Видео Ғұндар мен Аттила
Автор: Lia0405 • Сентябрь 30, 2023 • Лекция • 580 Слов (3 Страниц) • 172 Просмотры
Текст Видео Ғұндар мен Аттила
Ғұндар туралы тарихи деректер:
Б.з.б. IV-III ғасырларда Орталық Азияда Қытайдың Солтүстік шегараларына жақын орналасқан ғұн тайпалары біріге бастады.Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан б.з.д. I ғ-дың соңы мен б.з I ғасырында келгендіктен олардың тарихы қазақ жерімен тығыз байланысты.Оны біз археологиялық қазбалардан және Қытайдың жазба деректерінен білеміз.
Ғұн атауы б.з.д. III-дың аяғында алғаш рет Қытай деректерінен кездеседі.Ғұндардың саяси экономикалық және саяси тарихы жөнінде алғаш жазған қытай тарихшылары Сымя Сянь,Бангу,Фай Э-ның шығармалары аса құнды мәліметтер береді. Олардың біріншісі қытай тарихының атасы Сымя Сяньнның 130 бөлімнен тұратын Ши-цзи тарихи жазбалары атты еңбегі болса,екіншсі Бань Гу жазған еңбек Цянь Хань шу,Батыс Хань мемлекетінің құжаттары деп аталады.Ал үшіншісі тарихшы Фай Э жазған Хоу Хань-шу Шығыс Хань мемлекетінің құжаттары атты шығарма.Сонымен қатар,Европа ғалымдарынан Рим тарихшысы Аммиан Марцеллиннің Іс қимылдар деп аталатын 31 кітаптан тұратын шығармасы,Француз Тарихшысы Тьер Амедидің Аттила және оның мұрагерлерінің тарихы атты екі томдық кітабы,Герман тарихшысы Иорданның Ғұн билеушілері Ругилла мен Аттила басқарған мемлекет және Аттиланың Римге жорығы туралы мәліметтері бағалы еңбектер қатарына жатады. Қазақ ғалымдарының ішінен ғұн билеушісі Аттила туралы алғаш рет жазып,ғылымға енгізген Шоқан Уәлиханов болды.Бүгінгі таңда ғұндардың тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік беретін көрнекті түрік тарихшысы Бахаддин Өгелдің 1981 жылы Анкарада басылып шыққан Ұлы ғұн империясының тарихы атты екі томдық кітабының маңызы зор.Бұл шығарманың түрік тілінен қазақ тіліне аударылған нұсқасы 1998 жылы жарық көріп,оқырман назарына ұсынылды.
Археологиялық ескерткіштері
Шөл және шөлейт аймақтардағы ғұн ескерткіштеріндегі өзіндік ерешелікке биік ер тұрман,қауырсын тәріздес қабыршақты өрнек әшекейлі қолқазан жатады.Ғұн қабірлерінен көптеп кездескен бұйымдар күрделі садақ пен түрлі әшекейлер.Ғұн садағы жеті сүйек бөліктерінен құрастырылып иыққа жақындайтын тұсы қосымша сүйек қапсырмаларымен бекітілген.Халықтардың ұлы қоныс аудару кезіндегі далалық қорырындардан созыла басылған алтын қаңылтыр мен түрлі түсті тастар салынған әшекейлер табылды.Олардың мұншама көп таралуы көшпелілерді тез байуға алып келген Иран мен Римге қарсы тонаушылық соғыстарға байланысты болған еді.Әзірге зерттелген ғұн қабірлеріндегі бұйымдар алтын және өзге әшекейлермен сәнделген.Археологтар Иволга өзенінің Селеңгіге құяр тұсындағы елді мекеннен тұрақты жартылай жертөленің орнын тапты.Едені сабан араласқан балшықпен сыланған жертөленің ішінен тары дәндері ,шойын түрендері,темірорақ,тас дән күштері және астық сақтайтын оралар таблды.Ғұндардың қабірлерін қазу барысында табылған қыш құмыралар,көзелер,саптаяқтар қолдан жапсыру тәсілімен ұршық қалыптарда дайындалған.
...