Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Араб халифатының мемлекеті және құқығы

Автор:   •  Октябрь 3, 2019  •  Реферат  •  2,104 Слов (9 Страниц)  •  1,348 Просмотры

Страница 1 из 9

        Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

              М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

                                           [pic 1]

                                         

                                                РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Араб халифатының мемлекеті және құқығы

Орындаған:   Оразов Нұрдәулет Талғатұлы

Студент:  1 курс

Факультет:  Заң факультеті

Мамандығы: Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық

Тексерген оқытушы: Курманбаева Д.П

                   Тараз, 2019

Жоспары:

  1. Араб халифатының теократиялық мемлекет ретінде құрылуы және дамуы
  2. Қоғамдық құрылысы
  3. Мемлекеттік құрылысы
  4. Меншік құқығы
  5. Қорытынды

  Араб Халифаты Apaбиядa VII ғacырдың 20-жылдapының coңында діни peфopмaтор  Мұхaммeдтің қызметі нәтижесінде құрылды және ол қайтыс болған соң 20 бүкіл Сасанидтік Иран жерін және Византияның елеулі бөлігін өзіне бағындырды. О.Г. Большаковтың пікірінше, бір қарағанда Apaб халифаты Opта ғасырлардың басында жылдам пайда болып, тapих қoйнауында iзiіз жoғалған көптеген варварлық мемлекеттерден ешбір ерекшеленбеді. Өзге де вapварлық мемлeкеттер сияқты apaбтар мәдени жәнe әлеуметтік тұрғыдан әлдеқайда дамыған мемлекеттерді басып алып, сол елдер xaлқының aз ғана бөлiгін құрады. Aлайда, xaлифaттың пaйдa бoлу жолдары ғұндap, шoттар жәнe түркiлep дepжaвaлapының тapихына ұқcac бoлғанымeн, ол әлдeқaйдa ұзaқ өмip сүрдi жәнe бүкiләлeмдik тapихқa eлeулi ықпaл еттi. 
  VI-VII ғасырларда орталығы Арабия түбегінде орналасқан Араб тайпаларында ру-тайпалық құрылыстың ыдырау процесі басталып, қоғамдағы мүліктік және әлеуметтік теңсіздік күшейе түсті. Шейхтер (тайпа басшылары) мен саидат (тайпа ақсақалдары) лауазымын иелену құқығы ауқатты отбасыларда мұрагерлік жолмен берілетін болған. Әсіресе, Хиджазда (Қызыл теңіз жағалауындағы аудан)  ру-тайпалық қатынастардың ыдырауы ерекше қарқынмен жүріп, алқаптарды жартылай отырықшыл тайпалар мекендей бастады. Олар мал шаруашылығына қоса жер өңдеумен де айналысты. Бұл аймақта ірі сауда-қолөнер қалалары-Мекке мен Ясриб орналасты. Аталған қалалар арқылы оңтүстіктен солтүстікке қарай ірі керуен жолдары өтіп жатты. Нәтижесінде Хиджаз біртіндеп араб тайпалары біріккен орталыққа айналды. 
  Араб феодалдық мемлекетінің құрылуы алғышарттары:
1. Арабия аумағындағы құл иеленушілік қатынастардың дағдарысқа ұшырауы 
2. Араб тайпаларында алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы
3. Сырттан келген қауіпке қарсы тұрудың қажеттілігі
  VII ғасырда арабтарда мемлекеттіліктің қалыптасуының ерекшелігі болды. Халифаттағы түрлі өркениеттердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде жоғары деңгейде дамыған жаңа мәдениет пайда болды. Бұл мәдениеттің ресми тілі ретінде араб тілі танылып, идеологиялық негізін ислам діні құрады. Ислам діні этикалық-құқықтық көзқарастар мен діни-саяси институттардың жүйесінен тұрған жаңа дін еді. Қазіргі заманғы көзқарасқа сәйкес, ислам жай ғана дін емес, ол сонымен қатар мұсылман мемлекеттерінің өміріне ықпал етуші күшті фактор. Себебі, бұл елдерде дін мемлекеттік істермен тығыз байланысып кеткен. Сондықтан да, ислам діні Халықаралық саясатқа да ықпал етуші идеологиялық жүйе 
 
Ислам дінінің негізін Мұхаммед пайғамбар қалаған. Ол Мекке қаласында ,,піл жылы", яғни 570  жылы өмірге келген. Оның туған күні ай күнтізбесі бойынша раби ал-аввай айының 12 жұлдызы тойланады және Мәуліт деп аталады (сондай-ақ ол сол күні қайтыс болды)
  Мұхаммедке Алла аян беріп, соның нәтижесінде ол Құдайдың елшісі ретінде діни уағыздар айта бастады және халықты пұтқа табынудан бас тартып, жалғыз құдай Аллаға құлшылық етуге шақырды.

...

Скачать:   txt (27.1 Kb)   pdf (219.3 Kb)   docx (70.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club