Сүт өнеркәсібін жобалау
Автор: Gulza • Февраль 14, 2018 • Курсовая работа • 6,370 Слов (26 Страниц) • 2,714 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
- Негізгі бөлімі
- Техно-экономикалық негіздеме
- Сүт өнімдерінің өндіру технологиясы
- Технологиялық есеп
- Сүт өнімдерінің шикізат ассортимент есебі
- Сүт цехына жабдықтарды тандау
- Жұмысшы санын есептеу
- Сүт цехының ауданың есептеу
- Қауіпсіздік талаптары
- Сүт өндірісінде шикізат пен көмекші заттарға қойылатын талаптар
- Сүт және сүт өнімдерін өндіруге қойылатын қауіпсіздік талаптары
- Дайын өнімге қойылатын талаптар
Қорытынды
Қолданылған әдебиетттер тізімі
КІРІСПЕ
Әлемдегі халық санының өсуінің жоғарғы қарқыны азық - түлік мәселесін күрт шиеленістіріп отырғаны туралы Қазақстан Республикасының Президенті - Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті. Қазақстанның әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола алатыны Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасында , экологиялық таза тағамдарда «made in Kazakhstan» бренді эталонының болуы тиістілігі және ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейту керектігі аталып өткен болатын. Аграрлық кешеннің басты мақсаты халық сұранысына сәйкес нарықты сапалы азық - түлікпен қамтамасыз ету.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған соңғы жолдауында 2050 жылға дейінгі міндеттерді саралап берді. Қазір әлемде ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұраныс арта түсуде. Жаһандық азық – түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді қаперге ала отырып, Елбасы осыдан туындайтын міндеттерді атап көрсетті, солардың бірі агроөнеркәсіптік кешеніндегі мал шаруашылығы өнімдері нарығын жетілдіру жолдары. Қазақстан аграрлық шикізат өнімдерін өндіретін әлемдегі негізгі 25 елдің қатарына және ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы бойынша алғашқы ондыққа кіреді.
Сүт өнеркәсібі - агроөнеркәсіп кешенінің ең негізгі бір бөлігі болып табылады. Қазақстанның сүт индустриясы өнімнің негізгі түрлерін өндіруден одақтық республикалар арасында алдыңғы орындарға ие. Соңғы бесжылдықта сүт ұсынысының өсімі 23,7%-ды, өнеркәсіптік өңдеу үлесі 12,9%, импорт көлемінің үлесі 42,1% -ды құраса, сары май және қатты ірімшіктің бағасы сәйкесінше 7,2% және 8,5% өсті. Мысалы, республика одақ көлемінде қаймағын алмаған сүт өнімдері мен балмұздақ өндіруден – ІІІ, ірімшік өндіруден – IV, май өндіруден – IV-орынға ие болды.
Қазіргі уақытта мемлекетте сүт өндірісі тұрақтанып, сүт және сүт өнімдері өнеркәсібі дамып келеді. Оның бір жылдық орташа өсімі 4,95% құрайды. Сүт өнеркәсібі жыл сайын өсіп отырғанымен, отандық сүт өнімдерін өндірушілер нарықтағы сүт және сүт өнімдеріне сұранысты толық қанағаттандыра алмай отыр. Осыған байланысты сүт өнімдері импортының үлесі қарқынды дамуда.
Сүт және сүт өнімдерін ұлттық мөлшер бойынша 1 адам жылына 260 келі, медициналық мөлшер бойынша 405 келі тұ¬ты¬нуы керек болса, ал нақты тұ¬ты¬ну жылына 3 200 келіні құрай¬ды. Статистика агенттігінің мә-лі¬меттері бойынша, Қазақстан жылына 5 млн. 400 мың тонна сүт өндіреді. Осы өндірілген сүт көлемі Қазақстан халқының және басқа да ұлттық шаруа¬шы¬лық салаларының нақты тұты¬ну¬ларын қамтамасыз етуі керек. Бірақ, қалай дегенде, жыл сайын импорт өнімдері көбейе түсуде .
Сапаны көтеру және бәсекеге қабілетті қауіпсіз сүт өнімдерін шығару проблемасы азық-түлік өнімдері саласында маңызды мәселелердің бірі. Әлемнің барлық аймақтарында антропогендік факторға байланысты экологиялық жағдайдың жаһандық төмендеуі тамақтың сапалық құрамы мен қауіпсіздігіне әсер етуде. Осының салдарынан қатар жағымсыз экологиялық жағдай және сапасыз өнімдерді шығаруға байланысты аурулардың түрі көбеюде.
Қазақстан Республикасының «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» заңы мен «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздік талаптары» техникалық талаптарына сәйкес сүт өнімдерін өндіру аймағында мемлекеттік бақылау мен қадағалау көлемі төмендетілсе, сапа мен қауіпсіздік жауапкершілігі өндірушіге жүктеледі. Осы сүт өнеркәсіптерінде сапа мен қауіпсіздік жүйесін енгізу ерекше өзектілікке ие болып отыр .
...