Қамырдан әзірленген тағамдар
Автор: aigerimumirzaq • Февраль 10, 2022 • Курсовая работа • 5,280 Слов (22 Страниц) • 300 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МКҚК «МАҢҒЫСТАУ ТУРИЗМ КОЛЛЕДЖІ»
Тіркеу №____ «ҚОРҒАУҒА БЕКІТЕМІН»
« ___»___________2020ж. Оқу ісі жөніндегі орынбасары
_______________Бисенова.А.Х
«___»___________2020ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
пәні «Арнайы технология»
Тақырыбы: «Қамырдан әзірленген тағамдар»
Авторы: ПБ-МК-31тобының күндізгі бөлімнің
0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
мамандығының студенті
Умирзакова Айгерим
Жетекшісі: Мұратова.Б.A.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………3
I БӨЛІМ. ҚАМЫР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1.Ұн, Қамыр, Нанның жалпы технологиясы………………………………9
1.2.Ұнның тағамдық құндылығы …………………………………………………..10
1.3. Қамырдан жасалған тағамдар………………………………………………….14
II БӨЛІМ. ҚАМЫРДАН ӘЗІРЛЕНЕTІН ТАҒАМДАР
2.1. Қатпарлы қамырдан жылдам дайындауға болатын 5 тағам...16
2.2. Үзбе қамыр сорпасы.....................................................................17
2.3. Бәлішке арналған қамыр: 6 дәмді рецепт..................................22
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………..24
ПАЙДАНЫЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМI………………………………………25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Кондитер өнеркәсібі Қазақстан экономикасында маңызды орын алады. Еліміз сыртқы рынокқа 1,5 млрд. доллар көлемінде астық шығара отырып, көшбасшылардың бірі ретінде оның экспортынан дүние жүзінде 7-ші орын алады. Астық экспортындағы ұнның үлесі 2012 жылғы 9 пайыздан 2017 жылы 58 пайызға жетіп, 849,2 млн. доллар көлемінде болды. Кондитер өнімдерінің технологиясын жетілдіру бүгінгі танда өзекті тақырып болып табылады. Ұн – бидайды ұнтақтау нәтижесінде кебекпен немесе кебексіз шығатын ұнтақ тәрізді өнім. Ол негізінен бидай, сондай-ақ жүгері, арпа, сұлы, бұршақ дәндерінен дайындалады.Ұнды түрге, типке және тауарлық сортқа бөледі.Ұнның түрі қандай дақылдан алынғанына байланысты анықталады.Ұнды нан,кондитерлік,кеспе өнімдерін,т.б. дайындау үшін пайдаланылыды.Ұнның химиялық құрамы,тағамдық және технологиялық сапасы дәннің түріне,ұнтақталу дәрежесіне,т.б. байланысты.Түр мен типтің деңгейіне қарай ұнды тауарлық сортқа бөледі.Ұн сорты дән ұлпасының арақатынасы мөлшерімен, өңдеу технологиясымен ерекшелінеді.Бидай нанын пісіретін ұнды бес тауарлық сортқа бөледі: майда ақ ұн, жоғарғы, бірінші, екінші, ерекше тартылған қара бидай ұны.
Ұнның сапасы келесі параметрлер арқылы бағаланады: тағамдық және биологиялық құндылығы; органолептикалық ерекшелігі;физикалық химиялық; қауіпсіздік.
Алматы облысындағы ірі кондитерлік компаниялардың бірі «Алматы өнімі» шығарған тәтті бұйымдар бүгінде тұтынушылардың көңілінен шығып отыр. Кәсіпорында айына 600 тоннаға дейін тәтті өнім өндіріліп, сауда нүктелеріне жолдама алып жатады.
Жетістіктерімізді айта отырып, астық өндіру саласында әлі де атқарылатын жұмыстар көп екенін айта кеткен жөн. Соңғы 20 жыл ішінде бұл салада жаңа кешендер салынған жоқ. Елімізде ҝұрал-жабдықтар жетіспейді. Дүниежүзілік астық рыногында жаңа елдерге шығу, Иран бағытында темір жол салуды тездету, араб елдеріне астық жеткізу
...