ауыс-түйіс болды. Пленум 11 жыл (1953-1964) КСРО-ның бірінші тағын иеленген Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И, Брежнев, ал Министрлер кеңесінің төрағасы болып А.Н. Косыгин тағайындалды. Брежнев Леонид Ильич (19.12.1906 -10.11.1982 ж.) 1955-1956 ж. Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары Осылайша, 60-жылдардың ортасында басталған экономикалық ре- Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес)
А) Ф.Голощекин B) О.Исаев C) С.Мирзоян D) С.Сәдуақасов
А) 120 партия B) 130 партия C) 140 партия D) 150 партия
А) Қ.И.Сәтпаев B) Ә.Марғұлан C) Ш.Алтаев D) В.Грузинов
А) 1 020 мың адам B) 1 030 мың адам C) 1 040 мың адам D) 1 050 мың адамды құрады.
А) 370 шаруа көтерілістері B) 372 шаруа көтерілістері C) 374 шаруа көтерілістері D) 377 шаруа көтерілістері болды. Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
| 2 |
№ 6 дәріс | Қазақстандағы "қайта құру" саясатының сипаты. 1. Әлеуметтік – экономикалық дамудағы дағдарыстық құбылыстардың орын алуы. 2. Қоғамдық – саяси өмір мен ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар. 3. КСРО – ның ыдырауы және ТМД – ның құрылуы. Дәрістің қысқаша мазмұны:
Дағдарыстың белгілері үшке бөлінеді: 1. Саяси саладағы белгілері. 2. Экономикалық саладағы белгілері. 3. Әлеуметтік саладағы белгілері. Саяси саладағы белгілерге жататындар:
Экономикалық саладағы белгілерге жататындар:
Әлеуметтік саладағы белгілерге жататындар:
1985 ж. наурыз айында КОКП Орталық комитетінің (ОК) пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев сайланды. Ол сол жылдың сәуір айында өзінің «қайта құру» бағытын жариялады. Горбачевтің «қайта құруы» әйгіленген жүйелік дағдарысты «тоқырау» құбылысы ретінде белгілеп, қоғамды осы кеселден айықтыратын жол іздестіруге бағыттады. Қайта құру соңы КСРО – дағы тоталитарлық жүйенің күйреуіне әкелді. Кеңес Одағында 1985 – 1991 жылдары қайта құру кезеңі деп тарихқа енді және оның негізгі 3 бағыты айқындалып бірнеше кезеңге бөлінді. 1985 – 1991 жылдардағы қайта құрудың негізгі 3 бағыты:
Әлеуметтік – экономикалық дамуды жеделдету деп аталатын алғашқы кезеңде (1985 жылдың сәуір, 1987 жылдың жаз айы) экономиканы ғылыми – техникалық прогресс негізінде қайта құру тұжырымдалды. Бұл өндірісті жеделдету мен еңбек өнімділігін тез арада көтеру. ХХ ғасырдың 80 – жылдары Қазақстанда ұлттық табысы кісі басына шаққанда одақтық деңгейден 12% – ға кейін қалды. Сондай –ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени – әлеуметтік құрлыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті. Әсіресе Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Қоғамды демократияландыру деп аталатын екінші кезеңде (1987 жылдың жазы – 1989 жылдың мамыры) бастау алған 1987 ж. жаздағы маусым пленумы басқаруды түбегейлі қайта құру мәселесін көтерді. Қоғамдық сана қозғалысқа түсіп, халықтың әл – ауқатын жақсарутудың бірден бір жолы нарық пен жекеменшік болып табылатындығы айғақталды. Елде жариялылықты қамтамасыз ету айдары танылған үшінші кезеңге (1989 жылдың мамыры – 1991 жылдың тамызы) қатысты мәселелерге тоқталсақ, қайта құру идеяларының кең қанат жая алмауы, біріншіден, партия, мемлекет басшылары реформистік қанатының жалтақтап шегініс тауып, реформаны батыл түрде іске асырмай отырғандығы болса, екіншіден, оның барлық сатыдағы бюрократиялық номенклатурасының қарсылығына ұшырауы болды.
Қайта құру саясаты басталған тұста Қазақстнның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Олардың қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт – дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты орнынан алған кезде айрықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Д.А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды. Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (12.01.1912 – 25.08.1993ж.) 1960 – 1962 және 1964 – 1986 жылдары Қазақстанды басқарды. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама – қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. 1960 жылдың басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алды. 1986 ж. Д.А. Қонаев Қазақстан басшылығы қызметінен босатылды.
КСРО – ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасы технологиялық жағынан артта қалды, тауарлардың бүкіл әлемдік бәсекеге түсуі төмендеді. Сонымен қатар соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ – пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери – стратегиялық тепе – теңдікті сақтау үшін қоғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950 – 1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жетті. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардапқа ұшыратты. Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрлыстың қарқыны баяулап, жоспарлау орындалмады. КСРО экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. 1991 ж. өндірістің төмендеуі 11% - ға, бюджет тапшылығы 20 – 30% - ға, ал сыртқы қарыз 103,9 млрд долларға жетті. КСРО – дағы экономиканы қайта құру саясатының сәтсіздігі, елдің тоқырауы күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды, бүкіл елде реформаларды жүргізу қажеттілігі туындады. Экономикалық реформалардың сәтсіздігі, орталықтың елді дағдарыстан шығара алмауы республикалардың саяси элиталарын тығырықтан шығудың өз жолдарын іздестіруге итермеледі. КСРО сияқты алып мемлекеттің есеңгірей бастаған тұсында 1990 ж. 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік Егемендігі туралы декларация (құжат) қабылдады. Егемендік декларациясы бас құжатында респбуликада мемлекеттік өкімет билігін алғаш рет ол заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асыру енгізілді. Заң шығару билігін Қазақ КСР Жоғары кеңес жүзеге асырса, ең жоғарғы әкімшілік – атқару билігі Республика президентіне берілді, ал ең жоғарғы сот билігін Қазақ КСР Жоғары соты жүргізді. Он жеті баптан тұратын бұл декларацияда, негізінен, мына мәселелерге мән берді: КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісімшарт негізінде жүзеге асады; Республика әкімшілік – аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени – ұлттық құрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді; Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы; Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді және оның келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғары кеңесінің келісімінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; Қазақстан өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын ұстауға құқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді. 1991ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілі қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылғандығы жөнінде шартқа қол қойды. Сөйтіп, 1991ж. желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО – ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды. 1991ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика президентін бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә. Назарбаев Президент болып сайланды. Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. 1949 жылы 29 тамызда алғашқы сынақ жасалды: A) Байқоңырда B) Тынық мұхитында C)Семейде D) Батыс Қазақстанда E) Қарағандыда 2. Үш мыңнан аса елді мекеннің тарихи аттары өзгертілді: A) Азамат соғысы жылдарында B) Тәуелсіздік жылдарында C) Соғыстан кейінгі жылдарда D) Тың игеру жылдарында E) Ұлы Отан соғысы жылдарында 3.60-шы жылдың ортасында Қазақстанда жыртылған тың жердің көлемі: A) 35 млн. гектар B) 45 млн. гектар C) 8 млн. гектар D) 25 млн. гектар E) 13 млн. гектар 4.1954 жылы Ж. Шаяхметовтің орнына тағайындалды: A) Д.А. Қонаев B) И. Юсупов C) П. Пономаренко D) Н.И. Беляев E) Н.С. Хрущев 5.Қ. Сәтбаевты «ұлтшыл» деп көрсетті: A) М. Ж. Көпеев туралы жазғаны үшін B) Жүсіп Бабатайұлын насихаттағаны үшін C) Шортанбай ақынның өлеңдерін жариялағаны үшін D) «Едіге батырға» жазған алғысөз үшін E) « Қобыланды батырға» жазған алғысөз үшін Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
| 2 |
№ 7 дәріс | Қазақстан республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден – бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің қарулы күштерін құруға хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды. Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылы 1 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Ұлт көшбасшысы. Қазақстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні» атты мақаласында тәуелсіздік шежіресіндегі үш шешуші тарихи белесті атайды. Бірінші, - біздің еліміздің алғашқы абсолютті егемен мемлекеттік актісі – Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қою. Екінші белес ретінде 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан Пезидентінің сайлауы. Ал ««Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заңның қабылдауын үшінші белес екенін айта келе, елбасы бұл ұмытылмас тарихи оқиға болды. Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы дайындалды. Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Венгрия және т.б. ірі – ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстанның тәуелсіздігін 18 мемлекет таныды. 1992 жылдың аяғында елдің тәуелсіздігін 108 мемлекет танып, олардың 70 – імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Алматыда 19 елдің дипломатиялық өкілдігі ашылды. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер тұрды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал сыртқы саясаттағы басты міндеттер – Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаудың тарихи маңызы:
Елтаңба, ту, әнұран – әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым – Қазақстан тарихында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген ерекше мәртебелі күн. Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр – таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Қазақстан Республикасы туының авторы – Ш. Ниязбеков. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уалиханов. Бастапқыда, Қазақстан әнұраны әуенінің авторлары – композиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди, мәтінінің авторлары ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева болды. Әнұранның әуені 1992 ж. 4 маусымда, ал мәтіні 1992ж. 11 желтоқсанда бекітілді. Ал 2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы әнұранның орнына жаңа әнұранның мәтіні қабылданды. Еліміздің жаңа әнұраны – жұртқа әйгілі «Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзінің авторы – Жұмекен Нәжмеденов, ал ән әуенінің авторы – Шәмші Қалдаяқов. Жаңа әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан толықтырылды.
1995 жылы Конституция Қазақстанды Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады. Президенттік басқару нысаны төмендегідей сипатталады:
Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді.Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатал бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. 1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы Конституцясын қабылдады. 1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті болды. Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Ә. Кекілбаев. Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы Конституция, сондай – ақ «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен қызметін реттеді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында парламенттің заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын Республиканың жоғарғы өкілді органы болып табылатыны бекітілген. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Бірінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті 1996 – 1999 жылдар аралығында жұмыс істеді. Бірінші сайланған Парламент Сенатты мен Мәжілісінің сайлауы 1995 жылы желтоқсанда өтті. Сенатқа 40 депутат 19 облыстан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі – екі адамнан сайланды. Сенаттың жеті депутатын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындады. 1996 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Өмірбек Байгелді Сенаттың Төрағасы болып сайланды. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 1995 жылғы 9 желтоқсанда болды. 67 депутат сайланды. 1996 жылғы 30 қаңтарда бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс Төрағасы болып М.Т. Оспанов сайланды. Екінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті 1999- 2004 жылдар аралығында қызмет жасады. Қазақстан Республикасының бес облысы таратылуына байланысты сенат депутаттары 14 облыстан және Алматы мен Астана қалаларынан сайланды. Екінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағалары болып, О. Әбдікәрімов (2004 жылғы 10наурызға дейін) және Н. Әбіқаев (2004 жылғы 10наурыздан бастап) сайланды. Үшінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті 2004-2007 жылдары жұмыс істеді. Үшінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының 2007 жылғы 11 қаңтардағы отырысында жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қасым – Жомарт Тоқаев Сенат Төрағасы болып сайланды. Үшінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісін сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болды. Сайлауға 12 сайлау партия қатысты. Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды. Үшінші Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісінің Төрағасы болып О.Б. Мұхамеджанов сайланды. Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес төртінші сайланған ҚР Парламенті палаталарының жаңа құрамы тамызда қалыптастырылды. Парламент Сенатында Президент тағайындайтын депутаттар саны 15 адамға дейін ұлғайды. Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 парламентшіден тұрады. Олардың 98 депутаты тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақ халқы Ассамблеясы сайлады. Төртінші Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісінің Төрағасы болып А.Е. Мусин сайланды. Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасының Парламентіне 2012ж. 15 қаңтарда кезектен тыс сайлау өтті. Парламентінің Мәжілісінің Төрағасы қызметіне Н.Нығматуллин ұсынылып, оны барлық депутат қауым бір ауыздан қолдады. Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. 1966-1970 ж. Республика ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінді а)5,5 млрд. сом б) 5,0 млрд. сом с) 6,5 млрд. сом д) 4,5 млрд. сом 2. 8-ші бесжылдықта ауыл шаруашылық өнімі а) 44 % өсті б) 54 % өсті с) 64 % өсті д) 74 % өсті 3. Одақтағы ауыл шаруашылығы өнімінің Қазақстандық үлесі а) 41%құрады б) 21%құрады с) 11 % құрады д) 51%құрады 4. 60-шы жылдардың өзінде іске қосылды а) 400-дейкәсіпорын б) 500-дей кәсіпорын с) 600-дей кәсіпорын д) 700-дейкәсіпорын 5. Мойынты - Шу темір жол торабы пайдалануға берілді а) 1951 жылы б) 1953 жылы с) 1955 жылы д) 1958 жылы Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
| 2 |
№ 8 дәріс | Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі 1.Жоспарлы экономика дағдарысы және экономикалықреформалардың басталуы. 2.Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру. Қазакстандағы жекешелендірудің негізгі кезеңдері. 3.Аграрлық секторды реформалау. Дәрістің қысқаша мазмұны: 1.Жоспарлы экономика дағдарысы және экономикалық реформалардың басталуы Кеңес Одағы заманынан кейінгі республикалардың көпшілігі сияқты, Қазақстан да тәуелсіздік алғаннан кейін кеңестік жоспарлы экономиканың қойнауында пісіп-жетілген аса қатал жүйелі дагдарыстың тұңғиығына батты. Орасан үлкен мемлекеттің күйреуімен бірге, қоғамның қалыпты байланыстары, өмір сүру салты және негізгі құндылықтары ыдырады. Білетініміздей, КСРО тарағанга дейін бізде экономиканы басқару жүйесінің үш: одақтық, одақтық-республикалық және республикалық деңгейі болганды. Оның үстіне, бірінші және екінші деңгейлердің үлесіне - тиісінше 43,3 жэне 48,3 процент, ал республикалық деңгейге небары 8,4 процент бұйырған. Халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етудің 40 проценттен астамы, оның ішінде жеңіл автомобиль, мотоцикл, мотороллер, теледидар, фотоаппарат, тоңазытқыш секілді тауарларға және басқа да күрделі бұйымдарға сұраныс 100% басқа республикалардың есебінен қанағаттандырылғанмен, бірақ олардың багалары 250 есе, тіпті одан да көп көтерілді. Энергия көздері мен электр энергиясының бағасы, теміржол, автомобиль жэне эуе көлігімен тасымалдау багалары жүздеген есе өсті. Бұл де түпкілікті өнім бағаларына әсер етті. Бағалар өсуінің екінші себебі кәсіпорындар мен ұйымдарда өндіру жэне қызметтер көрсету көлемдерінің күрт құлдырауы жэне соған байланысты жүмыс бірліктері мен өнім шығасыларында үстеме шығындар үлесінің артуы болды. Кәсіпорындарға бағалады дербес белгілеу қүқының берілуі оларға осының есебінен өндіру көлемдерін азайта отырып, қосымша пайда алуға мүмкіндік туғызды. Жағдай өндіру мен бөлу үдерісінде мемлекеттің үстемдігі жүріп түрғанда, нарықтық қүрылымдардың болмауы себепті де ушыға түсті. Ел экономикасындағы дағдарыстық жағдай, жалпы, оның көлік инфрақүрылымының, оның ішінде теміржол көлігінің де жай-күйіне теріс әсерін тигізді. Республика үкіметі өндірістің жалпы құлдырауы жағдайында теміржолдарды өткір экономикалық мэселелерді шешу қүралы ретінде пайдаланды. Мысалы, оларға Ресей түтынушыларына басқа мемлекеттік кәсіпорындар үшін көмірді электр энергиясына, газ бен мүнайға айырбастап тасымалдауды, ал Өзбекстаннан көлік жүктері мен жолаушыларды Қазақстан аумағы бойынша берген табиғи газдарының қарыздарын өтеу есебінен тасымалдауды міндеттеді. Көлік қызметтерін түтынушылардың төлеу мүмкіндіктері жоқ жағдайда, теміржолдардың өздеріне керекті көптеген материалдар мен қосалқы бөлшектерді айырбас түрінде сатып алуына тура келді. 1996 жылы айырбас теміржолдар кірістерінің 65 процентін қүраған. Айырбас әрекеттерін жүзеге асыру ісінде бақылаудың болмауы теміржол қоймаларында тауар-материалдық игіліктердің орасан мол қалдықтарының нормадан артық қорланып жиналуына келтірді. 1996 жылғы қазанның 1-іне қарай тауар-материалдық игіліктердің қорлары 12,7 млрд. теңге қүрап, олардың жылдық кірісінен екі есе асып кеткен. КСРО-дан мұра болып қалған «ауруларға» ортақ идеологиямен, экономикамен, инфрақүрылыммен беки түскен түтас «ағзаның» бүзылуына байланысты жаңалары қосылды. Сөйтіп, Қазақстан басқа республикаларға қарағанда қиындау жағдайға тап болды. Ол орталықтандырылған экономиканың қалдықтарын, ескірген инфрақүрылымды, кәсіпорындарды жэне әлемдік стандарттарға сай келмейтін қүрал-жабдықтармен қатар, сапа емес, сан қуған ауыл шаруашылығын мүраға алды. 1980-1990 жылдар шептерінде экономика көлемі 55% төмендеп кетті. 1990 жылдың алғашқы айларынан-ақ Қазақстан басшылығы республиканың дағдарыстан дербес шығуына тура келетіні жайында шындап ойлана бастады. Ол уақытқа қарай іс жүзінде біртүтас халықшаруашылығы кешені тарап, Қазақстан үшін оның салдары ауыр соққы болды. Оның себебі мынада: қазақстандық кәсіпорындардың 95%-і орталықтан басқарылатын, ал басқару мен қаржылық жэне әкімшілік байланыстардың үзілуі республика экономикасына өте теріс әсерін тигізді. Н.Ә.Назарбаев істің осындай бетбұрысын түсінді, Қазақстан үшін «өз бетінше жүзуге» тура келетін кез туатынын жоққа шығармады. 1990 жылы республиканың Жоғары Экономикалық кеңесі қүрылып, оны басқару Дәулет Сембаевқа жүктелді. Заңгерлік, экономика саласында жас, белсенді мамандарға есеп жасай отырып, ел басшылығы оларды нарықтық стратегия эзірлеп, жасайтын жаңа органға енгізді. 1990- 1994 жылдарда Қазақстанда өнеркәсіп өнімі екі есе азайды, ааграрлық секторда қүлдырау үштен бір дәреже көрсетті. Мемлекет өзінің кәсіпорындарын басқара алмайтын жағдайға жетті. Қазақстанның құрал-жабдықтары да, тауар өткізетін нарығы да болмады, сондықтан кәсіпорындардың көпшілігі жұмысын тоқтатты. Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарында қазақстандық кәсіпорындар өніміне сұраныстың күрт қысқаруы экономиканың қатты қүлдырауын (12,6%) туғызып, ол 1995 жылға дейін жалғасты. 1992-1993 жылдары Қазақстанда инфляция 2000-3000%-ке жетті. Осының барлығы аса күрделі өтпелі кезең жағдайында, барлық бағыттар бойынша жеделдете жүйелі экономикалық, нарықтық реформалар өткізудің қажет екенін түсінуге келтірді. Сөйтіп, Қазақстанда нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру төтенше күрделі экономикалық жағдайларда басталды. Экономикада оң өзгерістерді жүзеге асыру үшін түбегейлі қадамдар жасап, тиянақты шешімдер қабылдау қажет болды. 1990 жылдар басындағы өмір шындығының өзі мемлекет алдына жаңа экономикалық стратегия әзірлеп, оны жігерлі іске асыру үшін жағдай тугызу міндетін қойды. Экономикалық қатынастар негіздерінің өздерін түбегейлі өзгерту қажет болды, өйткені 1990 жылдардың басында, Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, қазақстандықтар түңгиыққа қүлаудың аз-ақ алдында түрған. Дамыған нарықтық қатынастарда басты рөл меншік қатынастарына жатады. Бірақ, экономикада орын алғандай, мемлекеттік меншіктің кеңес заманынан қалған үстемдігі жағдайында, нарықтық қатынастар туралы сөз қозғаудың өзі мүмкін емес еді. Сондықтан Қазақстан экономикасын жаңғырту және нарықтық қатынастарды дамыту ісінде жекешелендіру үдерісі, яғни мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру үдерісі маңызды мағынаға ие болды. Мемлекет иелігінен алып, жекешелендірудің қүқықтық негізі Қазақстан Республикасының 1991 жылғы маусымның 22-сіндегі «Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы», 1995жылғы желтоқсанның 23-індегі «Жекешелендіру туралы» Заңдары болды. «Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы» Заң жекешелендіруді мемлекет мүлкінің жеке, мемлекеттік емес заңды және шетелдік заңды тұлғалардың жеке меншігіне мемлекеттің меншік иесі еркімен, арнаулы іс-шаралар аясында сатылуы деп айқындады. «Мемлекет меншігінен алу жэне жекешелендіру туралы» Заң мемлекеттік меншік нысандарын өзгертудің келесідей: мүлікті жалга беру; жалга берілген мүлікті сатып алу; мүлікті еңбек үжымы мүшелерінің сатып алуы; мүлікті конкурс бойынша немесе аукционда сату; мемлекеттік кэсіпорынды акционерлік қогамга өзгерту іспетті түрлерін қарастырды. Орта және ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде акционерлік қогамдар (АҚ) қүру басым болса, ал ұсақ және орта кәсіпорындарды, сауда-саттық, қоғамдық тамақтандыру жэне түрмыстық қызмет көрсету нысандарын жекешелендіру, негізінен, тікелей сату арқылы жүзеге асырылды. Қазақстанда жекешелендіру төрт кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде, 1991-1992 жылдарда, жекешелендірудің бастама сипаты болды: кәсіпорын үжымынан тиісті өтінім алган соң, мемлекеттік органдар шешім қабылдады. Сонда гана аукциондар, конкурстар өткізілді немесе еңбек ұжымына өндірістік жэне элеуметтік инфрақүрылым ақысыз, ягни тегін берілді. Алғашқы жасалган «Қазақ КСР-інде мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған бағдарламасы» ел азаматтарын өздерінің ұжымдары арқылы меншік түрін өзгерту үдерістеріне мейлінше көп тарту идеясына негізделгенді. Жалғасып жатқан инфляция жағдайында халыққа төлем қаражаты ретінде түрғын үйді жекешелендіру купондары тегін берілді. Жекешелендірудің осы кезеңінде түрғын үй нарығын қалыптастыру, нарықтық қатынастарды дамыту үшін қажетті жагдайлар туғызу орын алды. Жалға беретін жэне үжымдық кәсіпорындар қүрылып, коммуналдық нысандар аукциондарда сатылды, бірте-бірте қызметтер көрсету нарыгы қалыптаса бастады. Орын алған өзгерістер меншік иелері қатарын тугызған кәсіпкерліктің дамуына түрткі болды. Бірінші кезең қорытындылары бойынша мемлекет мүлкінің 4,7 мың нысаны жекешелендірілді. Жекешелендірілген кэсіпорындардың жалпы санынан бөлшек сауда, қогамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық нысандары жэне басқалары 60 процент құраған Қазақстанда жекешелендірудің бірінші кезеңінің тәжірибесі енді бастама жекешелендіруден бірыңғай сценарий, яғни алдын ала жоспарлап жекешелендіруге көшу қажеттігін көрсетті. Қазақстандағы жекешелендірудің екінші кезеңі (1993-1995 жж.) «Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасын» қабылдаудан басталды. Бұл жекешелендіру тарихындағы ең бір жаппай сипат алған және күрделі кезең болды. Ол негізгі төрт: шагын жекешелендіру (сауда, тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын жэне жұмыс істейтіндер саны 200 адамға дейін жететін өндірістік кәсіпорындарды аукциондарда және конкурстық негізде сату); жаппай жекешелендіру (жұмыскерлерінің саны 200-ден 500 адамға дейін жететін кәсі- порындарды сату), жеке жобалар бойынша жекешелендіру (жұмыс істейтіндердің саны 500 адамнан артық кәсіпорындарды сату), агроөнеркәсіп кешендерін жекешелендіру бағытында жүзеге асырылды. Жекешелендіру нысандарын қамтудың ауқымды көлемі бар болып тұрғанда, шағын жекешелендіру маңызды мағынаға ие болды. Республикада алты мыңнан астам нысан сатылып, шағын және орта бизнеске жататын мыңдаған жеке кәсіпорындар өнімді жұмыс істей бастады. 1980 жылдардың соңы - 1990 жылдардың басындагы экономикалық дагдарыс ауыл шаруашылығы саласында, ауыл жұртшылыгы үшін де аса ауыр салдарларға келтірді. Өте ауыр жағдай 1994-1996 жылдары орын алды: энергия көздеріне босатылган багалар мен ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағалар арасында теңсіздік орнады. Бірақ бұл жерде де экономика жагынан тиімді нарықтық кәсіпорындар құрудан басқа жол қалмады. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның ауыл шаруашылыгында елеулі өзгерістер аз болған жоқ, мемлекеттік емес агрокәсіпорындар үлесі артты. Егер 1991 жылы олардың үлесі 40% болса, 2003 жылы енді 99,9%-ке жетті. Аграрлық секторды реформалау ісінде мемлекеттің түбегейлі маңызды қадамы жер қатынастарын реттеп, жерге жеке меншік құқын енгізгені болды. Бір адамның бір мезгілде меншік иесіне және тауар өндірушіге айналуының өзі ауыл шаруашылығының көтерілуіне мүмкіндік берді. Кеңес заманының жоспарлы экономикасының мұра етіп қалдырған ауыртпалықтарының бірі жерде жұмыс істейтінадамның өзін қожайын деп сезіне алмауы, оның өз еңбегінің нэтижелерінен шеттетілуі болды. ҚР Президентінің «Жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері туралы», «Жер қатынастарын одан ары жетілдіру туралы», «Жер туралы», «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы», «Жылжымайтын мүлікке қүқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы» Жарлықтарында экономиканың аграрлық секторында нарықтық қатынастарды дамыту негіздері салынған. Сатып алу-сату, жер пайдалану қүқын кепілге жэне жалга беру басынан-ақ нақ осы нарықтық қатынастарды құру тетігі ретінде қаралған. Аграрлық секторда нарықтық қатынастардың ары қарай дамуының маңызды оқиғасы 2003 жылы маусымның 20-сында Қазақстан Республикасының Жер кодексінің қабылдануы болды, ал оған 2015 жылы бірқатар түзетулер енгізілді. Алайда бұл түзетулердің іс жүзінде қолданылуына мемлекет басшысының 2016 жылғы мамырдың 6-сындағы Жарлығымен қоғамдық толқу туғызуы себепті мораторий енгізілді, ал сол жылғы маусымның 23-інде жоғарыдағыдай атаумен заң қабылданды. Жер реформасы бойынша қүрылған комиссия Үкіметке бірқатар ұсыныстар жолдады. Астанада 2016 жылы тамыздың 18-інде елдің элеуметтік-экономикалық дамуы жэне Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының қорытындылары бойынша мемлекет басшысының басқаруымен мәжіліс өтті. Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды а)1984 жылғы 10 наурызда б) 1985 жылғы 11 наурызда с) 1986 жылғы 12 наурызда д) 1987 жылғы 13 наурызда 2. 80 жылдары Қазақстанда ұлттық табыс Одақтық деңгейден а)12% кейін қалды. б) 22% кейін қалды. с) 32% кейін қалды. д) 42% кейін қалды. 3. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: а) жариялылық, үнемділік, жаңару. б) жасампаздық, ыждағаттылық, қайта құру. с) жариялылық,жеделдету,қайта құру. д) үдету, тездету, жаңаша құру. 4. «Қайта құру» тұжырымдамасы одан әрі шиеленістіре түсті а) интернационализм мәселесін. б) мәдениет мәселесін. с) көші-қон мәселесін. д) ұлт мәселесін. 5. Қайта құру жағдайында БАҚ Қазақстанда болған жағдайларды а) жасырып, ештеңе жазбады. б) бүкпесіз ашық жариялап отырды. с) мағынасын өзгертіп жазды. д) жазуға тыйым салынды. Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес) 1.Банк жүйесін реформалау. 2.Экономиканыц қазақстандық үлгісі: жетістіктер мен сынақтар. 3.Қазақстан Республикасының инвестиция саясаты. 4. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары. 5. Қазақстанның экономикалық өсуінің келешегі. | 2 |
№ 9 дәріс | Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі
Дәрістің қысқаша мазмұны: Халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттің экономикалық саяса- тының өзекті мәселесі болып табылады. Оның үстіне, бұл өзін әлеуметтік мемлекет деп айқындаған Қазақстан үшін маңызды. Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика мемлекеттің элеу- меттік мәселелерді шешу ісінде белсенді қызмет атқаруын қажет етеді. Қазіргі дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайында бұл - өмірлік маңызы бар мәселе. Түптеп келгенде, барлығы: мемлекеттің күш-қуаты мен тәуелсіздігі, халықтың эл-ауқаты, қоғамдағы саяси ахуалдың тұрақтылығы осы міндеттің шешілуіне тәуелді. Нарықтық экономикаға көшудің алғашқы жылдарында көпшілік қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалды, қоғамның әлеуметтік саласы дағдарыс жағдайына түсті. Қоғамда әлеуметтік кереғарлық орын алды: табыстары эртүрлі адам- дар дағдарыс жағдайына эр алуан элеуметтік өрістерде тап болды. Өтпелі кезеңнің қиындықтарына байланысты тарихи тұрғыдағы төмен өмір сүру деңгейі қоғамда адамдардың ереуілдер ұйымдастыруға және өткізуге экеліп соққан наразылығы түрінде көрініс тапқан заңды қарсылық әлеуетін туғызды. Еңбек шарттарына қатысты жағдай да сын көтермейтін. Өндірістегі эрбір төртінші-бесінші жұмыскер тау-кен, металлургия жэне химия өнеркэсіптерінде - санитарлық жэне экологиялық талаптарға, эрбір үшінші, көп жағдайларда эрбір екінші адам қауіпсіздік техникасы талаптарына сай келмейтін зиянды жағдайларда еңбек етті. Экономикалық дағдарыс 1992 жылы және содан кейінгі уақытта бағалардың ырықтандырылуымен, инфляцияның күшейе түсуімен қатар жүрді. 1992-1996 жылдарда бағалар 35 есе өсті. Бағалардың арынды көтерілуі, валютаның құнсыздануы шекті нормаланған жалақы алатындар үшін қатты соққы болды. Нарықтық қатынастардың дамуы білім деңгейлері жоғары және орта мамандар арасындагы ақша теңгерімсіздігіне келтірді. 1991-1996 жылдары жоғары оқу орында- рында студенттер саны азайды. 1991-1993 жылдардағы ақша реформалары жұртшылықтың бұрын жинақталған ақша қаражатын көп есе қысқартты, жалақының және басқа да төлемдердің уақытылы төленбеуі кіріс көздерін азайтты. Еңбекақы төлеудің кешіктірілуі 1990 жылдарға тән әдеттегі іс болды. Жалақыларын үш жыл бойы күткен Қарағанды металлур- гия комбинатының (қазір «Испат-Қармет» АҚ-ы) бұрынғы 24 мың жұмыскері 1995 жылдың еңбекақысын 1999 жылы, онда да ел үкіметі металлургтер үшін қосымша 200 млн. теңге бөлген соң ғана алды. 1990 жылдардың бірінші жартысында халықтың омір сүру деңгейі элеуетінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан элемнің 174 мемлекетінің ішінде жетінші ондықта тұрды жэне адам дамуы төмен деңгейдегі елдер тобына кірген-ді. Экономикалық жэне әлеуметтік дағдарыстың нэтижесінде, Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 4,7 жылға қысқарды. Жұртшылықтың тұрмыс жағдайы нашар топтарының бастарына кедейлік пен аштық қаупі төнді. Әлеуметтік саланың 2000 жылдардағы дамуы. 2000-2001 жыл- дары әлеуметтік саясат жүргізу ісінде түбегейлі бетбүрыс орын алды. Енді бүл саясат экономиканың түрақталуы және дамуы жағдайында жүзеге асты. Жүргізілетін саясаттың басты қүрамдас бөлігі зейнет- керлерге, ¥лы Отан соғысына қатысқандарға, ардагерлер мен көпбалалы аналарга және басқаларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету болды. 2002 жылға қарай инфляцияның 7%-тен төмендегені байқалып, жалақы мен зейнетақының жыл сайынғы мөлшерін үлғайта алатын мүмкіндік туды. Сондай-ақ негізгі: таяу онжылдықта кедейлікті жою, тез арада орта тап қалыптастыруға басымдық беру іспетті стратегиялық міндеттер айқындалды. 2001 жылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңы күшіне кірді. Әлеуметтік саясат енді заң тэртібімен білім беру, денсаулық сақтау, жэне, жалпы, бюджет саласының қызметкерлерін элеуметтік қорғау үшін бөлінетін қаражат мөлшерін үлғайтуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында үнемі тиімді әлеуметтік саясат жүргізуге жете көңіл бөліп, «цазацстандьщтардыц, оныц барлыц топтарыныц және әлеуметтік топтардыц элеуметтік жай- күйін түракты жацсартып отыру мемлекет саясатьмыц бірінші міндеті екенін жэне солай болып кала беретінін» баса айтады. Соңғы уақыттарда 3,5 миллионнан астам адам бюджеттен әлеуметтік төлемдер алады. Мемлекеттік әлеуметтік жэрдемақылар төлеуге арналған жалпы шығыстар 6,9 есе (1999 жылғы 25,8 млрд. теңгеден 2015 жылы 177,5 млрд теңгеге дейін) өсті. Жалпы, тэуелсіздік жылдары ішінде әлеуметтік-еңбек саласында елеулі табыстарға қол жетіп, бүл халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай көтеруге септігін тигізді. Кедейлік деңгейі 1996 жылғы 34,6%-тен 2015 жылы 2,7%-ке дейін төмендеді. Зейнатақымен қамтамасыз етудің қиындығы мен маңыздылығы ескеріліп, зейнетақы жинақтаушы қорлардың қызметі Президенттің түрақты бақылауында болды, ал зейнеткерлік жинақ ақшаның сақталуы үшін дербес жауапкершілік Қазақстан Республикасы Үкіметіне жүктелді. Республика президенті 2013 жылдың қаңтарында елдің зейнетақы заңнамасына өзгертулер енгізу туралы тапсырма берді. Зейнетақы жүйесін реформалаудың негізгі кезеңдерінің бірі — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрып, оған жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін жэне зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарттары бойынша міндеттемелерін беру болды. Ел басшылығы Мемлекеттік жинацтаушы зейнетаңы корынын (МЖЗҚ) негізінде Бірыцгай жинаңтаушы зейнетакы цорын (БЖЗҚ) құру туралы шешім қабылдады. 2013 жылы маусымның 21-інде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы жаңа, түзетілген нұсқада қабылданды. Зейнетақы заңнамасына сэйкес, БЖЗҚ-ның жалғыз акционері болып ҚР Үкіметі танылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сақтау жэне есепке алу ҚР Үлттық банкінің міндетіне жатады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару да Қазақстан Республикасының Үлттық банкіне жүктелген. Одан өзге, аталған Заңда БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес құру көзделген. Кеңестің жеке құрамын Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді. 2013 жылы тамыздың 22-сінде Әділет органдарында тіркеуден өткен соң, «БЖЗҚ» акционерлік қоғамы жұмысын бастады. Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды а)1990 ж. 15 қазанда. б) 1990 ж. 25 қазанда. с) 1991 ж. 16 желтоқсанда. д) 1991 ж. 28 қаңтарда. 2. Қазақстанда тұңғыш рет республика Президентін сайлау өтті а)1990 ж. 25 қазанда. б) 1991 ж. 1 желтоқсанда . с) 1992 ж. 30 тамызда. д) 1993 ж. 28 қаңтарда. 3. Тұңғыш ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты а)1990 ж. 12 қазанда. б) 1991 ж. 2 қазанда. с) 1992 ж. 16 желтоқсанда. д) 1990 ж. 12 сәуірде. 4. Қазақ КСР-ы атауы Қазакстан Республикасы болып өзгертілді а)1990 ж. 7 қарашада. б) 1991 ж. 10 желтоқсанда. с) 1991 ж. 16 желтоқсанда. д) 1990 ж. 1 желтоқсанда. 5. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясы а)"Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" Декларацияны қабылдады. б) "Тәуелсіз мемлекеттер достастығы туралы " келісімге қол қойды. с) "Қазақстан Республикасының рәміздері туралы " заң қабылдады. д) "ҚР мемлекетгік тәуелсіздігі туралы" заң қабылдады. Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
| 2 |
№ 10 дәріс | Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюуы
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақстанның көп этностылығының қалыптасу тарихы және ұлтаралық келісімнің қазақстандық жолы XVIII—XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанның байырғы халқы өлкенің басым көпшілігін құрады. 1897 жылы Қазақстанда барлығы 4147,7 мың адам тұрған болса, соның 80 пайызға жуығы қазақтар еді. Халықтың қалған бөлігін қазақтар мен қоныс аударған орыс шаруалары, сондай-ақ ұйғыр, дүнген, татар, өзбек, басқа да этностық топтар құрады. Орыстар Қазақстанға алғашқы болып келгендер қазақтар мен әскери шенді орыстар болды. Олар шекара шебіндегі әскери бекімістер мфен станицаларда тұрды. Кейін Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде қазақ әлеуметтік тобына қоныс аударып келген шаруалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана берді. Қазақстанда орыс халқының саны XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде қызу қарқынмен өсті. Бұл кезеңде Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалар Қазақстанға жаппай көшіріле бастаған болатын. 1897 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыстардың саны 544 мың адамға жетті. Олар қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың 12,8 пайызы болды. Орыс халқының негізгі бөлігін қоныс аударып келген шаруалар (40 пайыз), содан кейін қазақтар (33 пайыз), мещандар (19 пайыз), дворяндар (5 пайыз) және басқалары құрады. Қазақтар мен орыс тұрғындары арасында өзара шаруашылық-мәдени алмасулар орын алды. Орыс қызы Мария Рекинаның есімі бүкіл қазақ даласына белгілі болды. «Дударай» әнін орыс қызы өзі ғашық болған қазақ жігітіне арнады.[1] Украиндықтар Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Олар негізінен ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысқандар еді. Украиндықтардың елеулі бөлігі қазақтың кең-байтақ даласына ХІХ-XX ғасырлар шебінде, Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоныс аударуы кезінде келді. Қоныс аударушы украиндықтар негізінен Полтава, Харьков, Таврия, Херсон, Екатеринослав және Киев облыстарының шаруалары еді. 1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 86,7 мың украиндық тұрды. Украиндықтардың қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың арасында алған өзіндік үлесі 2 пайызға жуық еді. Украиындықтардың негізгі топтары (51 пайызы) Ақмола облысында шоғырланды. Олардың басым көпшілігі (87 пайызы) шаруалар болды, бірқатары (7 пайызы) мещандар тобына жатты. Украиндықтардың 5 пайызға жуығы Ресей қазақтары қатарында әскери қызмет етті.[1] Татарлар Қазақстанда татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталды. XVIII—XIX ғасырларда патша үкіметі қазақ даласына ислам дінін тарату саясатын жүргізді. Бұл ретте қазақтардың арасына молдалар татарлардың дін қызметкерлері қатарынан ғана жіберілді. Мұның өзі қазақтарды Орта Азиядағы діни орталықтардың ықпалынан оқшауландыру мақсатымен жасалды. Татарлар өлкенің ірі Петропавл, Семей, Орал, Көкшетау, Верный, Ақмола, Павлодар, Зайсан және Өскемен қалаларында тұрды. Олардың неғұрлым жиі орналасқан жерлерінде татар слободкалары пайда болды. 1897 жылы Қазақстанда тұратын татарлардың жалпы саны 56 мыңға дейін жетті. Мұның өзі Қазақстандағы бүкіл халықтың 1,3 пайызы еді. Татарлардың 38 пайызы мещандар, 28 пайызы шаруалар, 10 пайызы қазақтар, 2 пайызы көпестер болды.[1] Белорустар Белорустар Қазақстан аумағына Белоруссияда 1863—1864 жылдары К. Калиновский бастаған көтеріліс қатыгездікпен басылғаннан кейін келді. Ол кезде Белоруссиядан шет аймаққа 12 мыңнан астам адам жер аударылған болатын. Солардың кейбір топтары Қазақстанның солтүстік аймағын қоныс етіп, орналасып қалған еді. XIX ғасырдың 70-жылдарында Қазақстанның солтүстігіне төңкерісшіл белорус халықшылдары жер аударылды. Кейінірек белорус социал-демократтары да осы өңірден бір-ақ шықты. Белорус социал-демократтар ұйымының белсенді мүшесі П. Румянцев өзінің жер аударылған мерзімін Ақмола облысында өткізді. Кейін Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде көптеген белорус Қазақстанның селолық жерлеріне қоныс аударды. Белорустардың негізгі кәсібі егіншілік болды. Немістер Немістер Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді. Олардың едәуір бөлігі Балтық бойы губернияларынан еді. Немістер негізінен Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен, Жәмішев сияқты тағы басқа да шекара шебіндегі әскери бекіністерде тұрды. XVIII ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы немістердің саны 400 адамға жетті. Қазақ жеріндегі немістер санының арта түсуі ХІХ-XX ғасырлар тоғысына сәйкес келеді. Қоныс аударып келген немістер негізінен егіншілікпен айналысты, өндеуші өнеркәсіп салаларында жұмыс істеді. Олардың көпшілігі (55 пайызы) сауатты еді. Әлеуметтік сословие тұрғысынан алғанда 1897 жылы немістердің 85 пайызын шаруалар құрады. 1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы немістердің жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшілігі Ақмола облысында, Омбы қаласына жақын Ақмола облысының аумағындағы Преображенский, Романовский, Канкринский сияқты поселкелерде тұрды. Олардың ендігі бір елеулі тобы Сырдария облысында да қоныстанды. Сондай-ақ немістер қазақ даласына сонау Германия мен Австрияның тікелей өзінен де қоныс аударып келді.[1] Поляктар Поляктар Қазақстан аумағында алғаш рет XVIII ғасырда пайда болды. Олар патша үкіметі қазақ өлкесіне жер аударған поляк көтерілісшілері еді. Жергілікті өкімет билігі оларды өз еріктерінен тыс Жайық және Сібір қазақтарының қатарына зорлықпен тіркеп жіберген болатын. Жер аударылып келген поляктар Польшадағы 1830-1831,1863- 1864 жылдардағы Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысушылар еді. Олардың едәуір бөлігін поляктардың таңдаулы тобы — дворяндар құрады. Поляктардың қатарында ақын-жазушылар, суретшілер мен дәрігерлер, инженерлер және заңгерлер көп болды. Мәселен, Адам Янушкевин қазақ халқының тарихын қызыға зерттеді. Суретші Бронислав Залесский «Қырғыз даласының тіршілік-тынысы» деген ғажайып картинасын салды. Ақын Густав Зелинский қазақтар өмірінен «Қырғыз» және «Дала» деген дастандар жазды. Владимир Недзвецкий Жетісу мұражайының негізін қалады. Ал Семейге жер аударылған Северин Гросс «Қырғыздардың тұрмысын заңдық тұрғыда зерттеуге арналған материалдар» деген тамаша кітап жазды. Патша үкіметі поляктарды әскери-әкімшілік қызметке де тартты. Поляктардың көпшілігі қалаларда тұрды. 1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 1254 поляк тұрған. Олардың басым көпшілігі Орал, Семей, Ақмола және Сырдария облыстарында қоныстанған еді.[1] Қазақстанға өзге халықтардың жер аударылуы Қазақстан аумағына XIX ғасырдың аяқ кезіне қарай жоғарыда көрсетілген этностық топтардан басқа да халықтар ағылып келе бастады. Ресейдің еуропалық бөлігінен келген неғұрлым елеулі диаспора мордвалықтар болды. 1897 жылы Қазақстанда олардың саны 12 мыңға жуықтады. Олар негізінен Ақмола облысының Көкшетау және Петропавл уездерінде, Торғай облысының Қостанай уезінде тұрды. Уақыт өте келе шағын ұлыстар орыс халқымен араласып, ассимиляцияланып кетті. Іс жүзінде Қазақстанның барлық қалаларында да еврей ұлтының өкілдері болды, 1897 жылғы халық санағында олардың саны 1651 адамға жетті. Олар Ақмола және Сырдария облыстарында жинақы қоныстанды. XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласына Украина мен Бессарабиядан болгарлар да келе бастады. Олар Қазақстанға жер жетіспеушілігінен қоныс аударды. Болгарлар 1908-1910 жылдары Семей облысының Павлодар уезіндегі Разумовка және Андрияновка селоларының, Торғай облысының Ақтөбе уезіндегі Болгарка селосының негізін қалады. Ақмола аумағында эстондықтар мен латыштардың шағын бір тобы (375 адам) да өмір сүрді. 1897 жылы өткен Жалпыресейлік халық санағының деректері бойынша, Қазақстанда 29,5 мың өзбек, 2,8 мың түрікмен, 2,6 мың башқұрт, 997 қалмақ, 987 тәжік, т.б. ұлт өкілдері тұрған.[1] Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. Қазақстан экономикасынтұрақтандыру кезеңі: А) 2001-2005жж. В) 1998-2001жж. С) 1994-1997жж. D) 1991-1993жж. 2. 1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен: А) Республика бағаны ырықтандырды В) Ұлттық валютаны енгізу туралы тұжырымдама қабылданды С) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы қабылданды D) мемлекеттік иныестициялар туралы алғашқы заң бекітілді 3. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру қарсаңында мемлекеттік меншіктің негізгі қорлардағы үлесі: А) 60%-ды құрады В) 70% –ды құрады С) 80%-ды құрады D) 90%-ды құрады 4. 1992 жылы рубль аймағында қалған мемлекеттер: А) Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан В) Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Түркіменстан С) Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан D) Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Әзербайжан 5. Республикада рубльдің қолданылуы біржола тоқтатылды: А) 1994 жылы В) 1995 жылы С) 1996 жылы D) 1997 жылы Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
5. "Ортамерзімді кезеңге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы". | 2 |
№ 11 дәріс | Рухани жаңғыру және қоғамдық-саяси дамудың келешегі
Дәрістің қысқаша мазмұны: Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті ,адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу- өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Жас ұрпаққа сапалы білім беруді мақсат еткен ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Ұлттық патриотизмге тәрбиелеудің негізгі көздеген мақсаты - өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып , келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын сүюге, ар-намысын қорғауға және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу. Қоғамымыздың ертеңгі болашағы - мектеп жасындағы жеткіншектер. Оларды халықтық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеуге, құрметтеуге үйреткен абзал. Өз халқының мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білудің адам болып қалыптасуына берер пайдасы зор. Оқушыларды ұлтжандылыққа , халқын қастерлеп, оған қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу және адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу мақсатында күнделікті оқу-тәрбие жүйесіне халықтық педагогиканың тағылымдарын енгізу кең өріс алып келеді. Қазақтың рухани әлемі - бүгінде қол жеткізіп отырған тәуелсіздігіміздің қайнар бұлағы. Осы орайда патриоттық тәрбие, ұлттық құндылықтар туралы айтатын болсақ, бұл екі мәселе де ұлттық мәдениетпен тікелей байланысты. ұлттық тәрбиенің жаңаша серпіліс алуына әсер еткен қазақ даналарының, ақын-жыраулардың, аңыз –ертегілерінің, жыр эпостарының нақтылы тарихи-мәдени феномендерінде көрініс табуы. Сонымен қатар туған жер, ата-қоныс, елдік пен ерлік, азаматтық пен адамгершілік, имандылық пен парасаттылық ұлттық тәрбиеге үлкен әсер етеді. Мысалы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев тағы да басқа көптеген ақын-жазушы, қоғам қайраткерлері, ғалым–педагогтеріміз халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, ауызекі шығармаларын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге құрметпен қарау мәселелеріне көп көңіл аударады. Қазір мектеп оқушыларына осы қазақтың зиялы қауымдарының шығармаларын жеткізіп, оны өмір салтына ендіруде ұстаздар қауымы үлкен еңбек етуі керек. Тәуелсіз елдің ұрпағына мәдениет пен ғылым, тәрбие мен білім беру - үздіксіз үрдіс. Олай болса,тәуелсіздік туын биіктеткен жастардың ұлттық білім мен тәрбие құндылықтарын меңгеруі жасампаз Қазақстанның жалынды жігерін, қуатты кемерін, ұлттардың жомарт жарастығын, ырысты ынтымағын әлемге паш етеді. Сондықтан да Қазақстанның келешегі – оның әлемге ашықтығында. Елбасы «Жас Отанның» негізгі күштерін жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағыттауы керектігін бағамдай келе, партия патриотизмнің үлгісін көрсету керек деп тұжырымдады. Жас ұрпақты тәрбиелеудің өзекті тұстары - әр азаматтың өзіне қатысты алғанда өзіндік талап етуі,қоршаған ортаға қатысты оның шыншылдығы, елге қатысты алғанда оның адалдығы. Патриотизмді қазіргі көзқараспен ұлтжандылыққа, елжандылыққа сыйғызамыз.Олай болса, патриотизм – қоғамдық сананың бір формасы, ол тарихи және топтық категория бола отырып, қоғам дамумен бірге дамып, жаңа мағынаға, мазмұнға толықтырылып отырады.Патриотизм- әлеуметтік, тарихи қалыптасқан сезім – ол Отанға деген сүйіспеншілік сезім, олай болса ол да Отанға қызмет көрсетуден басталады. Халқымыздың патриоты Б.Момышұлы «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азамат пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Сондай-ақ оның «Отан үшін отқа түс-күймейсің»» - деген өсиетінің жас ұрпақтан –ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім – тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық. Ғалымдар «ұлттық патриотизм - өз ұлтының салт-дәстүрін, қадыр қасиетін бойына сіңіруі және оны қастерлеп қорғауға дайын болуы, бұл туғаннан ата тегінен қанмен беріліп, тәлім тәрбие арқылы жетілетін ұлттық сипаттағы саналы әрекет пен мінез-құлық. Қазіргі кезде ұрпақ тәрбиесіндегі патриотизмнің мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени мұралар негізінде жасөспірімдердің бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, ұлттық намысын оятып, сана – сезімін қалыптастыру және рухани байлығын дамыту. Патриоттық тәрбие ұлттық намыс, ұлттық сана сезім және рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса , рухани байлыққа ең алдымен – тілімізді, дінімізді, салт– дәстүрімізді жатқызсақ, тіл-қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет» - дейді. Қазақстандық патриотизм – тарихи тамырлы терең әлеуметтік саяси, психологиялық құбылыс. Ол ұлттардың арасындағы демократиялық дүниетанымға, адамгершілікке, бөтенді жатырқамайтын қазақтың ұлттық менталитет пен дәстүрге негізделген. Қазақ жерін барлық ұлттар шынайы Отанына айналдыру, тілін, дінін дамытып, өркениет жолына салатын идеология мен саясат. Сондықтан да, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру процесінде жоғарыда аталған патриотизмнің ерекшеліктерін есте ұстап жүргізу қажет. Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. Егемендік жағдайындағы тұңғыш халық санағы жүргізілген жыл: А) 1997 ж. В) 1998 ж. С) 1999 ж. D) 2000 ж. 2. 2001жылы қабылданды: А) Қазақстан – 2030 мемлекеттік бағдарламасы В) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы С) «Интеллектуалды ұлт» стратегиялық бағдарламасы D) «Сақтандыру туралы» Заң 3. Әлеуметтік қорғау жүйесінің басты элементтері қатарынан қатені табыңыз: А) Мемлекеттік жәрдемақы В) Міндетті әлеуметтік сақтандыру С) Әлеуметтік көмек D) Тегін медициналық көмек 4. 1992 жылы құрылған қоғамдық қор: А) «Бөбек» В) «Көк майдан» С) «Әділет» D) «Ақиқат» 5. Кедейшілікпен күрес жылы: А) 2000 жыл В) 2001 жыл С) 2002 жыл D) 2003 жыл Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
| 2 |
№ 12 дәріс | Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты 1. Қазақ жерлерін Ресей империясының жаулау тарихын қайта зерттеудің қолға алынуы. 2.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлттық тарихты ұлықтауға арналған іс-шаралар. 3. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ұлттық таризты зерделеу мәселелері. Дәрістің қысқаша мазмұны: Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстан тарихына бүкіл ұлттық қызығушылық артты. Бұл кездейсоқ пайда болған қызығушылық емес еді. Ұзаққа созылған науқастан соң есін енді жинай бастаған адам сияқты, қазақ халқы да өзінің өткенін жадына түсіргісі келді. Халықтың жадысы - тарих. Сол тарих арқылы қазақ, қалайша осындай жағдайға душар болғанын білгісі келді, өзін-өзі түсінгісі келді. Ол- заңды құбылыс. Тарихқа деген сұраныс ұсынысты тудырды. Мерзімді басылым беттерінде тарихи деректер мен тарихи мақалалар тасқыны басталды. Журналистердің, әдебиетшілердің, басқа да зиялы өкілдердің тарихи тақырыпқа арналған мақалалары көптеп жарияланды Еліміздің тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер жаңаша тұрғыдан қаралып, дербес, тын, тәуелсіз ой-пікірлер мен тұжырымдар қалыптаса басталды. Тарих ғылымында жаңа бағыттар, айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Біріншіден, өзгеріс ең алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық –методологиялық негіздерін қамтыды. Бұрынғы таң шеңберлі, қасаң таптық позицияға негізделген методологиядан, жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алған және ұлттық мүддеге негізделген методологияға бағыт алында. Қазақ тарихы жалпы адамзат тарихының тінінде (контексінде) зерттеле бастады. Екіншіден, қазақ тарихшылары өз халқының тарихын ешкімге жалтақтамай ана тілінде жазуға мүмкіндік алды. Қазақ тілінде кандидаттық, докторлық диссертациялар дайындалып қорғалды және монографиялық зерттеу жұмыстары дүниеге келді. Үшіншіден, Қазақстан тарихшылары бұрын жабық болған қолдануға тыйым салынған дерек көздерін пайдаланып, оларды ғылыми айналымға тарта бастады. Жаңа деректерді іздестіру, оларды сұрыптап, талдау негізінде арғы-бергі тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толтырудың жолдары мен әдістері айқындалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде арнайы деректану және тарихнама кафедрасы ашылды. Төртіншіден, халқымыздың тарихына қатысты бұрын пайда болған деректер газет, журнал беттерінде молынан жарияланды немесе жеке кітаптар түрінде жарық көрді. Бұл факторлар тарихымыздың қара түнек беттерін ашық, тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында «Қазақ тарихы», «Отан тарихы», «Алаш» журналының шығуы халық санасында жаңа көзқарас қалыптастыру мен насихаттауда оң қызмет атқарды. Бесіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын тақырыптар, яғни «тарих ақтаңдақтары» ашылып, большевиктер партиясының халқымызға қарсы жасаған қылмысты істері әшкереленді. Большевиктер қолымен ұйымдастырылып, ұлтымызға орны толмас қайғы-қасірет әкелген зұлматтың себеп-салдары көрсетіліп көлемі анықталды. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне арналған еңбектер көлем едәуір болды. Олардың арасында, әсіресе, кеңестік тоталитарлық жүйе тарихынан жазылған еңбектер айтарлықтай мол. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің тарихи танымын айқындайды. Ол қазақ тарихының он екі кезеңін атап өтті: 1. Қазақстанның бүкіл аумағын қамтитын көшпелі, ежелгі арийлердің қоныстануы. Оған Сынтасты, Арқайым қорым-кешендері кіреді. 2. Осыдан 4-5 мың жыл бұрын арийлер солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік Оралдан Үнді өзені бойына ығысты. Үндіде Веда, Иранда Авеста жазылды. Мәдени-тарихи көтерілу басталды. Ежелгі дала, қазақ жері әлсіреді. Содан қалған белгі - таңбалы қамшы. Сақ патшаларының Есіктегі, Бесшатырдағы қорғандары одан кейінгі дәуірдің белгілері. 3. Осыдан 3-4 мың жыл бұрын Гоби маңында ғұндар билік құрды. Олардың бір тобы бір ғасырдан соң бүгінгі қазақ даласына құлады. Тәңірге табыну басталды. 4. Осыдан 1,5 мың жыл бұрын ғұн нәсілдері - түркілер - Ашина руының түркілері жинақталып, кейін олар түркі қағанатын - Мәңгілік ел қалыптасты. «Қорқыт ата» аңызы сол заманның тарихи сарыны. Түркі эпосының үш бұтағы немесе үш бөлігі - Қазақстандағы түркі руханиятының қайнар көзіне айналды. 5. Бұдан 1300-1100 жылдар бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығысқа көшті. Ол Орхон-Енисей жазбаларында таңбаланды. Тоныкөк, Күлтегін рунасының жазбаларын, қырыққа тән жәдігерлерді енгізуге болады. 6. Осыдан 1100-900 жылдар бұрын Қазақстанға ислам діні дендеп енді. Араб әріпі руна жазуын ығыстырып шығарды. Ғылым-білім дамыды. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари сол заманның сөнбес жұлдыздары. 7. ХІ ғасыр түркілерден шыққан тұңғыш сопы - Қожа Ахмет Йассауи хикметтерімен ерекшеленеді. Ол қазақтардың рухани мұрасы. Ал Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қазақ мемлекеттігінің нысанасы, ол қазақтың ұлы тұлғаларының пантеоны. 8. ХІІ-ХІV ғасырлар Шыңғыс хан мен оның ұрпағын жаулаушылық бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына кесел болып жабысты, қанжоса болды. Сол кезде қазақтан Майқы би шықты. Ол қазақтың үш жүзінің таңбаларын тасқа қашады. Үйсіндердің нысаны - ту, арғындардың нысаны - көз, алшындардың нысаны - найза. Үш жүз өзінің жауынгерлік ұранын алды. Ұлы жүз - Бақтияр - Бақыт, Орта жүз - Ақ жол - Әділет, Кіші жүз - Алшын - От-ана. Олардың ортақ ұраны - Алаш болды. 9. XV-XVIII ғасырлар қазақ хандығы құрылуымен биік сапаға көтерілді. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау қазақ руханиятының алтын ағысына айналды. Жәнібек пен Керей хан қазақ деген атауды тарих сахнасына алып шықты. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғыны» жасады. 1729 жылы Аңырақай шайқасы қазақтың болу-болмауы туралы мәселені шешті. «Біз күні бүгінге дейін осынау ұлы оқиғаның тиісті бағасын бергеніміз жоқ»! 10. Бұл ХVІІ-ХІХ ғасырларды қамтиды. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезі еді. Осы кезеңде тарих сахнасына Абылай хан келді. Қазақ елі Ресейдің боданына кірген тұс та осы кезең. Осы сәтте жарқ етіп қазақ көгіне Шоқан мен Абай шықты. 11. ХХ - ХІХ ғасыр Ресейдің гүлденуі де, құлағалы тұрған кезеңін белгілейді. Қазақ өз мемлекетін құруды көздеді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов Алашорда үкіметін құруға ұмтылды. Қазақ төңкерісі сөз жүзінде еркіндік әкелгенімен, шын мәнісінде қасіретті жаңа бір кезеңге ұласты. 70 жыл бойы коммунистік жүйе қазақтың ұлттық рухын жоғалтуымен айналысты. Тілінен, дінінен айырылған халық қалыптаса бастады. 12. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі қазақтардың рухын оятты. Алып СССР құлады, қазақ егемен, тәуелсіз мемлекет құру құқығына ие болды. АСТАНА. 28 маусым. Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Отырыста өкілетті мемлекеттік органдардың «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеу, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысында белгіленген міндеттерді іске асыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар қаралды. Бағдарламаның басты мақсаты - озық әдіснама мен әдістеме негізінде Қазақстанның тарих ғылымының сапалық серпілісі, қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихының жиырма жылдығын зерделеу үшін жағдай жасау. Кездесу қорытындысы бойынша ұлттық тарихты жан-жақты зерттеу жөнінде ғылыми-зерттеушілік, оқу-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық жұмыстарды түрлі бағыттар бойынша ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Бұл тәуелсіздік тарихты оқиғалар, даталар мен атаулар тізбесі ретінде білумен ғана қамтамасыз етілмейді. Ол, ең алдымен, өз тарихыңды түсініп, түйсіне білуді қажет етеді Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу заңдарда көрсетілді : A) «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Лицензиялау туралы», «Білім туралы» B) Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», C) «Балалар туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» D)ҚР Конституциясы,«Қоғамдық бірлестіктер туралы»,«Саяси партиялар туралы» E) «Саяси партиялар туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Лицензиялау туралы» 2 Тәуелсіз Қазақстанда алғаш «Кәсіподақтар туралы» Заң қабылданды: A)1997 жылы B) 1993 жылы C) 1991 жылы D) 1987 жылы E) 1996 жылы 3.«Нұрлы көш» бағдарламасының мақсаты: A) Елдің микроаймақтарын қалыптастыру B) Қандастарымыздың көшін жүйелеу C) Тұрғын үй қолжетімдігін жоғарылату D) Экономиканың жекелеген секторларын дамыту E) Туған жерге қайту 4. Тәуелсіздік жылдарындағы халықтың табиғи өсімі артты: A) 15,7 есеге B) 3,7 есеге C) 2 есеге D) 1,7 есеге E) 5,7 есеге 5. Құқықтық реформаның негізінде сот жүйесіне енді: A) Адвокаттар алқасы B) Бас прокуратура алқасы C) Билердің соты D) Алқа билер соты E) Дәстүрлі билер соты Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
| 2 |
№ 13 дәріс | Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел
Дәрістің қысқаша мазмұны: Еліміз жаңарып, қуаты артып, үлкен қиыншылықтарға ұшырамай дамып келеді. Қоғамдағы өзгерістер өте жылдам. Адамның санасындағы жаңашылдық технологияны және қоршаған ортаны мүлдем өзгертіп жіберді. Осындай тарихи уақытта қандай мемлекет болмасын өзінің дамуы мен өмір сүру жолдарын, мүмкіндіктерін және алдағы болашағын анықтап алуға ұмтылады. Қазақстан халқына осы тарихи міндетті шешіп берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы. Биылғы Жолдаудың ең басты ерекшелігі – оның халықты болашақта шешілетін мемлекеттік міндеттерге бетбұрыс жасатуы.Жолдауда халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді. Кеңес Одағы кезеңінде Қырғыз-қазақ автономиялық республикасы, одан кейін 1936 жылдан Қазақ Советтік Социалистік Республикасы болып аталды. Бұл атау тәуелсіздік алғанға дейін 1991 жылы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңға дейін елдің ресми атауы болды. Тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуы, әлемдік қауымдастыққа танылуы Қазақстан Республикасы деген атаумен жүзеге асты. Тәуелсіздікті енді ғана алып, өтпелі даму кезеңіне түскен Қазақстан үшін Қазақстан Республикасы атауы дұрыс болды. Себебі тәуелсіз дамудың бастапқы кезеңде ел халқының тең жарымынан астамы басқа халықтардың, ұлыстар мен диаспоралардың өкілдері болатын. Президент біз ғылымсыз, ғылымды дамытпай алысқа ұзай алмаймыз, ешнәрсе жасай алмаймыз, әрі қарай дами алмаймыз дегенді айтуындай айтып жатыр. Жақында оқыған интерактивті дәрісінде де осы мәселеге жан-жақты тоқталды. Соны төмендегілер құлаққа ілсе, кәне?! Ғылым қаржыландырса ғана дамиды. Мысалы, «Болашақ» деген бағдарлама – өте тамаша жоба. Осы бағдарламаны ұсынып, Президент жақсы іс жасады. Бірақ шетелде оқығандардың ғылымға келгендері жоққа жуық, бәрі билікке, бизнеске, жан-жаққа кетті. Кезінде Кеңес өкіметі де біліктілігін арттыру үшін жастарды шетке жіберген. Бірақ көп адам жіберген жоқ. П.Капицаны атақты ағылшын физигі Резерфордтың лабораториясына орналастырған екен. Ландауды Копенгагенге жіберген. Сол сияқты, өзін-өзі көрсеткен жас ғалымдарды үш жылға, бес жылға шет мемлекеттердің лабораторияларына жіберіп отырған. Сол жерде олар ғылымның ең алдыңғы қатардағы тетіктерімен етене танысып, өздері әрі қарай дамытатын деңгейге жеткен. Солар келіп соғыс кезінде Кеңес өкіметінің барлық технологиясын жасап берді. Ал біздің жастарымызды шетелге жібергенде олардың алдына нақты міндеттер қойылмайды, олардың дені шетелдің университеттерінде білім алады, тіл үйренеді, сол елдің тіршілік-тынысымен танысады. Бірақ нағыз үлкен ғылымның маңайын да баспайды. Сондықтан, олар ғылымнан ат-тондарын ала қашады. Келмейтін себебі – ғылымның беделі төмен. Олар министрлікке барса, жап-жас бала вице-министр болып шыға келеді, болмаса департаменттің тізгінін қолға алады. Пәтер, тағы басқа осы сияқты жеке басына қатысты мәселелер бәрі шешіледі. Мен өзім оптимиспін. Түбінде бұл мәселелер бәрібір орнына келеді. Тек уақыттан ұтылып қалмасақ болғаны. Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. 2015 жылы 10-11 маусымда өтті: A) Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезі B) Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі C) «Жас Отан» Жастар қанатының» I съезі D) Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі E) «Жас Отан» Жастар қанатының» IІ съезі 2. Ауылда тұруға аттанған жастарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге бағытталған Жоба: A) «Жастар практикасы», B) «Дипломмен ауылға!» C) «Жастар - Отанға!» D) «Жасыл ел», E) «Дипломмен Отанға» 3. «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады: A) «Жас Отан» жастар қанатының ІІ сьезінде B) «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс өткен ІІІ сьезінде C) «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс өткен ІV сьезінде D) «Жас Отан» жастар қанатының V сьезінде E) «Жас Отан» Жастар қанатының» I съезінде 4. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І сьезі өтті: A) 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Ақтауда B) 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астанада C) 2009 жылы 1-2 шілдеде Астанада D) 2012 жылы 30-31 мамырда Астанада E) 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Алматыда C) 2009 жылы 1-2 шілдеде Алматыда 5.Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы құрылды: A) 2008 жылы 28 тамызда B) 2012 жылы 28 қыркүйекте C) 2017 жылы 25 тамызда D) 1997 жылы 1 тамызда E) 2005 жылы 1 қыркүйекте Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
| 2 |
№ 14 дәріс |
1.Н.Ә.Назарбаев — тәуелсіз Қазақстанның негізін салушысы, шынайы ұлт көшбасшысы. 2.Н.Ә.Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–конституциялық мәртебеге сай ұлт көшбасшысы. 3.Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы бастамасы. 4.ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары - елдің стратегиялық дамуы жоспарлары. Дәрістің қысқаша мазмұны: Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетіміздің негізін салушы ретіндегі ерен еңбектері жайында айтқанда, біз оларды республикамыздың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық салаларындағы нақты қол жеткен жетістіктерімізбен ұштастыра баяндаймыз. Түбегейлі жаңа саяси жүйе қалыптасты. Табысты дамып жатқан күшті мемлекет құрылды, оның жаңа бас қаласы - қазіргі заманға лайық және әсем Астана салынды. Қазақстандықтардың әл-ауқаты тұрақты артып, өмір сүру сапасы жақсарып келеді. Ұлттың адам капиталын әлеуметтік жаңғырту және күшті дамыту бағыты белгіленді. Қазақстандық төзімділік күшейіп, көп этностық және көп конфессиялық халықтың бірлігіне - Қазақстанның алға басқан қозғалысының кері айналмайтындығының баға жетпес кепіліне қол жетті. Қазақстанның осы және басқа көптеген жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Біздің Тұңғыш Президентіміз елді қиын-қыстау кезде басқарды. Қазақстанның тәуелсіздігі оның қызметімен тығыз байланысты. Елбасы ұсынған ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асыру барысында еліміз экономика жағынан тиімді және, оған қоса, әлеуметтік жағынан жайлы мемлекет құрып, өңірдің көптеген елдері үшін үлгіге айналды. ҚР Президенті – көптеген маңызды халықаралық бастамалардың авторы. Бүгінгі қүні елімізде ірі халықаралық форумдар шақырылады, ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО және ҰҚШҰ саммиттері, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бес съезі біздің еліміздің бас қаласы - Астанада өтті. Қазір бұл халықаралық құрылымдар кең танымал, құрметке ие және жеткілікті тиімді. Ол ұйымдардың Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және белсенді қатысуымен құрылғаны - есімізге түсіруге тұрарлық оқиға. Қазақстан Республикасының 2010 жылы - ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болып сайлануы, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ұйымдастырылуы - осының бәрі жалпыұлттық көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылыгымен қалыптасатын қазақстандық сыртқы саясаттың нақты жетістіктерін халықаралық қоғамдастықтың даусыз мойындауының басты себептері. Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінен және Қазақстанның дамуынан біз сол басты бағыттарды - елдің және оның барша халқының болашақта өркендеуі үшін маңызы бар кешенді стратегиялық: дара экономикалық та, саяси, әлеуметтік және мадени-адамгершілік те міндеттердің шешімін кореміз, Нақ осы себепті 1990 жылдарда кең тараған «Назарбаевтың бірегей қабілеті» деген термин серпінділікті, реформаларға ұмтылуды, «оңшыл» мен «солшылдарсыз» центризм саясатын жүргізуды, прагматизмі мен басқарудың жоғары тиімділігін бірегей үйлестіруді білдіреді және осының барлығы, нәтижесінде, күшті экономиканың қалыптасуына, және қазақстандық үйлесімділік пен сәйкестіктің пайда болуына келтірді. 2. Бүгінде қоғамды жан-жақты қайта құрудың қазақстандық жолында саяси тұрақтылықтьқ аса маңызды факторларының бірі республика президенті лауазымын тағайындау және ол лауазымға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайлануы болды деп нық сеніммен айта аламыз. «Жаңғыртудың соңынан келе жатқан елдердегі саяси жүйелердің ерекшелігі, президенттік институт рөлінің күшеюімен қатар, биліктің дербестенуінің жоғары дәрежесінен шығады, - дейді М.Б.Қасымбеков. - Жинақталған іс-тәжірибе көрсеткендей, ортақ мақсатқа жету үшін өзінің кошбасшысының айналасына топтасқан ұлттар ғана жаңғырту талабына лайықты жауап бере алады. Сондықтан өтпелі елдер үшін, мемлекет басшысы институты мен ұлт көшбасшысын бір тұлғаға біріктіру өте маңызды болып көрінеді. Бұндай жағдай өмірге күшті президенттік билік институты енгізілуін қажет етеді». Шындығында, республика президентінің конституциялық жағдайы, Н.Ә.Назарбаевтың көпқырлы жэне нәтижелі қызметі, жұмыс барысында барлық саяси-құқықтық, ұйымдастырушылық, идеологиялық тәсілдер мен әдістерді барынша мол пайдалану, азаматтық қоғамның эртүрлі субъектілерімен, кәсіподақтармен, саяси партиялармен, БАҚ өкілдерімен, азаматтармен тікелей қарым-қатынас пен сенімді әңгімелесу заңды нәтижеге - конституциялық заңнамада Н.Ә.Назарбаевтың - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысының ерекше мәртебесінің мағлұмдалуына келтірді. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Палаталарының бірлескен отырысында жасаған «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамның жедел дамуы» атты баяндамасында Н.Ә.Назарбаев тэуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның бірте-бірте өркендеуі жолында елдің қоғамдық дамуының келесідей кезеңдерін ажыратты: бірінші кезең - 1991-1995 жылдар; екінші кезең - 1995-2000 жылдар және үшінші кезең - 2001-2006 жылдар. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың экономика, әлеуметтік және саясат салаларында тер төге еңбектенуі нэтижесінде қол жеткізген жетістіктерін жылдарға топтастыра отырып көрсетті. Мемлекет - ол, бірінші кезекте, адамдардың өздерін осы мемлекеттің азаматтары деп сезінетін белгілі бір қоғамдастығы. Мемлекет тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында адамдардың өз тағдырларын қазақстандық мемлекеттіліктің тағдырымен біріктіруге ұмтылысы барысында саясаттағы жолдарын өздерінің айқындауы Қазақстан Республикасы ынтымақтастығының іргетасына айналды. Н.Ә.Назарбаевтың қызметіндегі барша саясат халықтың бірлігін: тұлғалардың, көзқарастар мен пікірлердің, идеологиялық және саяси қалау-ниеттердің көптүрлілігін шектемей немесе кемсітпей қамтамасыз ету арқылы адамдарды қазақстандық қоғамға шоғырландыруға бағытталған. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың мазмұны, түрлері мен әдістері, оның тармақтарына жататынына, сонымен бірге ел ішіндегі әрбір іс-қимылға және сыртқы саясат алаңында іске асатынына қарамастан, жеке адамның мүдделерін қамтамасыз ету идеясымен қанығып, толыққан. Нарықтық экономиканың дамуы Қазақстанда жеткілікті өкілетті, бұрын белгілі емес меншік иелері табының қалыптасуына келтірді. Қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымы бірте-бірте саяси мағынада белгілі бір түрде түзіле бастады. Бұл әртүрлі әлеуметтік топтардың өзіндік мүдделерінің қоғамдық бірлестіктер жэне мемлекеттік органдар жанындағы кеңесшілік құрылымдар түрінде институттануына келтірді. Меншік иелерінің пайда болған жаңа табы, негізінде, бірте-бірте қазақстандық саясат ауқымында жаңа құндылықтарды бекіту үшін әлеуметтік негізге айналып жатқаны байқалады. 3. 1997 жылы елдің бас қаласы Алматыдан Астанаға көшірілді. Ел астанасын көшіру бастамасын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев көтерген. Еліміздің президентіне, бұл идеяның негізгі бастамашысына күмәншіл адамдарды бұл қадамның дұрыстығына, қажет екеніне сендіруге тура келді. Шындығында, астананы жаңа орынға ауыстырудың уәжді негіздемелері бар еді. Біріншіден, астананың солтүстікте орналастырылуы геосаяси себептерге байланысты болды: тәуелсіздікті қамтамасыз ету және сақтау мүдделерінде астана елдің географиялық орталығына айналуға тиіс-тін. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «Қазақстан бұл әрекетімен Солтүстіктің Оңтүстікпен, Шығыстың Батыспен теңқұқылы ынтымақтастығына өзінің ашықтығын жария етер еді», -деп жазды. Екіншіден, астананы көшіру қажеттігі елдің индустриялық- инновациялық дамуын нығайту міндеттерінен туған. Үшіншіден, Алматы ол кезде өз дамуының аумақтық ресурстарын сарқып болған-ды. Қала ары қарай аумағын кеңейте дами алмайтын болды, өйткені оны іс жүзінде барлық жағынан таулар қоршаған. Қала небары 400 мың тұрғынға арналып жобаланған, ал халқының саны XX ғасырдың 90 жылдарының ортасына қарай бір миллион адамнан асып кетті. Оның үстіне, елдің оңтүстік мегаполисін сумен жабдықтау мәселесі де қиындай түсті. Төртіншіден, Алматыда экологиялық жағдай айтарлықтай нашарлап кетті. Қаланың ауасын желдетіп, тазарту қиын болды. Кәріз жүйесі мәселесі де өткір еді. Қаланы ауызсумен және жылумен жабдықтау ісінде қиындықтар туды. Қала маңында заңсыз және бей-берекет құрылыстардың жедел қарқын алуы онсыз да қиын жағдайды одан сайын ушықтырып жіберуі қаупі туды. Сейсмика тұрғысынан да кейбір қиындықтар пайда болды. Бесіншіден, жаңа жағдайларда әуе, теміржол, автокөлік жолдарының қиылысында тұрған Алматының қолайлы көлік қатынастары болмады. Ал Ақмола жаңа астана ретінде іс жүзінде халықаралық стандарттардың барлық 32 өлшеміне, оның ішінде: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмикалық жағдайлар, қоршаған орта, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және басқалары бойынша толық дерлік сай келеді. 4. Қазақстан Республикасының 1995 жылы тамыздың 29-ында қабылданган Конституциясына сәйкес, мемлекет басшысы елдегі жағдай және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары жайында Қазақстан халқына жылма-жыл Жолдаулар арнайды. Президенттің алғашкы ресми Жолдауы 1997 жылы қазан айында жария етілді. Дәл сол уақыттан бастап көптеген президенттік республикаларға тән осы Дәстүр қалыптасты. Президенттің 1997 жылгы Жолдауы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуына арналды. Жолдау «Барлық қазақстандықтардық өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деп аталган. Жолдау жаңа тарихымызға «алғаш рет ел дамуының болашағы зор, ұзақмерзімдік, алдағы үш онжылдыққа тұжырымдамалық негізделген бағыттарының» құжаты ретінде енді. Елбасының 1997 жылғы Жолдауы тәуелсіздік таңы атқан кезде-ақ айқындалған, негізге алынатын: саяси және этносаралық тұрақтылық, әлеуметтік серіктестік, нарықтық қатынастардың орнауы, отан- сүйгіштіктің нығаюы мақсаттарын жаңа деңгейде дамытты. Сол жылғы Жолдау ел алдына қойылған мақсаттар, оның ішінде жүйелі және кепілдік берілетін жетістіктер үшін қажетті ең биік мемлекеттік стратегияға - «Қазақстан-2030» Стратегиясына атау берді. Әлемде «Азия барыстары» деген атаумен белгілі Азия - Тынық мұхиты өңірінің (АТӨ) бірқатар: Корея, Тайвань, Сингапур, Малайзйя, Индонезия, Таиланд елдерінің жеткен жетістіктерін саралай отырып, Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан өзінің барлық мүмкіндіктерімен осындай нәтижеге жете алмайтын қандай да бір себептер бар ма?» — деп сұрақ қойды. Содан соң ондай себептердің жоқ екеніне нық сенімді екенінбілдіріп, демек, 2030 жылға қарай Қазақстанның «Орталық Азия барысына» айнала және басқа дамушы елдерге үлгі бола алатын» мүмкіндіктерінің мол екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның XXI ғасырдағы басты міндеті мен қызметін осыдан көрген-ді. Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. Н.Ә. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген еңбегі: А) «Тарих толқынында» В) «Бейбітшілік кіндігі» С) «Әділеттің ақ жолы» D) «Казахстанский путь» 2. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында: А) Тарихи еңбектер ақталды В) Қожа Ахмед Яссауи кесенесі реставрацияланды С) Бейбарыстың Дамаскіде кесенесі салынды D) Барлық жауабы дұрыс 3. «Мәдени мұра» негізінде шетелден тарих, этнографияға қатысты: А) 3 мыңға жуық ескерткіштер қалпына келтірілді В) 5 мыңға жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылды С) 7 мың кітап басып шығарылды D) Деректі филмдер түсірілді. 4. Президентіміздің «Халық тарих толқынында» бағдарламасы қабылданды: А) 2010 В) 2012 С) 2013 D) 2014 5. Елбасы ұсынған «Халық тарих толқынында» бағдарламасының мақсаты: А) Тарих ғылымын сапасы дамыту В) ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру С) Қазақстанның қазіргі заман тарихының кейінгі екі он жылдығын жете ұғыну D) Барлық жауабы дұрыс. Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес) 1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысының мәртебесі қандай құжаттарда заң түрғысынан бекітілген? 2. Ел астанасын Алматыдан республиканың орталығына көшіру идеясын ұсынған кім? 3.Алматы неге өзінің тәуелсіз Қазақстан астанасы ретіндегі мүмкіндіктерін сарқып болды? 4.Президенттің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауларының мәні мен мазмұнын ашып көрсетіңіз. 5.Жолдаулардың, шын мәнінде, дамудың және мемлекеттік стратегияны жүзеге асырудың кезекті кезеңдері ретінде қандай маңызы бар? | 2 |
№ 15 дәріс | Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы 1. Мәңгілік елдің негізгі идеялары мен құндылықтары. 2. "Мәнгілік ел" ұлттық идеясының мәні мен маңызы. 3. "Мәңгілік ел"- ежелгі түркілер мұраты. Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – халқымыздың бастан кешірген елеулі оқиғаларының бірі. Осы жылдар аралығында Қазақстан әлемде дамыған 50 мемлекеттердің қатарына қосылды. Болашаққа жоспарланған 2030-стратегиясын мерзімінен бұрын іске асырып, алдағы мақсаттарды айқындау үшін Қазақстан-2050 жоспарын қолға алды. Ұлттың дамуын нақтылайтын, алға жетелейтін 5 институционалды реформа белгіленіп, ол реформаларды жүзеге асыратын 100 нақты қадам бойынша бүгінде нақты істер жүзеге асырылып жатыр. Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл, Елбасымыздың: «...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», – деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастамасына көз жүгіртер болсақ, көне түркілердің осы сипаттағы идеясы үш негізден тұрады. Оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік рухы және азаттық идеясымен үндесіп тұр. Екіншісі – Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» шығармасында бұл идеяның теориялық тұрғыдан тиянақталуы. Ұлы ғалым ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасаған болатын. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың негізгі механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Әл-Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі – экономикалық және саяси мәселелер – негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді. Үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік»дастаны. «Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Дастанда X-XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күн туды – әділ ел басшысының рәмізі. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды. XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдай Ресейдің тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы және жалғастырушы тұлғаның ерлігі. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «Мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. Бүгінгі таңда бірлікті бетке ұстаған елдің идеологиясы да осы іспетті болмақ. Ал, бүгінгі таңдағы Қазақстанның біртұтас мемлекет ретінде ортақ шаңырақта өмір сүретін ұлттардың идеясы да осы мәңгілік елдің тұтастығы мен мызғымас іргесінің болуымен ерекшеленеді. Елбасы бес институционалдық реформаны талдау барысында, тарихтың жаңа белесінде тұрған ұлттың бірлігін нығайтуды ерекше назарға алды. «Біздің қоғамымыздың көп түрлілігі – біздің әлсіздігіміз емес, күшіміз. Барлық азамат құқықтың бірдей көлемін пайдаланып, жауапкершіліктің бірдей жүгін арқалап және түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты және біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда көптеген тілдерден және мәдениеттерден қалыптасты. Мәңгілік елдің құндылықтары: Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес) 1. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жарияланды: A)2015 жылдың 30 қарашасындағы Елбасының Жолдауында B)2017 жылдың 31 қаңтардағы Елбасының Жолдауында C) 2014 жылдың 17 қаңтардағы Елбасының Жолдауында D) Қазақстан-2050 стратегиясында E)Қазақстан-2030 стратегиясында 2. 2010 жылы Қазақстан төраға болды: A)Ислам Ынтымақтастық Ұйымына B) Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына C)Халықаралық Валюта Ұйымына D) Дүниежүзілік сауда ұйымына E)Біріккен Ұлттар Ұйымына 3. 1992 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев сөйледі: A) БҰҰ Бас Ассамблеясының 45 сессиясында B) БҰҰ Бас Ассамблеясының 37 сессиясында C) Дүниежүзілік сауда ұйымының 23 сессиясында D) Халықаралық Валюта Ұйымының 21 конгрессінде E) БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында 4. Қазақстан дипломатиялық қатынас орнатты: A) 200 елмен B) 150 елмен C) 80 елмен D) 120 елмен E) 300 елмен 5. Елбасы ұсынған «XXI ғасырдағы әлем» манифесі: A) Экологиялық технологиялардың жаһандық серіктестігі B)Соғыс атаулыны адам санасынан аластауға бағытталған C) Экономикалық өз ара байланысты дамытуға бағытталған D) Мәдени өз ара байланысты қалыптасыруға арналған E) Елдердің арасындағы қақтығыстарды шешуге бағытталған Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)
| 2 |
Ескерту:
...