Сібір Жарасы
Автор: Дана Пирназарова • Сентябрь 2, 2022 • Реферат • 478 Слов (2 Страниц) • 423 Просмотры
Орындаған ; Пирназарова Дана
Тексерген ; Саягуль Шайкина Нұрмұхамедовна
Кейс: Георгий Марков
Біз PBL сабақтарында 55 жастағы Георгий Марков атты пациентпен таныс болдық .Яғни кішкене науқас тарихына тоқталып кететін болсам,ол кісі үйленген әйелі және бөлек тұратын 2 ұлы бар сонымен қатар ол 33 жыл бойы жиһаз фабрикасында жұмыс істеген.Cоңғы 10 жыл төрешілер бригадасында болған.Сонымен қатар жарыстарда төрешілердің бұйрықтары мен ысқырықтарын естімей секундометрші ретінде ешқандай әрекет етпеген, сол себепті жұмыстан шығып қалған.Өзінің айтуы бойынша осы уақытқа дейін есту қабілетінен ешқандай шағым болмаған,дәрі қабылдамаған,бас жарақатын алмаған.Дәрігерге келген кездегі тексеру нәтижелеріне келетін болсақ,физиологиялық тұрғыдан бәрі қалыпты ,температура ,тамыр соғуы,демі,қысымы тағы басқа .Содан дәрігер Георгийге Вебер тестін камертонды бастың ортаңғы сызығына қою арқылы,Ринне тестін камертонды құлақ артындағы емізік тәрізді өсіндісіне қою арқылы жүргізеді .Тесттердің нәтижесіне келетін болсақ,Вебер тестнінің нәтижесі яғни құлағының сүйек арқылы естуі жақсы.Ринне тестінің нәтижесіне тоқталып кететін болсам,оң жақ құлағы позитивті ,сол жақ құлағы негативті.Дәрігер науқасқа құлаққа арналған май тамшыларын алуға яғни сурдологқа баруға кеңесін береді. Георгий дәрігерге келіп өзіне анықтама беруін сұрайды себебі ол алдыңғы жұмысы төрешілер бригадасына қайта қосылғысы келеді ,оған қосылу үшін оған анықтама қажет болды .Бірақ дәрігер оған анықтама беруден бас тартады .Георгийдің әйелінің айтуы бойынша соңғы кезде күйеуін құлақ шуылы мазалап жүргені белгілі болды .Үздіксіз шуыл екі құлағында да бар ,бірақ солқылдамайды .Және айта кететіні,жасалынған неврологиялық тексеру нәтижесінде ешқандай аномалия байқалмады.Дәрігер оның есту қабілетінің нашар екенін ,оны қалпына келтіруге болмайтынын айтады.Сонымен қатар есту қабілетінің қалған қасиетін сақтап қалуға болатынын ескертеді.Есту қабілетінің нашарлауына бірден –бір себеп жиһаз фаврикасындағы дыбыс күшінің қаттылығы,жоғары деңгейі,және де қартаюы болып табылады.Георгий жұмысындағы бастығымен қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау жөнінде сөйлеседі дегенмен ол кісі айтарлықтай мән бере қоймайды.Сосын жиһаз фаврикасының арнайы қызметкер қауіпсіздігіне жауапты кісілермен сөйлесе келе өз мәселесінің шешімін табады.Жұмыс орнындағы әртүрлі ағаш кесу ,жону, өңдеу, әрекеттері кезіндегі дыбыс күші 80 Дб тең болып шықты.Георгийдің жұмыс орны жанындағы машина даусымен дыбыс күші 90 Дб тең екені анықталды сонымен қатар бұрынғы кезде қауіпсіздік мақсатында арнайы киетін құлаққаптар болған бірақ олар уақыт өте келе ескіргені белгілі болды.Сол құлаққаптар жаңаға ауыстырылып қойылды нәтижесінде Георгийдің есту қабілеті жақсара түсті.Нәтижесінде ол төрешілер бригадасына қайта қосылды .Біздің сабақ тартыстыда өте қызықты өтті десем қателеспеймін.Біздің бұл сабақтан түйгеніміз өте көп болды.Мысалы; біз құлаққа аса маңызды көзқараспен қарайтын болдық,сурдолог болуға деген қызығушылық артып арамыздан болашақ сурдолог маманы шығып қалуы да мүмкін.Біз үй тапсырмаларын орындау барысында Вебер және Ринне атты тесттері мен және камертон сол сияқты бейтаныс терминдермен таныс болдық.Құлақ күтімі туралы да біраз біліп қалдық.Сабақ барысында әрбір студент өз ойын еркін жеткізе алды әртүрлі гипотеза жазу барысында білмеген дүниелердіде естіп,біліп алдық.Бұл сабақ бізді мамандығымызға бір қадам болсада ,жақындата түскендей болды .Уақытша болсада өзімізді болашақ дәрігер ретінде сезінуімізге мүмкіндік берді .Және осы кейстегі дәрігерді өзімізге үлгі етуге болады себебі ол соңына дейін науқаспен біргеболды, оның жағдайының жақсаруына үлкен септигін тигізді.Және алдағы уақытта бұл сабақтың жиі болғанын қатты қалаймын .
...