Қара және түсті металлургия.АҚШ мемлекеті
Автор: ARMIYANOVA • Сентябрь 28, 2023 • Творческая работа • 5,650 Слов (23 Страниц) • 105 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультеті География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Қара және түсті металлургия.АҚШ мемлекеті
«Дүниежүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша СӨЖ №2
Орындаған: Насырла.А.Қ (4 к.) Тексерген: Мылкайдаров А.Т.
Алматы, 2022
МАЗМҰНЫ
- КІРІСПЕ 3
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
- АҚШ экономикасына жалпы сипаттама 4
- АҚШ-тың өнеркәсібі 5
- АҚШ-тың металлургия саласы. 9
- Қара металлургия зауыттары 9
- Ең ірі алаптары 11
- Түсті металлургия 13
- ҚОРЫТЫНДЫ 15
- ПАЙДАЛАНҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 16
КІРІСПЕ
АҚШ мемлекеті.Халқы — 329 млн адам (2019, әлемде - 3-ші орын). Астанасы — Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос Анжелес, Сан- Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, П иттсбург, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.Қаңтар айының орташа температурасы Аляскада –18°С, Орталық жазықтың солтүстігінде –24,8°С. Елдің оңтүстік- батысында қаңтар айының орташа температурасы 12°С-тан, Флорида түбегінде 20°С-қа дейін жетеді. Шілде айының орташа температурасы батыс жағалауда 14 – 22°С, шығыста 16 – 22°С-қа дейін ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32°С-қа дейін көтеріледі. Батыс жарты шардағы ең жоғарғы температура Ажал аңғарында (56,7°С) байқалды. Жауын-шашынның мөлшері Алясканың жел өтіндегі тау беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 3000 – 4000 мм; шығыс және теңіз жағалауы белдемінде 1000 – 2000 мм; Орталық жазықта 600 – 900 мм, Ұлы жазықта – 400 – 600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) – 100 мм-ден де аз. Жауын- шашынның көп мөлшері Гавай аралдарында (10000 мм). Ең ірі өзендері: Миссисипи (ұзындығы Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-Гранде, Юкон. Көпшілігі Атлант және Тынық мұхит алабына жатады. Дүние жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солтүстік-шығысындағы Ұлы көлдер құрайды (Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Олардың барлығы бір-бірімен жалғасып, 245 мың км² аумақты алып жатыр. Эри мен Онтарио көлдерін байланыстыратын Ниагара сарқырамасы осы тұста орналасқан.
...