Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарих мұғалімінің тәжірибиелік әрекетіне қойылатын нормативтік оқу-әдістемелік талаптар

Автор:   •  Сентябрь 18, 2021  •  Реферат  •  845 Слов (4 Страниц)  •  470 Просмотры

Страница 1 из 4

Тарих мұғалімінің тәжірибиелік әрекетіне қойылатын нормативтік оқу-әдістемелік талаптар.

Қазақстан Республикасының  ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Бүгінгі таңда өз заманына сай, зерделі ой – өрісі жоғары азаматтарды қалыптастыру – мемлекеттің аса маңызды стратегиясы болып саналады. Сондықтанда қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін білім алушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын талаптардың   бірі болып табылады.

Тарих пәнінің мұғалімі — жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетекші мамандықтардың бірі. Тарихи білім берудің барысында оқушылардың дүниетанымы мен көзқарастар жүйесін қалыптастыру тікелей кәсіптік міндеті болғандықтан да тарихшы мұғалім мамандығына жоғары талаптар қойылады.

Мемлекеттік құрылыстың, саяси жүйенің өзгеруіне байланысты тарихшы мұғалім қызметінің мазмұны да түбірінен өзгерді. Мұғалім тұлғасына қойылатын талапта жаңарды.

тарихты, құқ негіздерін, азаматтану, адам жәые қоғам пәндерін оқытуды; сыныптық, сыныптан тыс, соның ішінде факультативтік сабақтар жүргізу; оқушыларды тәрбиелеу; біліктілігін көтеру; ата-аналармен жұмыс; қоғамдық жұмыстар атқаруды атауға болады. Тарихшы мұғалім өрекетінің әрбір түрі оның қызметтік міндеттері мен қажетті білім, дағдылар жиынтығын құрайтын өзіндік мазмұнмен ерекшеленеді.

...

Скачать:   txt (13.4 Kb)   pdf (69.3 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club