Әлемнің табиғи-рекреациялық ресурстары
Автор: Baleka • Февраль 20, 2021 • Реферат • 439 Слов (2 Страниц) • 469 Просмотры
«Әлемнің табиғи-рекреациялық ресурстары»
Қазіргі физикалық географияның басты идеясы – бұл географиялық қабықшаны құратын табиғи географиялық компоненттерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуі идеясы. Күн радиациясы мен жер қойнауы энергиясының таралуының яғни дифференциацияның зоналық және азоналық факторларының әсерінен біртұтас планеталық табиғи кешен – географиялық қабықша әртүрлі ауқымдағы (масштабтағы) табиғи кешендерге бөлінеді.
Бірыңғай табиғи кешендердің шекараларын анықтап, орнату – физикалық-географиялық аудандастырудың міндеті. Қазіргі физикалық географияның осындай өте күрделі әрі өзекті мәселесінің теориялық және практикалық маңызы өте жоғары. Физикалық-географиялық аудандастыру географиялық қабықша бөліктерінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауға, жалпы географиялық заңдылықтар мен ауытқуларды білуге, табиғи компоненттері байланыстарының күрделілігі мен бірқалыпты еместігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда физикалық-географиялық аудандастырудың үш тәсілдемесі бар.
1) Бір зоналық немесе азоналық фактор (салалық аудандастыруда климат, геоморфология, тектоника, геоботаника факторлары жиі қолданылады) негізінде аудандастыру
2) Аудандастырудың бір-бірінен тәуелсіз екі түрін мойындау: а) зоналық аудандастыру (белдеулер – зоналар – аймақшалар); ә) азоналық (материктер яғни құрлықтар – субконтиненттер – атыраптар – провинциялар).
3) Зоналық және азоналық белгілерді физикалық-географиялық аудандастыру бірліктерінің бірқалыпты жүйесінде үйлестіру. Табиғатта таза түрде зоналық немесе азоналық геожүйелер жоқ, геожүйелер біртұтас, оларға литогендік факторлар да, экзогендік факторлар да әсер етеді. Сондықтан тек осындай тәсілдеме ғана дұрыс екені анық.
Географиялық белдеу – жер бетінің ендіктер бойымен яғни зоналық бөлінуінің ең жоғарғы сатысы, термикалық жағдайдың және глобалдық циркуляция ерекшеліктерінің бірқалыптылығымен сипатталады. Белдеулер: арктикалық (антарктикалық), субарктикалық (субантарктикалық), екі қоңыржай, екі субтропиктік, екі тропиктік,
...