Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Метеорология және климатология

Автор:   •  Ноябрь 12, 2019  •  Реферат  •  22,967 Слов (92 Страниц)  •  926 Просмотры

Страница 1 из 92

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті

Биология-география факультеті

География кафедрасы

 «МЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ КЛИМАТОЛОГИЯ»

пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕН

5В060900 –«География»

 мамандығы бойынша

Қарағанды – 2012

Құрастырушы: Жақатаева Бақытхан Тасановна 

ҚарМУ доценті

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен «Метеорология және климатология» курсы бойынша несиелік технология бойынша, 5В060900 – «География» мамандығында оқитын студенттерге арналған. Пән базалық міндетті компонентке жатады. Бағдарлама негізі ретінде  «География- 050609» мамандығындағы Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ 22.06.2006 бекітіліп, 2007 жылы шыққан типтік оқу бағдарламасы алынған. ОӘК құрылымы 2012 ж. ҚарМУ шыққан оқу-әдістемелік құралы негізінде жасалды. Құрамында пән мазмұны, лекция тезистері, зертханалық, СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалары, тесттік сұрақтар үлгісі, емтихан сұрақтары, реферат тақырыптары, бағалау критериі берілген.

 

«Метеорология және климатология» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, 060900 – «География» мамандығы бойынша, /Құраст. Б.Т.Жақатаева.- Қарағанды: ҚарМУ басп., 2012.-  82 б.

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SILLABUS

  1. Оқытушы жайлы мәлімет: Жақатаева Бақытхан Тасановна, ҚарМУ доценті, География кафедрасы,  413 каб., 3 корпус.

1.2. Пән: «Метеорология және климатология»,

Кредит саны – 2 – «060900-География» мамандығында оқитын студенттерге арналған.  Дәріс өтетін орын -  418 ауд, 3 корпус.

 

Оқу жоспарынан үзінді

Оқу

түрі

Оқу

мерзімі

Курс

Семестр

Кре

дит

Лек

ция

Лаб.

СОӨЖ

СӨЖ

Бар

лығы

Бақыл

түрі

Күндізгі

4 жыл

2

3

2

15

15

30

30

90

Емти

хан

Сырт                                      

тай

2 жыл

1

2

2

9

5

8

68

90

Емти

хан

1.3. Пререквизиттері:  Бұл пәнді игеру үшін физика (тығыздық, газ қысымы, газ жағдайының теңдеуі, адиабаттық процестер, оптикалық құбылыстар, сәуле дифракциясы, дыбыс, атмосфера электрлігі т.б.);  математика: тригонометриялық және алгебралық теңдеулер; химия (Озон. Атмосфераның химиялық құрамы); Жер тану (Атмосфера) – сияқты пәндер бойынша базалық білімі болуы қажет. Сонымен қоса,  студент статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау, графиктер мен карта-сызбаларды құра білу керек.

 1.4. Постреквизиттері: Пән игерген кейін, студент келесі фундаменталды пәндерді игеруге - білім жүйесі мен білім игеру ептілігі қалыптасуы қажет:  гидрология, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, Қазахстанның физикалық географиясы, т.б.

1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:  Пән мақсаты - атмосферада өтіп жатқан негізгі физикалық процестер мен құбылыстарды зерттеуге, Жер климаттарын анықтауға мүмкіндік жасайды. Курс екі бөлімнен тұрады: метеорология және климатология. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені метеорология атмосфераның физикалық сипаттары мен процестерін зерттесе, климатология – сол метеорологиялық сипаттардың географиялық заңдылықтарын зерттейді. Климатология - географиялық ілім, себебі жер климаттары белгілі бір географиялық орындарда дамып, қалыптасады.  Ал атмосфералық қүбылыстардың даму принциптері метеорологияға сүйенеді.  Пәннің мақсаты: уақыт және кеңістік бойынша дамитын негізгі атмосфералық процестер мен құбылыстар, олардың өзгеру заңдылықтары жайлы білім жұйесін қалыптастыру. Сондықтан осы пән географ маманын қалыптастыруда, оның кәсіптік құзырлығын арттыруда орын алады.

...

Скачать:   txt (269.1 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (248.7 Kb)  
Продолжить читать еще 91 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club