Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Исследование Афанасьевской культуры в СССР

Автор:   •  Апрель 12, 2018  •  Статья  •  888 Слов (4 Страниц)  •  1,055 Просмотры

Страница 1 из 4

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих, археология және этнология факультеті

Археология және этнология мамандығының 1-курс магистранты Ерғабылов Акбар

Кеңес дәуірінде Афанасьев мәдениеті ескерткіштерінің зерттелуі

                Афанасьев мәдениетінің тарихы, мәдени ерекшеліктері, аталған  мәдениетінің алғашқы ескерткіштерінің зерттелу мәселелері Кеңес дәуірі археологиясында өзекті мәселелердің бірі болды. Кеңес дәуірі кезеңінде  Афанасьев мәдениеті олардың ескерткішерінің щығу тегі, даму тарихын зерттеуде көптеген ғалымдар айналысқан.  

                Афанасьев мәдениеті  Оңтүстік Сібірдің далалық аймақтарында  палеометалл  дәуірі басталуының  алғашқы кезеңі болды, бұл осы аумақта  өмір сүрген ежелгі тұрғындарының өміріндегі тарихи-мәдени процестерінің өзгеруіне жол ашты.

                Афанасьев мәдениетінің ескерткіштері бірнеше аудандарда белгілі – Жоғарғы және Орталық  Енисей, Таулы Алтай және оның солтүстік-батыс жерлері, сонымен қатар Монғолия жерлері.Өкінішке орай, жоғарыды айтылған аудандардың әр қайсысында ұзақ уақыт аралығында, мәдениет ескерткіштерін зерттеумен әр түрлі ғалымдар топтары бір- біріне тәуелсіз айналысқандықтан, нәтижесінде қазіргі таңда аталған мәдениетке байланысты  үлкен, қомақты еңбектер жоқтың қасы [1, 4б.].

                Афанасьев мәдениетін зерттеуде маңызды ашылымды С.А. Теплоуховтың Енисей жеріндегі Афанасьев тауы(Афанасьева гора) түбінде жүргізген зерттеу жумысы арқылы жасалды.1920 жылы ол қорымда 4 қабірге зерттеу жұмыстарын жасаған. Осы қорымда зерттеген ескерткіштерді С.А. Теплоухов сол кездегі Енисей жеріндегі ерте, әрі ерекше мәдениеттің біреуіне жатқызды. Осыдан кейін ол мәдениетке Афанасьев атауын берді және Қара теңізі жағалауындағы далалық жерінде таралған Шұнқыр мәдениетімен салыстыру жұмыстарын жүргізді [2, 24б.]. Мәдениет ескерткіштеріне археологиялық сипаттама бере отырып, Саян Алтай жерінде металл дәүірінің алғашқы кезеңі деп анықтама берді. Теплоухов 3 жыл ішінде қорымда 18 қабір қазып зерттеу жұмыстарын жүргізді [3, 8б.].

             Кеңес дәуірінің алғашқы жылдардағы  қазба жұмыстары

  С.А. Теплоухов зерттеулерінен кейін, 1928-1929 жылдары С.В. Кисилев алғашқы екі жылда Енисей жерінде өзінің систематикалық зерттеу жұмыстары барысында 23 афанасьев қоршауларын және содан кейін 1932 жылы тағы 5 қоршау тастарын зерттеп өз еңбектерінде көрсетті. Сонымен қоса 1930 жылы В.П. Левашова 6 қоршау тастарын қазды және 1940 жылы Л.А. Евтюхова 1 қорғанды қазып зерттеген [3, 8б.].

                  Афанасьев мәдениетінің ескерткіштері жайлы, толық, әрі нақтырақ мәліметтері С.В. Кисилевтің «Древняя история Сибири» атты монографиялық еңбегінде жарық көрді. Бұл еңбегінде ғалым Афанасьев мәдениеті тұрғындарының Ежелгі Еуразия тайпаларымен әлеуметтік қарым қатынас және этномәдени байланыстары жайлы сұрақтарға жауаптар іздеген. Кисилев Афанасьев мәдениетінің 50-ге жуық ескерткіштерін зерттеген. Сонымен қатар ол ескерткіштер қатты тоналғанымен, соған қарамастан көптеген жылдар бойы Кисилевтің жазған еңбегі Сібірдің ежелгі тарихын, жалпы археологияны зерттеуде маңызды еңбектердің бірі болды. [3. 9б.].

                 Соғыс жылдарынан кейінгі қазба жұмыстары

Соғыстан кейін алғашқы 15 жылда Афанасьев мәдениетінің ескерткіштері аз көлемде және де  тек Енисей жерінде зерттелді. 1951-1954 жылдары А.Н. Лепский Бельтыры қорымында 10 қоршау  қазған және басқа 4 аймақта 8 қоршау тастарын қазып зерттеген. Л.Р. Кызласов 1958 жылы 2 қоршау және 1959 жылы В.М. Зимина Мойсейха қорымында 14 қоршау тастарын қазып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осыған дейін, Афанасьев уақытында өмір сүрген адамдар сулы жерлердің жанын, яғни Енисейдің жағалауларын мекендегені жайлы мәлімметтер кездескен. Жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеген мәдениет  қорымдары Енисей өзенінен бір шама алыс орналасқандықтан, Афанасьев мәдениетінің тайпалары бүкіл Минусинск ойпатының бүкіл далалық жерлерін мекендегені анықталды.[3, 10б.].

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (87.7 Kb)   docx (14.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club