Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рим құқығы

Автор:   •  Декабрь 9, 2018  •  Реферат  •  1,645 Слов (7 Страниц)  •  1,891 Просмотры

Страница 1 из 7

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:

  1. Міндеттеме ұғымы және оның түрлері.
  2. Міндеттемені орындау.
  3. Міндеттеменің тоқтатылуы.
  4. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістер.

III.     Қорытынды

IV.     Пайдаланылған әдебиеттер

 Кіріспе

 Рим құқығының қайнар көздерінде Рим құқығы  Obligatio термині арқылы   анықталады. Гай институцияларында  міндеттемеге келесідей түсініктер беріледі.Міндеттеме біздің мемлекеттің заңдары бойынша бір нәрсені жасауға мәжбүрлей алатын құқықтық кісен.Міндеттеме пәні басқаны бір нәрсені беруге жасауға ұсынуға міндеттеу болып табылады.Рим заңгерлерінің осындай көзқарастарынан кейін біз міндеттемені құқықтық кісен деп анықтауымызға болады. Сонымен міндеттеме деп 1 тарап кредитор 2 тараптан яғни борышқордан бір нәрсені беруін жасауын ұсынуын талап етуге құқығы бар күрделі құқықтық қатынасты айтамыз.Сонымен  міндеттемені орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап ету құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы. Міндеттемені орындау көбіне көп борышқордың белсенді әрекетінен,не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.Міндеттеме обьектілері мүлік беру,жұмыс орындау,ақша төлеу және т.б сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді. Осы курстық жазудағы мақсатым,міндеттемені орындау арқасында азаматтардың,заңды тұлғалардың,мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізу.Курстық жұмысты жазудағы басты тапсырмалар:

1.Міндеттемені орындаудың сипаттамасын беру

2.Міндеттемені орындау ұғымы мен қағидаларын айқындау

3.Міндеттемені орындау ұғымын тереңірек ашу болып табылады

II. Негізгі бөлім:

1. Міндеттеме ұғымы және оның түрлері.

Бір тарап екінші тараптың пайдасына белгілі бір әрекет жасауға атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға не болмаса белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндеттенеді, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің элементтері — тараптар, мазмұн, тақырып. Міндеттеменің тараптары — несие беруші және борышқор. Міндеттеменің мазмұны — тараптардың бір-біріне деген құқықтары мен міндеттері. Міндеттеменің тақырыбы — міндеттеменің пайда болуына себепкер зат жатады.Міндеттеменің пайда болу негіздері:

  1. Тараптар арасында жасалатын келісім, яғни шарт;
  2. Құқық бұзушылық, яғни деликт;
  3. Шарттар тәріздес міндеттемелер (мысалы бөтендердің істерін тапсырмасыз жүргізу);
  4. Деликт тәрізді әрекеттерден туындайтын міндеттемелер.

 Біржақты және екі жақты мәмілелер. Контрактілер. Мәміле — азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Мәмілелер бір жақты немесе көп жақты шартпен жасалады. Заңға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың еркін білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп есептеледі (яғни бірінің тек құқықтары болса, екіншісінде тек міндеттері болады, мысалы зайем шарты т.с.с.). Ал екі жақты мәміледе құқықтары мен міндеттері бірдей болып келеді, Контрактілер (шарттар) — екі немесе одан кеп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Рим құқығы бойынша вербалды (ауызша), литералды (жазбаша), реалды (нағыз), консенсуалды болып келген.

 

2. Міндеттемені орындау.

Міндеттемені орындау — міндеттемелік құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің басты мақсаты болып келеді. Міндеттеме — оның орындалуымен аяқталады.

Міндеттеменің орындалуы оның мазмұнына сәйкес келуі тиіс. Және тиісті тұлғамен орындалуы қажет. Егер борышқор қандай да бір себептермен міндеттемені орындай алмаса борышқор ауысуы мүмкін. Және де кредитор өзінің талап ету құқығын басқа адамға ауыстыруы мүмкін оны «Цессия »деп атаймыз. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау кредитор мүддесіне қайшы келмесе жол беріледі. Міндеттеме тиісті түрде орындалмаса жауапкершілік туындайды. Рим құқығы бойынша міндеттемені орындау мерзімі — міндеттемеде ол орындалатын мерзім көзделмесе және бұл мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиісті болған.

 Міндеттеме орындалу орны мен уақыты — Міндеттеменің орындалу орны дау болған затты бағалауға мүмкіндік береді. Міндеттеменің орындалу орны шартпен анықталады. Егерде міндеттеменің орындалу орны альтернативті түрде көрсетілсе,міндеттемені орындау орны борышқордың қалауы бойынша анықталады. Ал егер орындалмаса,орындау орнын таңдау несие берушіге тиесілі. Егер міндеттеме орындалатын жер оның шарттарында белгіленбесе, ол мүліктің орналасқан жері немесе талап қою орны жерінде орындалуға тиісті болған. Міндеттеменің орындалу уақыты туралы сұрақ шарттың тараптарына байланысты шешіледі;міндеттеме тараптардың шартта көрсеткен мерзімінде орындалу керек. Міндеттеме ең басынан-ақ тоқтатылуға бағытталған. Міндеттеменің мазмұны және одан тарайтын борышқор мен несие берушінің талаптары уақытша мерзімге негізделген. Міндеттеме тұрақты болуы мүмкін емес. Міндеттеме орындалады немесе әртүрлі тәсілдермен орны толтырылады. Міндеттеменің негізгі және қалыпты тоқтатылу тәсілі оның тиісінше орындалуы. Тиісінше орындалу дегеніміз –міндеттемені тиісті борышқордың міндеттеме мазмұны бойынша орындалу орнында және мерзімінде орындалуы. Орындау борышқордың кредитордың пайдасына одан күтілген әрекеттерді орындау болып табылады. Міндеттеме тоқтатылатын жағдайлар;

1)Тараптардың қайтыс болуымен. Егер міндеттеме жеке тұлғалық сипатта болса тоқтатылады.

2)Кредитор тарапынан кешіру,яғни мүмкін болатын талаптардан бас тарту.

 Сонымен қатар Рим міндеттемелік құқығында Новация деген ұғым бар. Новация- бір міндеттемені 2 ші міндеттемемен ауыстыру. Мысалы аренда шарты аяқталғанға дейін арендатор жалға алынған мүлікті иелігіне алатындығы туралы тараптар келісімге келеді, яғни арендатор шарты сатып алу-сату шартымен ауыстырылады. Жаңаланатын міндеттеме бастапқыдан айырмашылығы болуы қажет. Және міндеттеме құқығындағы зачет яғни есептке жатқызу — бұл бір сипаттағы қарама-қарсы талаптардың өтелуі. Есепке жатқызуды қолдану үшін мына талаптар орындалуы қажет:

- талаптар қарама-қарсы болуы керек,яғни несие берушіге борышқор қарама-қарсы талап беруі тиіс.

-  бір топтағы талап болуы тиіс

- екі талап та орындалу мерзімі жеткен немесе талап ету мерзімі жеткен талаптар болуы тиіс.

 Қарызды кешіру: Бұл несие берушінің борышқорды борыштан босататындығы туралы жариялаған біржақты әрекеті болды. Римде міндеттемеден босатудың тараптардың келісіміне негізделген,міндеттемені тоқтатуды мақсат ететін формальды тәсілдері болды. Несие берушінің міндеттемені орындалғандығын қабылдағаны туралы ауызша формальды өтінімі акцептиляция деп аталады.

  Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық: Міндеттемені орындамау, не тиісті дәрежеде орындамау (мерзімінде орындамау, жұмыстарды орындамау), тиісінше орындамау оның бұзылуы деп түсінілген. Міндеттемені бұзған борышқор несие берушіге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге міндетті болған.

 3. Міндеттеменің тоқтатылуы.

 Міндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемі төленсе, жаңғыртылса, борышты кешірген жағдайда, азамат қайтыс болса толық немесе ішінара тоқталған. Міндеттемелер:

1) тиісті дәрежеде орындалғанда тоқтатылған;

2) тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемін беру (ақша төлеу, мүлік беру және т.б.) арқылы тоқтатылуы мүмкін. Бас тарту төлемінің мөлшерін, мерзімдерін және тәртібін тараптар өздері белгілеген;

3) міндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы міндеттемені ауыстыру туралы келісіммен сол адамдардың арасындағы орындаудың езге нысанын немесе әдісін кездейтін басқа міндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылған;

4) несие беруші борышқорды мойнына алған міндеттерінен босатқанда, егер бұл несие берушінің мүлкіне қатысты басқа адамдардың құқықтарын бұзбайтын болса тоқтатылған;

5) егер міндеттемені орындау борышқордың жеке езінің қатысуынсыз жүргізілмейтін болса, не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, борышқордың қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылған.

 Егер міндеттемені орындау несие берушінің жеке өзіне арналса, не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушінің қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылған.

...

Скачать:   txt (25.1 Kb)   pdf (135.4 Kb)   docx (19.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club