Қазак кандай халык
Автор: Жансая Заманбекова • Апрель 1, 2024 • Эссе • 1,112 Слов (5 Страниц) • 105 Просмотры
ҚАЗАҚ ҚАНДАЙ ХАЛЫҚ?
Дүние жүзіндегі әр елдің оны басқалардан бөлек қойып, ерекшелейтін тілі мен мәдениеті бар. Бұндай қасиеттерді білу және зерттеу ұлтты басқаларға таныстыруға, бірақ ең бастысы өз-өздеріне мәдени дамуына үлесін қосады. Бұл эсседе мен «Қазақ қандай халық?» деген сұраққа жауап беруге тырысып, қазақ елінің қай қасиеттері оны жақсы сипаттайтыны жайлы өз ойымды білдіремін және оны тілдік деректермен негіздеуді мақсат етемін.
Жалпы этносқа тән қасиеттерді зерттеудің алуан түрлі жолдары бар. Мысалға айта кеткенде антропология мен этнография - кез келген қауымдастық мүшелерінің тұрмыс-тіршілігін, өмір шарттарын, социология – адам арасындағы ара-қатынастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды анықтап, талдауға мүмкіндік береді. Этнолингвистика, этимология - тілдерді және олардың пайда болуын, қалыптасуын, сөздік қоры мен құрамын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл ғылымдар әрқайсысы бір бөлек және біріге отыра этносқа тән қасиеттердің толық анықтамасын беру мүмкін.
Қазақ халқын сипаттағанда ойға бірден келер ерекшелігі – ежелден сақталып келе жатқан және осы таңда баршаға танымал атанған қонақжайлылығы. Қазақ халқы қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық дей келе, әрбір қазақ отбасы үшін қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа ілтипат көрсету атадан қалған дәстүр мен міндет. Тіпті соғыс жылдары кезінде де халқымыз өз жағдайының нашарлығына қарамастан өзге ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алғандығы мәлім. Бұл – ғасырлар бойы көшпелі өмір салтын ұстанып, мал шаруашылығымен айналысқандықтан пайда болған дәстүр болып табылады (Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – А., 1999.167-172) Ежелде, арасы алыс қоныстарға жол тартып келе жатқан жолаушы қазақ ауылына жөнелгенде құрметті қонақ болып күтіліп, сый-сияпат көрсетіліп, жатар орын беріліп, тынығып ала аттануы үшін барлық жағдай жасалынып берілген. Ең маңыздысы, осы үшін жүргіншінің үй иесіне не туыс-жақын, не таныс та болуы міндетті болмаған. Тіпті осындай әдейі арнап шақырылмаған, келуі мүмкін деп күтілмеген, жол үстінен бұрылып түскен қонақтарды бөлек сөзбен – құдайы қонақ деп атаған. Бұл сөздің мәні - дәм-тұз тартып, құдайдың өз бұйыруымен ғайыптан келіп түскен қонақ. Қазақтардың бұл дәстүріне орай, қонаққа қатысты көптеген мақал-мәтелдер қалыптасқан (Қайдар Ә. Қазақ қандай халық?, 2008). Олардың ішінде «Қонақ келді – құт келді», «Қонақты қуа берсең – құт қашады» деген сөздері қазақтардың келіп түскен қонақты құт-бақыт деп қуана қарсы алатындығы мен қарсы алмау – үйге келген құттың бетін қайтару болып саналғандығын көрсетеді (Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде. ІІ том. Қоғам, 2013, 593- 597). Келген адамға арнап қой сойып, қонақ асы беріледі, бұл дәстүрдің де ары қарай зерттейтін, бірнеше заңдылықтары мен астарлы ойды көрсететін түсініктері бар.
Келесі айтуға міндетті қасиеттерінің бірі – қазақ халқының той, мейрамға құмарлығы. Біздің салт-дәстүрде не көп, той көп дегендей, ертедегі өмір-тіршілігі қаншама қиыншылыққа толы болса да, оның қуанышты күндері, той-томалағы да аз болмаған. Олардың түр-түріне таң қалуға болады бала, перзентке арнала жасалатындардың өзі: құрсақ той, шілдехана, бесік тойы, тұсау кесер тойы, атқа мінген той, сүндет той, тілашар той деп бөліне береді. Екі жас бас қосар кезінде жасалатындар тіптен көп: құдалық той – құдалар екі жақты келіскен соң, соған арнап қой сойылатын той, қыз ұзату тойы – қыз бен жігіттің неке қию рәсімі, қыздың өз үйін тастап, басқа шаңыраққа кетуін белгілейтін той, неке қию тойы – «ақ неке», ұзату кезінде қыз бен жігіттің ата-анасының қатысуында орындалады, жыртыс той - күйеу қызды алып қайтуға келгенде қыз әкесінің үйіне ірі-ірі сыйлықтар әкеліп таратуы, қоржын той – қыз тұрмысқа шыққанда күйеу жақтың адамдары қыз жақ туыстарына арнап қоржын толы сыйлықтар апарады, келін түсіру тойы - келіннің бірінші рет қайын-жұртының
...