Қазақстан тарихшыларының зерттеу еңбектеріне тарихнамалық талдау
Автор: dkdwlet • Март 12, 2023 • Реферат • 2,760 Слов (12 Страниц) • 209 Просмотры
[pic 1]
[pic 2]
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 3]
Факультеті: Тарих, археология және этнология
Кафедрасы: Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану
Тақырыбы: Қазақстан тарихшыларының зерттеу еңбектеріне
тарихнамалық талдау
СӨЖ
Орындаған: Жұмабай Нұрдәулет
Тексерген: Тулебаев Т.Ә
Алматы, 2022
Қазақстан таришыларының зерттеу еңбектеріне тарихнамалық талдау
Мен тарихнамалық талдау объектісі ретінде Кеңес Нұрпейісовтың 1995 жазылған «Алаш һәм Алашорда» атты монографиялық еңбегін алдым. Кітапта кеңес өкіметі кезінде 60 жылдан астам зерттеуге тыйым салынған Алаш және Алаш Орданың тарихының деректемелік негіздері; ұлттықдемократиялық Алаш партиясының дүниеге келуі, оның бағдарамалық мақсат-міндеттері; Алаш автономиясының ісәрекеті туралы айтылады. Еңбекте негізінен Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің тарихына байланысты нақты оқиғалар терең зерттелген. Ең алдымен осы тақырыптың бір-бірімен тығыз байланысты үш қыры қарастырылған. Олар: ең алдымен, саяси партия ретінде Алаштың тарих сахнасына шығуы және оның бағдарамалық мақсат-міндеттері; екіншіден, мемлекеттік құрылым ретінде Алаш автономиясының ұйымдасуы; үшіншіден, автономияны басқару үшін құрылған үкіметтің – Алаш Орданың іс-әрекеттері, оның таратылуы. Айта кететін жайт, қазірдің өзінде халық арасында «Алаш автономиясы» және «Алаш Орда» ұғымдары көп шатастыралады. Көпшіліктің түсінігінде осы екі ұғым бір мағынаға ие. Дегенмен, Алаш автономиясы, бұл мемлекеттік құрылым, ал Алаш Орда, сол мемлекттік құрылымның үкіметі. Сондықтан осы екеуін шатастырмау керек.
Кеңес Нұрпейісов те, осы еңбегінің ең брінші тарауында «Алашты» «Алаш Ордадан» ажыратып жазған. Еңбектің құндылығы – ол ғылыми айналымға жаңадан қосылған түпнұсқалық мәні бар деректер мен зерттеушілерге бұрыннан мәлім құжаттарға сын көзбен қарау тұрғысынан жазылған. Яғни, автор барынша объективті зерттеу жүргізуге тырысқан. Қолжазбада 1913 жылдан бастап жалпыұлттық бейресми газет ретінде, ал 1917 жылдан бастап Алаш автономиясының мемлекеттік баспасөз органы болған «Қазақ», сондай-ақ «Сарыарқа», «Жас азамат», «Бірлік туы», «Ұлы Түркістан» газеттері және «Абай» журналындағы деректер мен тақырыпқа байланысты мағлұматтар бірімен-бірі салыстыра зерттеледі.
Сонымен қатар бұл еңбекке Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатұлының, Мұстафа Шоқайдың, Мұхамеджан Тынышпайдың, Халел Досмұхамедұлының, Әлімхан Ермектің, және т.б. шығармалары, олардың өмірі мен қызметіне байланысты құжаттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік мұрағатынан алынған деректер де қолданылған. Алаш қозғалысының тарихы 60 жылдан астам кеңес өкіметі тарапынан тыйым салынған тарихымыздың «ақтаңдақ беттері» болып келгендіктен, тәуелсіздік алғанымыздан кейін зерттеушілер Алаш пен Алаш Ордаға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік алды: мақалалар жариялады, әртүрлі пікірталастарға қатысты, Алаш тарихы мен олардың басшыларының өмірі мен қоғамдық және шығармашылық қызметіне арналған ғылыми-теориялық конференцияларда баяндамаларды жасады. Солардың қатарында Кеңес Нұрпейісов те болғандықтан бұл кітаптың бағыт-бағдары мен кейбір тұжырымдары алдын-ала көпшіліктің талқылауынан өтті десек болады. Мәселен, Кеңес Нұрпейісов жоғарыда айтылған кезеңдерге оннан астам мақала арнап, Алматыда, Жезқазған облысында, Түркияның Анкара қаласында өткен бес ғылыми-теориялық конференциялар мен конгрестерде баяндамалар жасады. «Алаш туралы сөз» атты деректік фильмінің ғылыми кеңесшісі, сондай ақ Алматының кейбір жоғарғы оқу орындарында «Алаш және Алашорда» тақырыбы бойынша бірнеше рет дәріс оқыған.
...