Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туған ел

Автор:   •  Февраль 10, 2023  •  Реферат  •  696 Слов (3 Страниц)  •  176 Просмотры

Страница 1 из 3

Туған ел

Төркінін сағынған келіндей төбесінде ақылдың тұқылы бар әр адам “туған ел“ десе алып-ұшпай тұра алмас. Жотасында  тай-құлындай тебініп, тетесімен желігіп, суына түсіп, құмына аунап құмары қанбай ойнаған туған өлкесін жырға қоспаған ақын, қалам тербемеген жазушы кемде-кем. Қиядан қыран ұшса қанаты талып, құлан жортса тұяғы телитін қазақтың сайын даласы қара қылды қақ жарған шешенді, анталаған жауға қасқая қарсы тұрған батырды, ілім-ғылымды көкірегіне жиған ғалым, ұстаздарды кең құшағына сыйдырған. Дегенмен, алтын тарихымыздағы шоқтығы биік тау тұлғалардың дені Сыр өңірінен түлеп ұшқан. Сондықтан өзіме самалынан ұлылықтың кепиеті есіп тұратын өз өлкемнің арда азаматтары туралы сыр шерткім келді.

Бүгінде ұлан-ғайыр алып топыраққа иелік етіп, даласына жүзден астам этнос өкілдерін "бір атаның баласындай" жинап төрткүл дүниені татулық пен тектіліктің көрінісіне куә етіп келеміз. Не нәрсені болсын бояуын сіңіре, айшықтай сипаттайтын халқымызда мынадай тәмсіл бар: «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі мықты ел озады». Ықылым заманнан бойына даланың дархандығын сыйдырған қазақ қонақжайлық пен бауырмалдықты ізгіліктердің ең биігіне қойып ұстанады. Халық боп қалыптасқалы "Құдайы қонақты құт санайтын" еліміз тарихтың әр кезеңдерінде қазақ жерінен пана іздеп келгенді кеудеден итермеді, құшақ жая қарсы алды, асын бөлісіп, астындағы атын ұсынды. Ежелден бірліктің қадір-қасиетін жете түсінген халқымыздың «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деуі де тегін емес.

Меніңше, көпұлтты еліміздегі ұлтаралық келісімнің тұрақтылығы, ең алдымен, жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігінде жатыр. Тарихтан аян, Тұранның жүрегінен орын алған Сыр өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс болған жайлы мекен. Дәстүрі мен ғұрпы жарасым тауып, ұрпақтан ұрпаққа көздің қарашығындай сақталып жеткен осынау өлкеде қазір барлық ұлт өкілдері тіршілік етуде.  Нақтырақ айтқанда, қазіргі таңда облысымызда өзге этнос өкілдерінің үлес сал­ма­ғы 4 пайызды құрайды. Сәйкесінше 11 этномәдени бірлестік халыққа қызмет етуде.

Еркіндік қарсаңында Сыр өңірі алағай да, бұлағай да замандарды басынан өткергенін көзіқарақты жандар біледі. Сондай уақыттарда облысымыздың экономткалық, рухани жағынан орнығуына еңбек еткен ұлт өкілдері ынтымақтың ырысқа бастайтынын алға тартты. Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзін ұстанды.

Бүгінде құшағын жайған бейбіт елдің ішінде, туған жердің төсінде, тәуелсіздікті тірек етіп ғұмыр кешіп келеміз. Татулықтың темірқазығындай болған бекем бірлікті тәу етіп, халқымыздың қадірін арттыра, әлемге танытып ғұмыр кешу - қазақстандық әр азаматтың міндеті деп білсек, төрткүл дүниеге мәшһүр бірлік пен ынтымағы жарасқан елдің ең жарқын үлгісі болатынымызға кәміл сенемін.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (45.5 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club