Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ағымдағы, ретроспективтік және перспективтік библиография

Автор:   •  Декабрь 8, 2020  •  Реферат  •  495 Слов (2 Страниц)  •  663 Просмотры

Страница 1 из 2

Күні: 05.12.20.

Ағымдағы, ретроспективтік және перспективтік библиография.

      Ғылыми және іс-тәжірибелік көзқараспен қарағанда библиографияның ағымдық және ретроспективтік болып бөлінуі елеулі орын алады.

     Осы бөліну негізінде функциялдық-мақсаттық бағдарының белгісі көрсетіледі.

      Ағымдағы библиография-жаңадан пайда болған құжаттар жайында ақпарат беру қызметін атқарады, сонымен қатар тұтынушылардың өз саласы бойынша құжаттың тасқынды бақылау және оның арасында жан-жақты бағдарлау мүмкіндігін қамтиды. Осы функционалды –мақсатты бағыт бағдары мен байланысты ағымдық библиография толық талап етуі, үнемі, тұрақты жылдамдығы қажет. Ағымдық библиографиялық ақпарат мерзімді

Библиографиялық қызмет көрсету түрі бойынша болуы мүмкін.

     Ретроспективтік библиография-өткен жылдарда шыққан басылымдар конференциясы.Біртұтас кезеңді қамтып, оқырманға нақты дерек ұсынатын сала ретроспективтік библиография болып саналады. «Ретро» артыңа бұрылып қара дегенді білдіреді.

   Қай тақырып, қай сала болмасын қамтылған мерзім ішінде жарияланған әдебиеттің мазмұны арқылы қоғамдық құбылыстың сол кезеңдегі дамуын, сипатын, әлеуметтігін саралап, жеке ғылым салаларының қол жеткен табысын жүйелеуге жол ашылады. Мұндай құралдың көрсеткіші мен сілтеме бөлімі әр алуан дерек ұсынып оның ғылыми құндылығын арттыра түседі.Өткен жылдар әдебиетінің жинақталып жеке көрсеткіш кітап болып шығуы өзіндік орны бар қажеттілік болып табылады.

      Ағымдағы библиографиялық көрсеткіштердің қайсысы болмасын жыл уағы өткен соң ретроспективтік библиография санатына қосылады.

Ретроспективтік библиография» бөлімінің негізгі қызметі:

Ретроспективтік библиография – әлемдік библиографиялық тәжірибесінде қолданылатын  ұғым, өткен  жылдарда басылып шыққан әдебиеттерді бір көрсеткішке жинап топтастыру.

Ретроспективтік  библиография  мемлекеттік библиографияның бір бөлігі болып саналады.

Өткен белгілі бір уақыттағы баспа өнімдерінің ретроспективтік библиографиялық көрсеткіштерін шығару:

«Қазақстан Республикасының кітаптар жылнамасы»;

 «Қазақстан Республикасының журналдары: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Журнал мақалаларының шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Қазақстан Республикасының газеттері: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Газет мақалаларының шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Қазақстан Республикасының баспасөзі: статистикалық жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Казахстаника көрсеткіші: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Мәтіндер шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»; «Рецензиялар шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Нота басылымдарының шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Бейнелеу өнерінің шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Диссертациялардың авторефераты: жинақталған библиографиялық көрсеткіш».

Перспективтік библиография- болашақта шығатын басылымдар библиографиясы. Қарастырылып отырған жүйелердің ішінде перспективтік библиография маңызды орын алады.

Перспективтік библиография әлі шықпаған, баспаға дайындалған құжаттар туралы оқырмандарға дайындалатын библиографиялық ақпарат. Бұл басылымдар мәліметтер нақтылығын дәл көрсетпейді.

...

Скачать:   txt (9.7 Kb)   pdf (85.5 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club