Виртуалды шынайылықтағы адам
Автор: aikolisa • Ноябрь 11, 2021 • Контрольная работа • 702 Слов (3 Страниц) • 1,157 Просмотры
Пән: Информатика
Мерзімі: 03.11.2021ж.
Сабақтың тақырыбы: Виртуалды шынайылықтағы адам
Негізгі ұғымдар:
- Иммерсивтілік – иммерсивность – immersive
Жоспар:
- виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың адамның жүйке жүйесі мен денсаулығына әсері;
- виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологияларының даму болашағы
[pic 1]
Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернеттен иммерсивтілік1 туралы оқыған боларсың? Сарапшылардың көбісі «иммерсивті есептеудің дәуірі келді» деп есептейді.
Соңғы 30 жылда технологияның дамығаны соншалық, пернетақта мен тінтуірдің көмегімен басқарылатын мәшинелердің орнына саусақпен басқаруға болатын экрандар, команданы түсінетін «ақылды» қондырғылар пайда болуда.
Виртуалды және кеңейтілген шынайылық дене қимылы мен көзқарас сияқты табиғи тәсілдердің айналасында құрылған сценарийлерді ұсынып, мобильді экранға бағытталған назарымызды айналамыздағы нақты немесе симуляциялық әлемге аудартып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерді (1-сурет).
[pic 2]
[pic 3]
1-сурет. Өзара әрекеттесу технологияларының эволюциясы
[pic 4]
Виртуалды және кеңейтілген шынайылық қазір фантастика болудан қалды. Жаңа технологиялардың қосымша және платформалармен кіріктірілуі арқасында кеңейтілген шынайылық саласындағы жаңа технологиялар қолжетімді болуда. Адамдар түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, қол жеткізудің бірнеше жо-лын таңдай алады. Бұл өз кезегінде, кеңейтілген шынайылықты іс жүзінде пайдалы технология ретінде қолдануға ынталандырады.
Күнделікті өмірде виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологияларын қолданудың негізгі бағыттарын қарастырайық (2-сурет).
[pic 5][pic 6]
[pic 7]
2-сурет. VR мен AR қолдану бағыттары
Кез келген жаңа технологияларды енгізу адамның жаңа ортаға бейімделуін көздейді.Виртуалды шынайылық барлық сезім мүшелеріне әсер етуге қабілетті, сондықтан виртуалды әлемді қабылдауды барынша әсерлі етеді. Алайда адам қабылдайтын ақпараттың негізгі көлемі (80%-дан 90%-ға дейін) көз арқылы келіп түседі екен. Виртуалды, кеңейтілген және аралас жүйелердің негізгі міндеті – адамның көз торында виртуалды әлемнің табиғи бейнесін қалыптасты-ру. Виртуалды шынайылық технологиясы бізді қоршаған нақты кеңістікпен ортақ ештеңесі жоқ виртуалды әлемді қалыптастырады. Көзбен көру арқылы біз тек виртуалды әлемді қабылдаймыз. Бұл әлем бізді қоршап тұрады. Біз басқа жаққа қарап, бас пен денені бұрып, қозғалып, осы өзгерістердің бәрін сезе аламыз, яғни виртуалды әлемге толығымен енеміз.
Табиғи қабылдауды сезім мүшелерінің арасындағы қарама-қайшылық қана бұзуы мүмкін. Мысалы, ойынның қызығына беріліп кетіп, виртуалды әлемде жоқ шын қабырғаға соқтығысып қалуың мүмкін немесе виртуалды баспалдақпен түсіп келе жатып теп-тегіс еденде құлап түсуге болады. Виртуалды әлем мен шынайы әлем арасында алшақтық барын ұмытпау керек.
Көптеген адамдар үшін виртуалды шынайылық ойындармен байланысты. Әсіресе танымал жанрлар – RPG1 мен басты кейіпкерден тұратын шытырман ойындар. Адам ғажайып әлемге толығымен еніп кетеді. Бұл ойындар шынайы өмірден бір сәтке алшақтап, қиындықтарды ұмытуға мүмкіндік береді, ал қарапайым компьютерлік ойындарда ол мүмкін емес. Адам виртуалды әлемге толығымен еніп, өмірін жаңадан бастайды деуге болады. Бір жағынан, бойыңды еркін ұстап, қиындықтарды ұмытасың, сондай-ақ жаңа сезімді бастан кешіресің, бірақ оның теріс тұстары да бар. Виртуалды шынайылықтың психикаға тигізетін әсері әлі күнге дейін толық зерттелмеген, бірақ кейбір фактілер қазірдің өзінде белгілі. Виртуалды әлем тәуелділік тудырады, кейбір адамдар жаңа сезімге бөлену үшін, шын өмірді ұмытады.
...