Жаңа замандағы Осман империясы
Автор: talgatovna03 • Март 4, 2022 • Реферат • 949 Слов (4 Страниц) • 626 Просмотры
Жаңа замандағы Осман империясы
1. III Сәлімнің реформалары және оның мәні.
2. Танзимат реформалары. 1-ші және 2-ші кезеңдері. Осман империясының құлдырауы.
Жаңа заманда Осман империясының қоғамдық құрылымы - Жерге иелік ету нысандары – жерді пайдалану. Түріктер өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан көптеген бағынышты халықтардан, әсіресе гректерден, Балқан түбегі славяндарынан, грузиндерден, армяндардан едәуір артта қалды. Сұлтан мен феодалдардың бағынышты елдердегі билігі тек әскери күшке сүйенді.
III Сәлімнің реформалары. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды III Сәлімнің сұлтан (1789-1807) қолдады. 1792 -1796 жылдары Сәлім армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушылардың иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарына соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Европалық ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. III Сәлім жүргізген шаралар « жаңа жүйе» деген атқа ие болды. Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары реформаға қарсы болды, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айырылатынын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар реформа янычарлар корпустарын жояды деп түсінді. Сондықтан III Cәлімге қарсы феодалдық бүліктер басталды. 1798 жылы Наполеон Бонопарт бастаған француз армиясы Египетке келіп түскенде, Франциямен соғыс болды. Осы соғыстың барысында III Сәлім янычарларға бірқатар жеңіодіктер жасауға мәжбүр болды. Орыс-түрік соғысының барысында (1806 – 1812) III Сәлім 1807 жылы тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан IV Мұстафа барлық реформаға тыйым салды.
Реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделі билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегінде топтаса бастады. Оларды «рущук достары» деп атады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Сәлім таққа қайта отырғызу мақсатымен Байрақтар өз әскерін Стамбулға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Сәлім адам қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң IV Мұстафаны тақтан түсіріп, оның ағасы Махмұд II (1808-1839) таққа отырғызды. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды. «рущук достар» маңызды мемлекеттік қызметтерді иемдеді. Елде реформа қайтадан басталды. Янычарлардың ашық наразылығына қарамастан, Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылғы Стамбұлдағы янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Реформа жазушылардың сәтсіздікке ұшырауы кездейсоқтық емес еді. Өйткені Түркияны тек әлеуметтік жағынан түпкілікті қайта құру арқылы ғана өркендетуге болатын. Бұл Осман империясының аумағында өмір сүруге дейін ұлттық мемлекет құрғанда ғана жүзеге асатынды. Ал реформа өмірге бейімсіз Осман империясын сақтауға тырысты.
Танзимат реформалары. Оның 1-ші және 2-ші кезеңдері.
20-30 жылдардағы реформалардың кемшілігін Осман империясының билеушілері арасындағы терең ойлы, алыстан болжағыш қайраткерлер жақсы түсінді. Олардың арасындағы еуропалық өмірмен жете таныс, білімді мемлекет қайраткерлері де болды. Сондайкөреген қайраткерлердің бірі II Махмұдтың сеніміне ие болған Мұстафа Рашид паша (1800-1858) еді. Ол бірнеше жылдар Англия мен Францияда елшілік қызмет атқарған , содан кейін сыртқы істер министрі қызметінде отырған болатын. Мұстафа Рашидтің жетекшілігімен жаңа реформаның жоспары жасалды. Оның мақсаты сұлтан өкіметін нығайтып, Балқандағы ұлт-азаттық қозғалысты тоқтату және түрік өкіметінің еуропалық державаларға тәуелділігіне тежеу қою, мемлекет құрылысын Батыстың мемлекеттік құрылысына жақындату болды.
...