Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Майқы би

Автор:   •  Февраль 9, 2021  •  Эссе  •  509 Слов (3 Страниц)  •  2,850 Просмотры

Страница 1 из 3

Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би

«Ел азайын десе – бөлінеді.

Тозайын десе – шыққан төбесі тау көрінеді.»

  • Майқы би

Он екінші ғасырдың соңы – он үшінші ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген атақты шешен, би біткеннің де көш басшысы. Билік, шешендік сөз өнерімен бүкіл қазақ елі арасында аты шыққан. Абайдың айтуына қарағанда, Майқы би – Шыңғысты хан көтерген он екі бидің бірі.

Шежіре деректері бойынша, Ақарыстан (Ұлы жүздің арғы атасы) Ұзынсақал Ыбырайым, одан Кейкі би, одан Төле би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Оның есімі қазақтардың шығу тегі жөніндегі көптеген аңыздарда жиі кездеседі және Дешті Қыпшақта түркі қауымдарының негізін құрушы ретінде ұдайы аталады.

Парсы ғұламасы, әрі тарихшы Рашид ад-Диннің «Жами-ат-Тауарих» шығармасында Майқы бидің Шыңғысханның ел басқару ісіне көмектесіп, ақылшы, жорықтарға шыққанда орнына қалдыратын биі болғаны, он үшінші ғасырда Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында монғол әскерінің оң қанатын басқарғаны айтылады. Ал әскердің оң қанаты Жошы ұлысының, яғни Дешті Қыпшақтың ұланғайыр аймағын алып жатты.

Майқы би моңғол жылнамасы «Алтын топшыда» да аталды. Осыған қарағанда Майқы би жас жағынан Шыңғысханмен шамалас немесе одан үлкен болған. Ал Шыңғысханның 1155 жылы туып, 1206 жылы ұлы хан болғаны мәлім. Халық аңыздары Майқы би бұдан беріде жасады, қазақтың үш жүзге бөліну кезеңінде үлкен рөл атқарды делінеді.

Хылық аңызында Майқы би Орманбет би қайтыс болып, он сан Ноғайлы елі бөлінгенде қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер бейнесінде сипатталады. Ол кезінде қазақ халқының бірлігін сақтап, бір тұтас ел болу жолында алғашқы Ұлыс бірлігін құруда көп еңбек сіңірген қайраткер. Майқы би қазақ руларын үш жүзге ("‎Жүз"‎ - арабша "‎бөлік"‎, "‎бөлім"‎) топтап, Үйсін бастаған бөлікті - Ұлы жүз, Қабанұлы Болатқожа бастаған бөлікті - Орта жүз, Қоғамұлы Алшын бастаған бөлікті - Кіші жүз деп атады. Ноғайлы хандарының бірі, Қызыл Арыстанның баласы Ахметті (Алаша хан) Ұлытауда үш жүздің ханы көтерді. Ол ұлысқа кірген қырық руға таңба таратып, таңбаны әр рудың негізгі ерекшелігіне қарай белгіледі.

...

Скачать:   txt (6.4 Kb)   pdf (64.2 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club