Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әйел көйлегінің сызбасын құру

Автор:   •  Август 10, 2021  •  Реферат  •  1,226 Слов (5 Страниц)  •  475 Просмотры

Страница 1 из 5

Сабақ 1. Әйел көйлегінің сызбасын құру

Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы

Киім конструкциясын кез келген есеп әдісімен құру үшін ең алдымен ол туралы бастапқы деректерді толық білу керек. Осы бастапқы деректердің бірінші және негізгі бөлігі болып өлшемдік белгілер табылады. Олар адам дене бітімін көлемі мен пішініне қарай сипаттайды, яғни оның өлшемдік сипаттамасын үғындырады.

Адам денесі мен оның (антропометриялық) бөліктерін өлшеудің үш тәсілі бар:

  • бірінші тәсіл арқылы тік немесе көлденең жазықтықтағы кез келген нүктелер арасының арақашықтық проекциясын өлшейді;
  • екінші тәсіл арқылы екі нүкте аралығының ең қысқа қашықтығын өлшейді;
  • үшінші тәсіл арқылы дене бітімінің үстін өлшейді.

Нақты мәліметтер алу үшін барлық өлшемдер белгілі бір шарттарды қатаң сақтау

негізінде жүргізіледі:

а) өлшенетін адам түзу, күштеусіз, бірқалыпты дем алып белгілі кейіпте тұрады;

б) ерлер мен балалар аяқ киімсіз, іш киім киген, әйелдер іш киім мен көкірекше киген;

в) барлық өлшеулер денеге белгілі нүктелер арқылы немесе тері қатпарлары және жұмсақ маталардың шекарасы арқылы жүргізіледі.

г) ұзындық және айналымдарды өлшеу 1 мм-ге дейін дәл өлшеуді талап етеді.

Анықталған нүктелер антропометриялық нүктелер деп аталады. Өлшеу барысында конструкциялау үшін 16 антропометриялық нүкте қолданылады.

Негізгі өлшемдер

1) Бой — Б. Еденнен құлақ үсті нүктесіне дейінгі аралық.

2) Жартылай мойын айналымы — ЖАм. Мойынның толық айналымын өлшейді. Сантиметрлік таспаның төменгі шетін мойын нүктесі үстінен орналастырады, ол таспаны жанынан және алдынан бұғана нүктесінің төменгі шетін жанай мойынның басталу негізімен орналастырады. Өлшемнің жартысын жазып алады. Өлшеу барысында мойын пішініне және орналасуы мен ерекшеліктеріне назар аудару қажет: ұзын-қысқалығына, алды мен артына иілуіне, жетінші мойын омыртқасы айналасын май басуына. Жаға фасонын таңдау барысында мойын ұзындығы ескеріледі, ал конструкциялау барысында мойын ойындысының ені мен тереңдігін анықтауда мойын пішіні мен май басу сипаты ескеріледі.

3) Кеуденің бірінші жартылай айналымы — ЖАк1. Кеуденің бірінші айналымын толық адамдарда өлшейді. Арқаға сантиметрлік таспаны көлденеңінен жайғастырады, өлшеу көлемінің жартысы қолтық асты ойындысының жоғарғы шетін жанай өтуі тиіс. Жартысын жазып алады.

4) Кеуденің екінші жартылай айналымы — ЖАк2. Кеуденің екінші айналымын толық өлшейді. Арқаға сантиметрлік таспаны көлденеңінен қолтық асты ойындысының артқы бұрышына тиетіндей, қолтық асты ойындысымен қисық қиылысты тегістіктен өтетіндей етіп жайғастырады. Еркектерде сантиметрлік таспаны емізікті нүктелер арқылы, ал әйелдерде кеуде бездерінің шығыңқы  нүктелерімен жүргізеді. Соған орай бірінші, екінші кеуде айналымын сантиметрлік таспаны арқада жылжытпай бірінен кейін бірін өлшейді. Омырауы төмен түскен әйелдер дене бітімін сантиметрлік таспаны кеуде шығыңқысына көлденең жайғастырады. Өлшемнің жартысын жазып алады.

5) Кеуденің үшінші жартылай айналымы—ЖАкГ  Кеуденің толық үшінші

айналымын өлшейді. Сантиметрлік таспаны еркектерде тұлғаны айналдыра емізіктік нүктелері арқылы, әйелдерде кеуде бездерінің шығыңқы нүктелері арқылы көлденеңінен орналастырады. Таспаны алдынан кеуденің оң, жағына қарай аяқтайды. Өлшемнің жартысын жазып алады.

6) Жартылай бел айналымы — ЖАбел. Белдің толық айналымын өлшейді. Таспаны тұлғаны айналдыра бел сызық деңгейінде жайғастырады. Өлшемнің жартысын жазып алады. Өлшеу барысында бел пішініне көңіл аударады және паспортқа оның ерекшеліктерін жазып отырады: мәнерленбеген, цилиндрлік, арқа тұстан өте майысқан, қарны шығыңқы.

...

Скачать:   txt (17.3 Kb)   pdf (77.1 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club