Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Автор: aqbottta1616 • Сентябрь 26, 2021 • Контрольная работа • 1,056 Слов (5 Страниц) • 597 Просмотры
1)ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.
Интеллигенция – зиялылар, ең алдымен, ғылымды, техниканы, өнерді, білімді дамытушылар
Интеллигенцияның қоғамдағы әлеуметтік-саяси рөлі өте зор. ХІХ ғасырда мұғалімдерді, жазушыларды, суретшілерді, дәрігерлерді, заң қызметкерлерін, әртістерді зиялы қауым өкілдеріне жатқызды. ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады.Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды.Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы:19 гасырдын екінші жартысы мен 20 гасырдын басында болған экономикалық дамудағы өзгерістер әсер етті.Патша өкіметінің кертартпалығы білім беру жағынан байқалды. Ана тілінде сөйлеу мен білім алуға тиым салынды. Білім беру ошақтары: Қазан,Мәскеу,Орынбор,Омбы еді. Сол білім орындарынан білім алған зиялылар: Ә.Бөкейханов,Тынышбаев,Қаратаев,Құлманов,Шоқай және т.б болды. Сонымен қатар аумалы төкпелі заман кезінде бағдар ретінде 1910 жылы«Қазақ» газеті жарық көре бастады. Қазақ интеллигенциясының қоғамдық—саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Үшіншіден, ұлттық—либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен дергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды.
2) Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыс бірден патшалық Ресейдің экономикалық және техникалық даму жағынан артта қалған ел екенін көрсетті. Орыс армиясының жеке жеңістері майдандағы жағдайды түзетпеді. Ресей 1915-1916 жылы өзінің батыс шекараларынан айырылып қалды.Соғыс жылдары Қазақстан экономикасы нашарлады. Салықтар төрт есе,жекеше түрде он бес есеге өсіп кетті. Үш жыл ішінде Түркістаннан 70 мын жылқы, 12.7 мын түйе, 13 мын киіз үй тартып алынды.Адамдар ет,мал,май,нан бәрін тегін берді. Өңделетін жерлер азайып,астық бағасы қатты қымбаттап кетті. Соғыс жылдарында қазақтардың ұлт азаттық қозғаласы өздерінің саяси партияларын құрған үш бағытта жүрді:
1) Қазақстанды азат етуді мақсат ететін адамдарды «Қазақ» газетінің айналасына топтастыра бастады.
2) Ислам дінін ұстанатын,Түркістан генерал губернаторлығына кіретін «Шура и Ислами» «Шура и улема» ұйымдарының зиялылары.
3) Алдынғы екі ұйымға қарағанда әлсіздеу 1917 жылы «Үш жүз» партиясы болды. Көтеріліске наразылық туытқандық үшін 1916 жылы «Айқап» журналы жабылып қалды.
1915 жылы қазақтарды соғысқа тікелей қатысатыны туралы мәселе көтерілді.М.Дулатов,Қадырбаевтар өз күштерін салып соғысты алдын алуға тырысса да Торғай мен Ырғызда көтеріліске қатысушы адам саны көбейіп кетті. Жылы маусымда жастағы орыс емес адамдарды тыл саналатын жерлерге қорғаныс тұрғызуға шақыру
...