Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Автор:   •  Октябрь 20, 2021  •  Контрольная работа  •  19,425 Слов (78 Страниц)  •  362 Просмотры

Страница 1 из 78

1.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні, мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихының кезеңделуі. ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір, қазіргі заман.

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат бере отырып, Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениеті, этногенез сабақтастығы мәселелеріне білім алушының назарын бағыттайды. Тыңдаушыға тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізіп, тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға үйретеді және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастырады. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері бұл пәннің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу. Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Еуразиялық континент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Негізгі мақсаты-Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.

Қазақстан тарихы үлкен төрт кезеңге бөлінеді. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.), Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазіргі заманғы Қазақстан (XX ғ.).

    Ежелгі Қазақстан    

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 3 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис-“епті адам” болып есептелінеді. Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус-“тік жүретін  адам” сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері питекантроп пен синантроп болды. Питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Тік жүретін адамның екінші бір түрі- синантроп болды; ол бірінші рет 1927 жылы табылды. Тас дәуірі. Палеолит, мезолит, неолит кезеңдері. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, мыс, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді.

Тас дәуірінің кезеңдері:

1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі-б.з.б. 2,6 млн.жыл -б.з.б. 12 мың жыл): Ерте палеолит (б.з.б. 2,6 млн.жыл-40 мың жыл); Кейінгі палеолит (б.з.б. 40-12 мың жыл)

2. Мезолит (орта тас ғасыры-б.з.б. 12-5 мың жылдықтар)

3. Неолит (жаңа тас ғасыры-(б.з.б. 5-3 мың жылдықтар)

Ерте палеолит-үш кезеңге:

1. Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл);

2. Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);

3. Мустье (б.з.б.140-40 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.

Мезолит дәуірі. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.

Неолит дәуірі. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену, яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді.

Мыс тас дәуірі (энеолит) (б.з.б. 3000-1800 жж.)- алғаш рет металл қолданылған дәуір. Тұрмыста тұңғыш рет мыс пайдаланды.

Қола дәуірі (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.

Темір дәуірі (б.з.б. 8- б.з. 6 ғғ. )-адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең.

1.Ерте темір дәуірі (б.з.б. 8-3 ғғ.)

2. Кейінгі темір дәуірі (б.з.б.3- б.з.6 ғғ.)

   Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.).

Түрік қағанаты. “Түрік” этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына тағы да шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авар мемлекетінің қағаны Анағұн өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап бұмын өзін «Ел қаған» деп жариялайды. Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.). Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы-қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар деп аталған. Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Олардың билеушісі Үшлік қаған болды. Ол ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында болатын.

...

Скачать:   txt (273.5 Kb)   pdf (424.2 Kb)   docx (91.3 Kb)  
Продолжить читать еще 77 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club