Экологиялық таза өндірістерді жобалау
Автор: ak42411 • Октябрь 26, 2022 • Реферат • 1,335 Слов (6 Страниц) • 3,959 Просмотры
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық таза өндірістерді жобалау
Жоспары:
- Экологиялық таза өндіріс туралы түсінік
- Қалдықсыз технология
- Қалдықсыз технология принциптері
Сабақтың мақсаты: Экологиялық таза өнім туралы ақпараттар жинақтау арқылы, экологиялық таза өндіріс орындарын білу, жергілікті және аймақтық компонент негізінде таза өндірістік жобаларды ұсыну.
Жетекші ұғымдар: қалдықсыз технология, биотехнологиялық әдіс, қайта өңдеу биотехнолошиясы, анаэробтық ферментация.
1. Экологиялық таза өндіріс туралы түсінік
Қазіргі таңда дүниежүзіндегі әрбір тұрғынның жан басына шаққанда орташа есеппен жылына 20 тоннаға жуық шикізат өндіріледі. Сондай ақ 800 тонна су мен 2,5 кВт энергияны пайдаланып, азық – түлік өнімдері өңделеді. Алайда олар шамамен 90-98 %-ы қалдық ретінде қайта шығарылады.
Дамыған елдердің өзінде ауылшаруашылығы қалдықтарының 90%-ы, автокөлік қораптарының 98%-ы, техникалық майлардың 90%-ы пайдаға асырылады. Бірақ өнеркәсіп пен құрылыс қалдықтарының кен өндіру және металлургия өндірісі қалдықтарының маңызды бөлігі мүлдем пайдаға асырылмай қалады.
Соның нәтижесінде, қайта өңделген және өңделмеген өнеркәсіптік қалдықтар көлемі жыл сайын өсііп, әлемде шамамен жүз миллиард тоннаға жететін қалдық заттар жинақталуда.
Егер қалдықтарды (бірінші кезекте ең қауіпті) жопарлы түрде қайта өңдеуді ескере отырып, қоршаған ортаны қалпына келтіру туралы айтатын болсақ, онда алдағы онжылдық бойы әлем елдеріне аса көп шығын жұмсау қажетілігі туындайды.
Сондықтан да бүгінгі адамзат қоғамы алдында тұрған басты міндеет – қалдықсыз технология өндірісін, экологиялық таза өндірісті барлық шаруашылық салаларында оңтайлы қолдану үдерісін жетілдіру болып табылады(6-кесте).
Экологиялық таза өндірістің негізгі ұстанымдары 6-кесте
Алдын алу ұстанымы | Демократиялық ұстаным | Жүйелілік ұстанымы |
Бұл ұстаным бойынша табиғатқа тигізетін кері әсерлер, оны қалпына келтіру жағдайына дейін жеткізбейтіндей, неғұрлым аз болуы тиіс. Ол шикізатты тиімді пайдалану мен оның қалдықтарын жоюға, яғни бәсекеге қабілетті, таза өнім өндіруге дейінгі үдерісті терең де тиянықты болуы тиіс. | Экологиялық таза өндіріс бүкіл өндіріс циклінің өнімге қатысты ақпараттарының жұмысшыдан тұтынушыға дейін қолжетімді болуына мүдделі. | Табиғат ресурстарын пайдалану барысында өнім өндіруге қажетті ресурсты игеруде неғұрлым тиімді жолдарды пайдалануға көздейді. |
Біздің пікірімізше экологиялық таза тамақ өнімі дегеніміз – адам денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін өнім және оның құрамында әр түрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың, ауыр металдар мен радионуклидтердің болмауы тиіс.
Экологиялық таза өнімді өндірілуіне байланысты келесідей бөлуге болады:
1. Экологиялық таза өнім – бұл құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын) сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер;
2. Экологиялық таза өнім – экологиялық таза аумақта қосымша минералды тыңайтқыштарсыз, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар көмегімен табиғи шикізаттан алынған өнім.
Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3–5 жылға дейін химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады.
Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р. Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты, ол кезде тәжірибе жүзінде биодинамикалық аграрлық қызметтер жүзеге асырыла бастады. 1930–1940 жылдар аралығында бұл идея Швейцарияда Г. Мюллердің, Ұлыбританияда Э. Бэлфер мен А. Ховордың, Жапонияда Фукуокойдың бастамасымен дами бастады (1-кесте ).
Органикалық тауарларды тұтыну Одағының экологиялық ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жасауы генетикалық құрамы өзгертілген ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықта пайда болуына қарсы күрес жүргізуіне мүмкіндік туғызды. Ал қазіргі кезде органикалық және агроөндірістің басқа да әдістерін нақты жолға қою қажеттілігі пайда болуда. «Био» сауда белгісі тұтынушыға өнімнің нақты белгіленген әдістерді қолдана отырып өндірілгендігін көрсетеді, яғни талаптарға сай келетінін бейнелейді. Бұл органикалық секторда өсірілетін өсімдік түрі мен сорты, мал, аң, құс тұқымы және балық түрлері дәстүрлі секторларда да өсірілетінін көрсетеді. Дегенмен органикалық өнімдердің тұтыну құндылығы дәстүрлі өнімдерге қарағанда ерекшеленеді. Мысалы, органикалық және дәстүрлі секторларда өсірілген, алманың элемент құрамы, түсі, көлемі бірдей болмайды, органикалық секторда өндірілген өнімде химиялық заттардың болмауы өнімнің тұтынушы үшін тартымдылығын көрсетеді.
...