Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркістан қаласының тарихы

Автор:   •  Февраль 10, 2019  •  Лекция  •  540 Слов (3 Страниц)  •  703 Просмотры

Страница 1 из 3

Қала Тарихы

Адам баласы естігенде-ақ, тұла бойын тебіреніс пен жылуға бөлеп, жүрек төрінен орын ала білетін бірден-бір ұғым – туған жер. Жаратқан әр адамзатқа әр түрлі жерде дүниеге келуді нәсіп етсе де, барлығы сол туған жерді бірдей ыстық махаббатпен сүйіп өтеді. Бір атаудың өзі қан тамырларыңды шымырлатып, бойына жан беретін менің туған жерім – күллі әлемнің таңдайын қақтырған, түркі елінің ордасы Түркістаным.

Туған жер... Осы бір сөз тіркесі әрбір жанның жүрегінің төрінен орын алатын қадірлі мекенді есіңе салып, қалай әсер етеді десеңші!? Ал мен үшін ең қадірлі де құтты мекен ол – туып өскен мекенім Түркістан. Іргесі сонау VI ғасырда қаланған Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де, киелі мекен. Тарих сырына үңілер болсам, Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы болған. Кезінде үш жүздің басын біріктірген Абылай ханды ақ киізге көтеріп хан сайлаған жер, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбк Насыр әл-Фараби, Шортанбай Қанайұлы, Мұса Молда Байзақов,Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұн сынды ұлы адамдар дүние есігін ашқан мекен. Түркістан қаласының тарихы екінші мыңжылдықтан бері келе жалғасып келе жатыр. Алғаш қала атауы Шавғар деген атпен араб жазбаларындағы деректерде кездеседі. Түркістан қаласы айтылған жерде, міндетті түрде сәулет өнерінің ең озық түрлерінің бірі – Қожа Ахмет Иассауи кесенесін бірге айта жүреміз. Күлтөбе қаласынан 350 м қашықтықта орналасқан Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – Түркістан қаласының басты салтанаты. Ахмет Иассауи кесенесінің салынуына байланысты Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен «Хазіретті Түркістан» деп аталған деседі. XVI ғасырдан бастап «Түркістан» атауы қалаға мықтап бекиді. XIV ғасырда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынғаннан кейін қала түркі әлемінің діни орталығына айналған болатын. Ахмет Иассауи кесенесі атақты қолбасшы Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Байқағанымыздай-ақ, шартарапқа

...

Скачать:   txt (7.2 Kb)   pdf (34.8 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club