Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Автор:   •  Март 9, 2021  •  Реферат  •  1,834 Слов (8 Страниц)  •  746 Просмотры

Страница 1 из 8

                       

                                                   ДӘРІС № 1

                           «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»

     Оқытушы; Саржанова Самал Сағнайқызы

     Дәрістің мақсаттары: Дәріс барысында студенттерді “Қазақстанның қазіргі заман тарихы” курсының мақсаты мен міндеттері, тарихнамалық негізі және тәуелсіздік жылдарындағы тарихымыздың даму барысымен таныстырамыз.

     Дәріс барысында студент алған білімін гуманитарлық ғылымдар саласынан ғылыми жобалар жазу барысында қолдана алады.

 

Тақырып 1 Пәнге кіріспе

1. Курстың мақсаты мен міндеттері

2. Тәуелсәз Қазақстан тарихының қалыптасу кезеңдері.

1. Курстың мақсаты мен міндеттері. Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы қайта жазылып, ұлт тық жəне мемлекеттік мүдде тұрғысынан қайта зерттелуде. Кеңестік кезең жылдарында солақай саясаттың негізінде бұрмаланып жазылған келеңсіз тарихи тұстары қай та қарастырылынып, ақиқат тұрғысынан жаңаша зерделенуде. Сонымен бірге, азаттық жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері басты назарда болып отыр. Қазіргі уақытта тарих ғылымы кеңестік дəуірдегі таптық методология ның шеңберінен шығып, зерттеудің жаңа бағыттары анықталып, тарихтың ақтаңдақтар беттері қайта ғылыми негізде зерделенуде. Қазақ тарихы Түркі өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде зерттеліп, дала тарихындағы көшпелілердің орны айқындала түсуде. Қазақстан мемлекеті Еуразиялық идеяның жалғастырушысына айналды.Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі тарихи кезеңдері туралы шынайы, толық білім беру; мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығына білім алушылардың назарын аудару. Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың тікелей басшылығымен іске асырылып отырған «Ұлт тарихын зерделеу» бағытындағы атқарылып отырған шаралардың басты міндеттерінің бірі нақты деректер арқылы Отанымыздың толығымен шындыққа негізделген тарихын негіздеу екендігі белгілі. Осы бағыттағы Ұлт көшбасшысының: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек», — деген талабы осы халықтық жəне елдік ұлттық тарихын, мәдениетін зерттеудің, оқытудың маңыздылығын айқындай түседі.

Сонымен қатар еліміздің тарихының құпия, ақтаңдақ, зерттелмеген беттері-де болмауы тиіс екендігі белгілі. Əрбір тарихи оқиғаға ғылыми талдау жасау, маңызын айқындау, берер нəтижесін сараптау тарих ғылымына қойылатын негізгі міндет болып табылатындығы айғақ. Сонда ғана өткеніміздің ұрпақ сабақ аларлық маңызы артатындығы белгілі. ҚР Президенті Қ.-Ж.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет басшысы ретінде елімізде көппартиялықты, саяси бәсекелестікті және ой-пікірдің сан алуандығын дамытуға ықпал етуді өз міндетім деп санаймын», - деп, ұлттық тарихты дамытудағы Елбасы салған сара жолды жалғастырды. https://www.youtube.com/watch?v=0_pXP_4Pyxc 

Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:

1) Қазақстанның қазіргі заман тарихы оқиғаларының барысы мен салдарын тарихи сипаттау мен талдау тәсілдерін меңгереді;

2) қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін және маңыздылығын дәлелдеу;

3) мәдениетаралық коммуникацияның практикалық әлеуетін анықтау және Қазақстанның рухани мұрасының терең тамырларына ұқыпты қарау;

4) қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастырудағы тарихи білімнің іргелі рөлін негіздеу;

5) қоғамның өзіндік азаматтық көзқарасын өзаракелісушілік, толеранттылық және демократия құндылықтарының басымдылығы арқасында қалыптастыру.

«Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың «табын сезінгенімде деп білемін» - деп жазды Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің қазақ тарихына арнап, тебірене жазған «Тарих толқынында» атты кітабында.

Көптеген қоғамдық ғылымдар ішінде тарихтың атқарар қызметі орасан зор. Оның қоғамдағы орны күннен күнге артып, ұлттық сананы қалыптастыруда таптырмас құралға айналып отыр. Әңгіме сол құралды тиімді әрі ұтымды пайдалана білуде.

Антика заманында өмір сүріп, «біз тарих жазбаймыз, біз өмірбаян жазамыз» деген қанатты сөздің авторы Плутарх өзі жазған «Салыстырмалы өмірбаян» еңбегінің жастарды тәрбиелеу ісінде таптырмайтын құрал екендігін айтқан болатын. Бұл кітап жастарға өздеріне дейін өмір сүрген тарихи тұлғалар өнеге алар, үлгі тұтар жандар болатындығына кәміл сенді. Сол дәуірде сол елде өмір сүрген Гай Саллюстий Крисп, Прокопий Кесарийский сияқты авторлар да тарихтың тәрбиелік міндеттерін мойындаған болатын.

Тарихи білімнің келешек ұрпақтың ғылыми көзқарасының қалыптасуында атқаратын қызметі талас тудырмауға тиісті. ХІХ ғасырда Европа елдерінде тарих орта мектеп бағдарламаларында өзінің заңды орынын иемденді. Оны міндетті түрде оқылатын пәндер қатарынан шығарып, мектептен тыс оқылатын сабақ ретінде қарастыру жағдайының орын алған уақыттары да болған. Бірақ, мұндай әрекеттердің барлығы сәтсіздікке ұшырап, тарих пәні оқу орындарындағы өзінің мәртебелі орнына қайта оралды. Әлемдегі тарихи процесстерге қанықпаған оқушылар басқа пәндерді, әсіресе қоғамдық ғылымдарды игеруге құлық танытпайды.

2. Отандық тарихты зерттеудің тұжырымдамалық негіздер. Төуелсіз даму жылдары Қазақстан Республикасында туындап жатқан жаңа үрдістерге өз ұстанымы, оларды көре білу ең алдымен Н.Ә. Назарбаевтың 20-дан астам кітаптарында бейнеленді. Олардың қатарында: «Әділеттің ақ жолы», «Тәуелсіздік белестері», «Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» т.б.кітаптар бар. Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің тарихнамалық маңызы мынада: Қазақстанның Тұңғыш Президентінің шығармалары ой-пікірлерінің жалпы ғибраттық желісін сақтай отырып, ылғи да түсіндірушілік-түсіндірмелік сипатта болып келеді. 1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы» қабылданып, онда тарихи білімнің іргелі принциптері айқындалып, негізгі басымдықтары анықталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялануы еліміздің тарихқа ден қойғанын көрсетеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың «табын» сезінгендігімде деп білемін» деп жаза отырып, «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн»,- деп, «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасының» талаптарын анықтады . https://www.inform.kz/kz/kr-prezidenti-nursultan-nazarbaevtyn-makalasy-uly-dalanyn-zheti-kyry_a3461994 Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында Қазақстан тарих ғылымы мен тарихнамасының даму үрдісі белгілі қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым және Қазақстан тарихшылары қауымдастығының құрметіне ие болған  академик М.Қ. Қозыбаевтын есімімен тығыз байланысты. 1997 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты М.Қ. Қозыбаевтың «1986 жылдың желтоқсаны: дақпырт пен шындық» атты еңбегін жарыққа шығарды. М.Қозыбаевтің аталмыш еңбегі  1986 жылғы желтоқсан оқиғасынаарналды.

     Г.Б. Ханның басшылығымен дайындалған ұжымдық еңбекте Казақстан Республикасының дербес сыртқы саяси бағытының қалыптасуы мен даму үрдісі көтерілді, оның стратегиялық мақсаттары мен негізгі міндеттеріне, принциптеріне және басым бағыттарына талдау жасалды, ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын әзірлеуге қосқан елеулі үлесі айтылды. Г.Б.Ханның басшылығымен жарияланған еңбек «Внешняя политика Республики Казахстан» деген атпен басылымнан шықты.

     М. Жүнісова мен Т. Мансұровтың «Егемендік келбеті» атгы монографиясында және Қазақстанның Мемлекет және құкық институты ғалым- дарының ұжымдық зерттеуінде. Қазақстанның егемендігі практикасына жан-жақты талдау жасалды. Қазақстанның саясаттанушы-ғалымдары тәуелсіз жас мемлекеттің саяси жүйесінің қалыптасуын талдауға елеулі үлес қосты.  Көптеген ғылыми еңбектердің арасынан   М.С. Машанның «Қазақстанның саяси жүйесі: түрлену, бейімделу, мақсатқа жету» (2000), К.Н. Бұрхановтың «Қазақстанның XX ғасырдағы әлеумеггік-саяси жүйе- сінің эволюциясы» (1997), Ж.Х. Жүнісованың «Қазақстан Республикасы. Президент. Демокартия инситуттары» (1996), А.Х. Бижановтың «Казакстан Республикасы: өтпелі кезең қоғамының демократиялык жанғыруы» (1997), И.Н. Тасмағамбетовтың «Әлеуметтік саясат және саяси түрлену» (1997), Ж.А. Мырзалиннің «Дәстүрден қазіргі заманға: Қазакстанның саяси институтгарының жаңғыруы» (2000) және баска да зерттеулерді ерекше атауға болады.

     ҚР БҒМ ҒК-нің Ш.Ш. Уөлиханов атындагы Тарих және онтология институты, КРПрезиденті жанындағы Казакстанпыңстратегиялыкзерг теулер институты (КСЗИ), ол-Фараби атындагы Казак Үлттык универ ситеті, КР БҒМ-нің Философия жөне саясаттану имс іитуты сиикты баска да ғылыми орталықтардың белсенді зертгеу кызметінің аркасында кааакстантану кең ауқымда дамыды.

     Ж.Б. Әбілғожиннің «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тарихының очерктері. XX ғасыр» атты монографиясында алуан түрлі құжаттық материалдар ғылыми айналысқа түскен, әлеуметтік-экономикалық тарих бойынша нақты тұжырымдар жасалған, республиканың әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуында қоғамдық ұйымдардың атқаратын рөлі мен алатын орны айқындалған.

     Мемлекеттін тарихи тағдырында маңызды рөл атқаратын диаспоралар Қазақстанның көп ұлтты халкының маңызды қүрамдас бөлігі болып табылады. М.Х. Асылбеков, А.Ғ. Ғали, Ж.С. Әубәкірова, Т.О. Омарбсков сиякты ғалымдардың еңбектері үлттык диаспоралардың әлеуметгік-саяси тарихын зерттеуге арналған, Қ.С Алдажұмановтың еңбектері елден күштеп қонысаудару проблемаларына, куғын-сүрінге үшыраған халыктардың орналастырылуына, еңбек және тұрмыс жағдайларына арналды.

3. Тәуелсәз Қазақстан тарихының қалыптасу кезеңдері. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары егемен мемлекет ретінде қалыптасуы тарихқа қоғам өмірінің серпінді даму және жүйелі жаңару заманы ретінде кіреді. 1991 жылдан басталатын кезең —жаңа экономикалық, саяси және құқықтық жүйенің қалыптасуы, әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, нарықтық қатынастар мен демократиялық институттарды құру жөніндегі қауырт жұмыс кезеңі болды. Бұл жылдары қазақстандықтар ең басты нәрсені —халықтар арасындағы бірлік пен мызғымастықты сақтап, демократиялық басым бағыттарға негізделген жоғары экономикалық және әлеуметтік ілгерілеуге қол жеткізді.Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы нарықтық экономикаға негізделген тәуелсіз мемлекет құруды, жаңа саяси жүйені қалыптастыруды қамтиды. Қысқа кезең ішінде елде қоғамдық жүйе ауысты, жаңа мемлекеггілік басқару нысаны дүниеге келіп, қалыптасты, жаңа әлеуметтік құрылым, әлеуметгік топ жасақталды, құрылымдық экономикалық реформалар жүзеге асырылды. Он бес жыл бойына экономиканың құлдырауы, 90-жылдардың алғашқы жартысы мен орта тұсындағы экономикалық дағдарыс өз мәресіне жетіп, бірте-бірте одан шығу қадамдары жасалды. 2000—2006 жылдары нық сеніммен тиянақты және тұрақты экономикалық өсуге қадам басу басталды. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінің толық құқылы субъектісі ретінде орнығуы және басқа да бірқатар сапалық жаңа құбылыстар Қазақстан қоғамының келбетін түгеддей өзгертті. Тарихтың бұл кезеңі елді, қоғамды және Қазақстан халқын түбірімен өзгерткен түбегейлі реформаларды, әлеуметгік қайта құруларды камтиды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы алуан түрлі оқиғаларға аса бай болуымен ерекшеленеді. Олай болу себебі бірқатар басқа елдерден өзгешерек, тек саяси ғана емес, ең алдымен экономикалық жаңғырудың жүзеге асырылуымен байланысты еді. Посткоммунистік елдермен бір шоғырда болған Қазақстанның нарықтық қатынастарды дамыту тәжірибесі болмады. Сондықтан біздің елде алғашқылардың бірі болып нарықтық экономиканың негіздері - демократияландыру үрдістерін дамытудың басты экономикалық алғышарттарын қалыптастыру батыл қолға алынып, жүзеге асырылды. Қазақстанның бүгінгі тарихы мемлекеттіліктің жоғары сапалы жаңа деңгейімен, егемендік ақиқатымен және бүкіл қоғамдық-саяси жүйенің өзгеріске түсуімен орайлас келді. Тәуелсіздің кезеңіндегі тарихи дамудың қазақстандық үлгісінің мазмұны посткеңестік дәуірден кейінгі этаптан ойдағыдай өтудің және Казақстанның өзіндік шаруашылық, саяси және идеялық-мәдени бірегейлігінің сара жолына шығу себептері мен факторларын айқындап алу қажеттілігінде болып отыр. Осыған байланысты соңғы жылдар бойына мына жайттар Казақстанның қазіргі заман тарихы тарихының айқындаушы факторына айналды:

•        мемлекеттің біртүтас сипаты елдің тұтастығы мен саяси өзгерістердің сөтті болуының кепілі;

•        халық шаруашылығы кешенінің өлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы;

•                жаңа этникалық қауымдастық ретінде емес, түрлі ұлггар азаматгарының азаматтық өзін-өзі билеуі негізіндегі қазақстандық социумының құрылуы;

•        ұлтгық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы талаптарын объективті түрде көре біліп, оларға дер кезінде ден қою;

•        Қазақстанның халықаралық аядағы жаңа геосаяси ақиқат пен әрекет етуші фактор субъектісі ретінде қалыптасуы.  https://www.youtube.com/watch?v=iooF5EtkMBA

Бүгінгі таңда тарих ғылымының дамуына «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының тигізетін әсері зор.

      Қорыта келе, бүгінгі таңда посткеңестік кеңістікте тәуелсіздік алған жекелеген елдердің саяси тарихы жөнінде жарық көрген іргелі жұмыстардың ізінше пән аралық көзқарас негізінде білімнің түрлі салалары мамандарының салыстырмалы тарихи зерттеулерінің қажетгігі туралы толғақты ойлар ерекше көкейтесті мәселеге айналды. Бұл орайда жалпыадамзаттық тарихтың сан алуан қырларының бірлігін тану заманауи тарих бойынша негізгі басым бағыт және бастау алар тірекке айналуы тиіс екені белгілі жайт. Экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени бағыт-бағдарға, тәуелсіздік жағдайында қайта түлеген Қазақстан Республикасының жоғары даму қарқынына сай келетін жаңғыртушылық көзқарас қазіргі кезенде тарих әдіснамасы мен тарих білімі тұжырымдамасының негізін құруға тиіс. Халықтар мен ұлттардың бірігуі жолындағы ізгі мақсатын және олардың өткен тарихын ақиқат тұрғысында зерделеу тарих ғылымы мен тарихшы ғалымдардың қай заманнан бергі басты парызы болып келгені мәлім. Халықтың тарихи санасын қалыптастыру міндеті де тарихшы үшін бұдан кем соқпайтын әрі өзекті мәселе болды, мұның өзі халықтың аумақтық тұтастығын, тіл тазалығын, байырғы мәдениетін, Отан бірлігін сақтауға құқықты екендігін дәлелдейтін дереккөздер мен құжаттарды анықтауға, жалған фактілерге аса мұкият талдау жасауға негізделді. Тарихшылардың жоғарыда айтылған пайымдаулары мен ізденістері ұлттар мен халықтардың өткені мен келешегінің өзекті мәселелеріне сөзсіз жол тартады, мұнда ұлтшылдық идеологиялық катализатор және осындай ұлттық бірегейлікті іздестірудің кепілі ретінде көрініс табады. Үлттық мұраның мүлде айрықшалығы мен өзіндік ерекшелігіне ден қою біржола оқшаулану ағымын туғызатыны сияқты, ерекше құбылыс орын алып отыр. Мұндай құбылыс әсерінің салдарлары, әдетте, әлдеқайда жа- ғымсыз болып келеді. Қандай да болсын қоғамдастық өзін-өзі бірегейлендіруге, оқшаулануға ұмтылатын жағдайда салауатты шығармашылық қажыр-қайраттың күшеюі тоқтайды, өзін-өзі жеткілікті дәрежеде дамытуына қалқан қойылады, салиқалы диалогқа жеткізетін жол жабылады. Бұл шы- найы ғылымның, оның ішінде тарих ғылымының тағдырына жазылмаған.  https://www.youtube.com/watch?v=iooF5EtkMBA

 

...

Скачать:   txt (27.3 Kb)   pdf (122.8 Kb)   docx (18.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club