Еуропалық Одақтың институционалды құрылымы
Автор: insebaevak • Апрель 19, 2019 • Курсовая работа • 15,898 Слов (64 Страниц) • 649 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................
1. Еуропалық Одақтың аймақтық, саяси және экономикалық ұйым ретідегі құқықтық мәртебесі...................................................................................................
1.1. Еуропалық Одақтың құрылу тарихы................................................................
1.2. Еуропалық Одақтың құқықтық мәртебесі.......................................................
2. Еуропалық Одақтың институционалды құрылымы...........................................
2.1. Еуропалық Одақ институттар іс-әрекетінің құқықтық сипаттамасы............
2.2. Лиссабон шартынқабылдау тұрғысынан Еуропалық Одақ институттарының реформасы..................................................................................
3. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы.............
Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................
Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстар ерекше табысты дамып келе жатыр.
2008 жылдың акпан айында Республика Президенті Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: (Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететініне байланысты) «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарламаны дайындап, іске асыру керек» – деп айтты.
Кейбір ресейлік сарапшылар Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты Еуропалық Одаққа қарай бірте-бірте «қисая» бастауы мүмкін деген пікірлерін айтуда.
Қалай болса да, Еуропалық Одақтың еліміздің сыртқы саясатында маңызды рөльді ойнай бастағаны даусыз факт болып табылады.
Еуропалық Одақтың әлемдік сахнадағы да рөлі мен ықпалы күшеюде. Әлемдік экономикадағы еуроның біртіндеп долларды ауыстыра бастағаны осының көрнекі айғағы болып табылады.
ТМД бойынша біздің кейбір көршілеріміз еуроинтеграцияға қарай бағыт ала бастады (Украина мен Грузия).
Ал Республика Президенті: «Егер Қазақстан Еуропалық Одақ мүшелігіне өтініш беретін болса, біздің елде мұндай мүшелікке негіздер Түркияға қарағанда көбірек болады. Жайықтан батыс жатқан қазақстанның еуропалық территориясы Түркияның еуропалық территориясынан 3 есе үлкен» – деп айтқан болатын.
Әрине Қазақстан еуроинтеграцияға қарай жақын 10-15 жыл ішінде бағыт алатыны екіталай, ол оның көпвекторлы сыртқы саясатымен үйлеспейді де. Бірақ сонда да еуроинтеграция өте тартымды құбылыс ретінде болып көрінеді. Ал оған жақындау үшін Еуропалық Одақ деген не және оның институттары қалай жұмыс істейді деген сұрақтарға жауаптарды білу өте маңызды.
Соңғы төрт жылдың ішінде Еуропалық Одақтың институционалдық құрылымы бірталай өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістердің пайда болуы соңғы төртінші және бесінші кеңею толқындарымен байланысты.
Кейбір сарапшылар Еуропалық Конституция жобасының Франция мен Голландияда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Одақ институттарын реформалау процессінде белгілі бір тежелу байқалады ма деп өз қорқыныштарын білдірген болатын. Алайда еуроинтеграцияның ерекшелігі сол – ол үнемі алға жылжып тұратын құбылыс. Сол себептен Одақтың конституция жобасын алмастыратын құжаттың пайда болуы тек уақыттың еншісіне берілген мәселе болатын.
Еуроодақ институттар іс-әрекетінің халықаралық-құқықтық қырларын зерттеу өзектілігі бірнеше себептермен түсіндіріледі. Көпшілікті соңғы институционалдық реформалардан кейін (Лиссабон шартын қабылдау тұрғысынан) Еуропалық Одақтағы «демократия тапшылығы» атты феномен толығымен жойылып, институттардың қызметі бұрынғыға қарағанда ашықтау бола ма екен деген сұрақ мазалайды. Соған қоса Еуроодақта 2009 жылдан бастап өзінің Президенті пайда болады. Одақтың институционалдық құрылымында да бірталай өзгерістер күтелуде. Осы және бірталай басқа да факторлар Еуропалық Одақтың институционалдық құрылымын кешенді түрде зерттеуді өзекті қылатыны сөзсіз. проблеманың зерттелу жағдайы. Ғылыми әдебиетте Еуропалық Одақтың институционалдық құрылымы Маастрихт, Амстердам және Ницца шарттары тұрғысынан айтарлықтай жақсы зерттелген. Осы тақырыпқа байланысты шетелдік авторлардың келесідей жұмыстарын атап өтуге болады: ЕО құқықтық тәртібінің басты қағидалары Т.С.Hartley «The foundations of European Community law: an introduction to the constitutional and administrative law of the European Community», Oxford, 1994, және D. Simon «Le systeme juridique communautaire», Paris, 1997, курстарында талданады. Еуропалық Одақтың құрылу мен даму процесстері, оның институционалдық құрылымының қызметі E.Wistrich, «The United States of Europe», London, 1994, W.Hummer «Rechtsfragen in der Anwendung des Amsterdamer Vertrages», Wien, 2001 монографияларында мазмұндалады. Еуропалық Одақ іс-әрекетінің құқықтық проблемалары бірталай ұжымдық жұмыстардың пәні болды («The European Union: readings on the theory and practice of European integration», ed. by B.Nelsen and A.Stubb, Boulder, 1994; «New legal dynamics of European Union», ed. by J.Shaw and G.More, Oxford, 1995). Еуропалық қауымдастықтар жүйесінің мемлекет үсті белгілері D.Chalmers, «The European Communities: towards supranationalism at last», the Liverpool law review, 1992, M. Sheich «Erweiterung und institutionelle Reform der Europaischen Union», Wien, 2001 жұмыстарында қарастырылады.
...