Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жинақтау (генерализация)

Автор:   •  Февраль 15, 2024  •  Реферат  •  722 Слов (3 Страниц)  •  95 Просмотры

Страница 1 из 3

Жинақтау (генерализация) –ол картадағы объектілердің қасиеттерін және ерекше сипаттамаларын көрсететін таңдау және жалпылау. Жинақтаудың негізгі бағыттары: картографиялық объектілердің контурларын жалпылау, сандық және сапалық түрлерін, объектілерді таңдау, қарапайым объектілердің (түсініктердің) олардың жалпы белгілеріне және ерекше объектілерге ауысуы. “Генерализация” термині латын тілінің “generalis” деген сөзінен алынған. “generalis”деген сөз ортақ немесе басты деген мағынаны береді.

Генерализация – барлық картографияланатын бейнелерге жүргізілетін қасиет, ол ең ірі масштабтарға да жүргізіледі. Жергілікті жерді ең бірінші рет 1: 1000 масштабқа түсірістің өзінде топограф интуитивті бедердің, жасылжелектің, жол торабының қандай детальдарын түсіріс планшетіне еңгізу керектігіне, ал қайсылары болар-болмас немесе берілген масштабқа еңгізілмейтініне генерализация жүргізеді. Картаны камералды құруда ортанғы содан кейін ұсақ масштабтарда да детальдарды және нақтылықты қабылдамай бейнелерді әрқашан қысу керек. 1:100000 масштабында жергілікті жердің бір квадрат километірі картада бары жоқ 1см2 аланың алып жатады, онда тек қана негізгі елді мекендерді, басты жолды, өзенді көрсетуге болады. 1:1000 000 та алаң 1 мм2 қысылады және онда тек қана бір елді мекенді сақтап қалуға болады, ал одан да ұсақ масштабтарда – 1:10 000 000 оған да орын қалмайды.

Жер бетінің 1 км2 әр түрлі масштабты карталарда қалай бейнеленетінің қарастырайық. 1 :1 000 карта масштабында ол 1 м2 болады, ал 1:10 000 карта масштабында - 1 дм2 болады, 1 : 100 000 карта масштабында - 1см2 болады және 1 : 1000 000 - 1 мм2 болады. 1: 1000 масштабтағы бейнелердің бәрін ұсақ масштабтарға көрсету мүмкін емес. Сондықтан масштаб кішірейген сайын ірі масштабтағы бөлек элементтер көрсетілмейді. Сондықтан масштаб кішірейген сайын керекті элементтерді таңдап талдап көрсетеді.Генерализация объекттердің сандық және сапалық сипаттамаларын жинақтап, кеністікте орналастыруда детальдардын негізгі түрлерін нақты бейнелеуде қолданылады.Генерализация факторлары. Генерализация факторлары: карта масштабы, оның арналуы, тақырыбы және түрі, картографияланатын объекттің негізі мен зерделенгендігі, картаны безендіру графикасы. Факторлар генерализацияға жақындауды, оның шарты мен сипаттамасын анықтайды.Картада барлық елді мекен атаулары беріледі. Сондықтан елді мекен пунктін орналастыру үшін талдау жүргізіледі. Атаулар картаның оңтүстік пен солтүстік рамкаларына паралельді орналасады. Атауларды елді мекен пунктінің тура центрінің оң жағына орналастырады. Жеке жағдайларда егер оң жағында элементтерден орын болмаса онда атауды сол жағына немесе төмен әлде жоғары орналастырады.

Картографиялық генерализация деген – картада бейнеленетін объекттерді оның арналуына, масштабына, мазмұнына және картографияланатын аумақтын негіздеріне қатысты таңдау және жинақтау. Картографиялық кескінді жалпылау процесі-картаның масштабына, мақсатына, сондай-ақ картаға түсірілетін аумақтың географиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін объектілер мен құбылыстарды мақсатты таңдау. Картаны дұрыс жалпылау оның сапасын арттырады, оны жасау кезінде қарастырылған мәселелерді шешуге ең қолайлы етеді.

Карта тақырыбы және типі- картада қандай элементтерді үлкен толықтылықпен көрсету, сонымен қатар жинақтап немесе мүлдем алып тастауды анықтайды. Геологиялық немесе топырақтық карталарда гидро торабын детальды көрсету маңызды себебі ол карта тақырыбымен тығыз байланысты. Бірақ жалпы ориентирлеу үшін жол мен елді мекен пункттерінің кейбіреулерін ғана қалдыруға болады, ал әкімшілік шекараларды мүлдем алып тастауға болады. Экономикалық тақырыптық карталарда керісінше елді мекен пункттерін , жол торабтарын және әкімшілік бөлінуді толықтылықпен көрсету міндетті. Ал керісінше өзен торабын жинақтап кеме жүзуге жарамды ғана өзендерді ғана сақтап көрсетуге болады.Әр түрлі карта типтерінде әр түрлі генерализация болады.Картографияланатын объекттердің негіздері. Бұл фактордың әсері картада сипатталған объект элементтерінің есте қалар ерекшелікті көрсету. Мысалы,далалық және шөлейт аудандарда ұсақ көлдердің біреуін де қалдырмай барлығын көрсету өте маңызды, себебі ол қуаншылық (кеуіп кеткен) аумақтарда өте маңызды. Ал мындаған ұсақ өзендер кездесетін тундралы ланшафтарда олардың көбісін генерализация кезінде алып тастауға болады, мұнда аумақтың көлдерінің жалпы сипаттамасын дұрыс бейнелеп көрсету маңызды.

...

Скачать:   txt (11.2 Kb)   pdf (87.2 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club