Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алуан-алуан тағдырлар

Автор:   •  Январь 25, 2022  •  Эссе  •  364 Слов (2 Страниц)  •  221 Просмотры

Страница 1 из 2

                                                    Алуан-алуан тағдырлар

 Тағдыр деген сөз барлық ұлттың тілдерінде бар және тағдыр туралы дәстүрлі діндерде де көп айтылады. Қарапайым ой қисынына салып қарасақ: егер тағдыр деген түсінік бар екен, онда тағдыр дегеннің өзі де бар болғаны ғой. Адамдардың көбі шынында да тағдырға сенеді және алдын ала белгіленіп қойған осындай өмір жолын өзгертуге болмайды деп ұғынады. Шындығында солай ма?    

 Жер жүзінде қаншама адам болса, соншама тағдыр бар. Тағдырлардың алуан түрлілігі сонша, қай қайсысын алып қарамасаңда құдды бір драма іспеттес. Сондай тағдырлардың біріне тоқталсам деймін. Алып шаһардың бір жерінде қарапайым отбасы өмір сүріпті. Отбасы болғанда жас отбасылардың бірі еді. Үйленіп отау құрып өмірлерінің бақытты күндерін бірге көріп өмірлерін сүре береді. Бірақ, өмірде қуанышпен қайғы қатар жүретіні бәрімізге белгілі. Тұңғыштарын бауырына басып, емірене иіскейміз деген сәттерінде, періште өмірге келе сала шетінеп, қайта періште болып ұшып кете берді. Көптен күткен тұңғышымен осылайша қоштасу, әке мен анаға оңайға соққан жоқ. Дегенмен де, бір біріне сүйеу бола біліп, бұл қайғыны да жеңеді. Арада жылдар өткеннен кейін отбасыларына шыр етіп дүниеге сәби келеді. Ана мен әкенің көз қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Арада тағы біраз уақыт өткеннен кейін, жас отбасылардың қатарына тағы бір сәби келіп қосылады. Тағдырдың берген сыйына екеуі де риза. Осылайша, әрбір отбасы сияқты өз өмірлерін бақыт пен шаттықта сүре береді.

  Уақыт өте келе барлығы бір-ақ сәтте астан-кестен болады. Өмір осымен тоқтап қалғандай күй кешеді. Жас отбасы еш уайымсыз достарының үйінен қонақ болып қайтып келе жатқанда, жол үстінде бір көлік келіп соғылады. Сәбилердің перішстесі қақты ма, барлығы дін-аман. Отағасы достарының бірін шақырып, жұбайы мен бала-шағасын үйіне салып жібереді. Өзі сол жерде қалып көлікті алып кетуге бір ыңғай жасамақшы болады. Арада бірнеше минуттар өткеннен кейін, сонау жерден екі көлік жарысып зуытқып келеді де, бірі жаңағы жігітті  аса қатты жылдамдықпен келіп қағады да сол мезетте ізін суытады. Сол жерде жаңағы жігіт қас пен көздің арасында мерт болады. Бірнеше уақыттан кейін бұл қаралы хабар бәріне жетеді. Жұбайына күйеуінің қайтыс болғанын қабылдау ауырға соқты. Құрсағындағы баласын өзіне жұбаныш көріп, солар үшін өмір сүруім керек деп еңсесін көтереді. Жүрегі қан жұтып тұрса да, сырт көзге білдіртпейді. Санаулы айлар өткеннен кейін құрсағындағы сәбиді дүниеге әкеледі. Тағдырдың осындай қатыгездігіне мойымастан балалары үшін өмірге барынша күліп қарап өмірін сүруде...

...

Скачать:   txt (4.5 Kb)   pdf (41 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club