Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Іле ауданының рекреациялық ресурстары

Автор:   •  Май 13, 2020  •  Статья  •  1,012 Слов (5 Страниц)  •  713 Просмотры

Страница 1 из 5

УДК 911.2

ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ

Кабылбаева А.А

Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университеті,

Қостанай қ.

Ғылыми жетекшісі: Ахметова Э.Б

Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университеті,

Қостанай қ.

Аннотация

Бұл мақалада әдебиеттерде көрсетілген Іле ауданының Боралдай кентінің табиғаты мен табиғат кешендерінің, ресурстарының қандай керемет әрі әсем екені көрсетілген. Болашақта бұл аумақтарды игеру біртұтас халық шаруашылығы кешенін ұсына отырып, өзара тығыз байланыста болып отыр.

Түйін сөздер: табиғат, табиғат кешені, рекреациялық ресурстар, минералды ресурстар, қорғандар.

Аннотация

В этой статье показано, как прекрасна природа и природные комплексы и ресурсы села Боралдай Илийского района, которые упоминаются в литературе. В дальнейшем развитие этих направлений тесно связано, обеспечивая единую национальную экономику.

Ключевые слова: природа, природный комплекс, рекреационные ресурсы, минеральные ресурсы, курганы.

Annotation

This article shows how beautiful and beautiful nature and natural complexes and resources of the village of Boraldai, Ili district, are mentioned in the literature. In the future, the development of these areas is closely linked, providing a single national economy.

Keywords: nature, natural complex, recreational resources, mineral resources, mounds.

Рекреациялық ресурстар дегеніміз - өндіргіш күштердің қазіргі деңгейі кезінде қоғамның рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін және халыққа рекреациялық қызмет етуге маманданған шаруашылық саласын ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін табиғи және антропогендік нысандар. Табиғат кешені дегеніміз - табиғат компоненттерінің өзара байланысқан және өзара бір-біріне әсер ететін ерекшеліктері бар жер бетінің бөлігі болып табылады.

Рекреациялық ресурстарға табиғи кешендер мен оларды құраушылар (бедер, климат, өсімдік, суқойма), мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар мен басқа елді мекендер, ерекше техникалық ғимараттар жатады. Курорттық, сауықтырғыш, спорттық және экскурсиялық-туристік рекреациялық ресурстар болып ажыратылады.

Іле Алатауы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Оңтүстікке қарай доға тәрізденіп иілген жота ендік бойымен созылған. Ұзындығы 350 км, ені 30-40 км. Іле Алатауының оңтүстік беткейі тік және аз тілімделген. Солтүстік беткейі біршама көлбеу. Орта таулы өңірден төменде тау алдының адырлары айқын байқалады. Климат жағдайлары биіктік белдеміне сәйкес. Шілденің орташа температурасы тау етегіндегі аңғарларда 20-25°С-тан тау басында 0°С-қа дейін және онан да төмен түседі. Солтүстік бөктерінде - Алматы қаласы орналасқан. Іле Алатауы рекреациялық ресурстарға өте бай болып келеді. Қазір соның бірі Боралдайдың рекреациялық ресурстарына тоқталамыз.

Боралдай - Алматы облысындағы, Іле ауданындағы кент. Аудан орталығы – Өтеген батыр кентінің оңтүстік – батысында 20 км-дей жерде, қоңыр және боз топырақты қоңыржай қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан.

Ашық аспан астындағы археологиялық парк «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында ұйымдастырылған болатын. Ол қаланың Алатау ауданында, Үлкен Алматы өзені және Боралдай кентінің арасында орналасқан. Бұл жерде екі жарым мың жыл бұрын салынған қорым жатыр. Қазіргі Алматыда орналасқан жердің тарихы 28 000 жылдан асады. Климатының жайлы, топырағының құнарлы және суының мол болуының арқасында бұл жер ешқашанда бос жатпаған. Бұған археологиялық қазбалар барысында табылған көптеген заттар дәлел. Шамамен б.з. дейінгі Х ғасырдан бастап бұл жерде ірі көшпелі тайпалар - сақтар пайда болып, кейіннен бұларды үйсіндер алмастырды. Боралдай аймағында ежелгі сақтардың қорымдары мен бұрынғы тұрғын

...

Скачать:   txt (13.4 Kb)   pdf (61.7 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club