Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Частицы и прилагательные в немецком языке

Автор:   •  Июнь 10, 2018  •  Реферат  •  3,618 Слов (15 Страниц)  •  658 Просмотры

Страница 1 из 15

Есімшелер, әсіресе, есімше топтары сөйлемнің ауқымын кеңейтуде үлкен мағынаға ие болады.  Ол мағына есімшелердің басқа морфологиялық дәрежелі сөздер рәсімдей алмайтын сөйлемдегі ерекше сөйлем мүшесі бола алмауымен айқындалмайды. Есімшелер етістіктік меңгеруді сақтай отыра, толықтауыш, пысықтауыштардың көптеген санына ие болып, көбінесе оқшау және салыстырмалы дербес сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады. Неміс тіліндегі І және ІІ есімшелер сөйлемде кең таралған синтаксистік қызметті ғана атқарып  қоймай, анықтауыш қызметінде де бола алады.

Неміс тілінде І және ІІ есімше тілде (анықтауышпен қатар) анықтауыштың зат есімге қатысы ретінде қызмет етеді, яғни, заттың сыны мен сапасын анықтайтын сөйлем мүшесі болады. Есімшелер анықтауыш қызметін атқарғанда заттың процессуалды және нәтижелік сынын білдіреді. Неміс тілінде есімше ІІ қолданылуына байланысты етістіктің жалпы семантикалық және грамматикалық түріне қарай ерекше өзгешелінеді. Есімше ІІ сабақты етістіктердің ырықсыз-нәтижелі сипатына ие болады. Мұнда іс-әрекет заттың нәтижесі тұрғысынан берілген сынын анықтауға бағытталған. Г.Паульдың айтуы бойынша : «неміс тіліндегі аталмыш перфект есімшесінің жасалу жолы, түрі бойынша әртүрлі етістердің құрамына ене алатындығын анық көрсетеді: есімшелер сабақты етістіктерден ырықты мағынада пайда болады. Ал салт етістіктен пайда болған есімшелер көбінесе негізгі етіс мағынасына ие болады».

Егер bauen етістігінен шығатын есімше І өзінің семантикасы бойынша заттың белгілі бір белсенді іс-әрекетте болатынын көрсетсе (der bauende Arbeiter), ал бұл етістіктен пайда болатын есімше ІІ өзінің сематикасы бойынша заттың іс-әрекет нәтижесінде иеленген күйіне байланысты пассивті болады. Себебі заттың ие болған нәтижелік күйі мұнда иеленген қасиет ретінде беріліп тұр(das gebaute Haus).  Есімше ІІ сабақты етістіктен заттың анық қасиетін көрсететін сипаттаушы ретінде көрсетіледі. Сондықтан өзінің семантикасы бойынша кез-келген сабақты етістіктің есімше ІІ-сі анықтауыш ретінде қолданыла алады.

Салт етістіктен пайда болған есімше ІІ процесс субъектісіне ғана қатысты бола алады. Оны екі топта қарастыруға болады:

  1. Шектеулі-нәтижелік мағынадағы салт етістіктер (kommen «келу», erwachen «ояну», sterben «қайтыс болу» етістіктері секілді);
  2. Курсивті (созылмалы – шексіз, нәтижесіз)мағыналы етістіктер gehen «жүру», machen «жасау», leben «өмір сүру» етістіктері секілді) .

Gekommen есімше ІІ нәтижелік kommen салт етістігімен анықтауыш қызметін атқара алды. Себебі мұнда  gekommen субъект қол жеткізген және сол арқылы субъектінің небір қасиетіне, белгісіне айналған белгісіз нәтижені білдіреді. Курсивті және нәтижесіз семантикаға ие болатын екінші топтағы етістіктерден пайда болатын ІІ есімшелер өз алдына іс-әрекеттің нәтижесін білдіре алмайды. Сол арқылы заттың қандай да бір қасиетіне айналған сыны ретінде қабылдана алмайды. Заттың нақты сынын білдірмей, ІІ есімше нәтижесіз, салт етістіктерден анықтауыш ретінде пайда бола алмайды.

Германистикада есімшелердің дәрежесі туралы көптеген ойлар бар. В.Шмидттің келесі ойы көптеген германистерден қолдау тапты. Оның ойынша, неміс тіліндегі есімшелерді антикалық грамматикада да орын алғандай, жеке сөйлем мүшесі ретінде қарастыруға болады дейді. Германистикада неміс тіліндегі І есімшелер етістіктік жүйеден шықты деген ойдың бары белгілі. Бірақ Е.И.Шендельс ұстанатын  ой да жоқ емес. Оның ойынша, есімше формаларында есімді емес, етістіктік мағына басымырақ.

Г.Пауль неміс тіліндегі есімшелердің шығу тегі етістіктік емес, есімді дейді. Тіл теориясын зерттей келе, ол тарихи мысалдар негізінде түп нұсқалық сын есімнен есімшеге дейін көрсетілген жағдайларды бақылайды. Есімшенің есімді шығу тегі «есімше бірте-бірте өзінің бастапқы таза есімді табиғатына оралғандағы» кері құбылысымен  де дәлелденеді.

...

Скачать:   txt (44.2 Kb)   pdf (180.1 Kb)   docx (26.6 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club