Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азия тарихы

Автор:   •  Сентябрь 6, 2021  •  Реферат  •  332 Слов (2 Страниц)  •  347 Просмотры

Страница 1 из 2



АЗИЯ ТАРИХЫ
Азия тарихы бірнеше тарихы және географиялық өңірлердің, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс пен Еуразия далалары, тарихын сипаттауға арналған ұғым. Генетикалық өзгерістерге сүйене отырып, ғалымдар бұл аймаққа адамдардың шамамен 40 000 әлде 50 000 жыл бұрын келгенін анықтаған, яғни бұл жерді адам баласы ерте замандардан бері мекен етіп келеді. Еуразия жазығында Шығыс Азия, Оңтүстік Азия жіне Таяу Шығыс өзара бір-бірімен тығыз байланысады. Мысырды қоспағанда, Азия құрлығы көптеген ежелгі өрениеттердің бастау алған жері. Мысырдың және Солтүстік Африка жағалауларының ежелгі тұрғындары азиялықтар болуы мүмкін. Олар Америка үндістері мен эскимостарының ата-бабалары болған. Еуропалық ұлттар, ғұндар, түріктер, моңғолдар сияқты азиялық айбатты жауынгерлердің және бұлғарлар, мадиярлар, финдер іспетті азиялық отырықшы халықтардың Батысқа ығысқан басым бөлігінен қалыптасты. Б.з.д. 3500 жыл бұрын Месопотамияның Тигр-Ефрат жазығында ең ежелгі өркениет дамыды. Ол Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан Солтүстікке қарай созылған “Құнарлы жарты ай” деген атаумен белгілі. Б.з.д. шамамен 2500 жыл бұрын Үнді жазығында, қазіргі Пәкістан жерінде және Солтүстік-Батыс Үндістанда тағы бір өркениет дами бастады, Солтүстік және Орталық Қытайда б.з.д. 1700 жыл бұрын, Хуан Хэ және Янцзы жазықтарында басқа да ежелгі өркениеттер қанат жайды.


АЗИЯ МӘДЕНИЕТІ
Азияның мәдениеті - көптеген ұлттардың, қоғамдардың, діндер мен этникалық топ мұраларының көркем жиынтығы. Азия мәдениетінің маңызды бөлігі - көркемөнері, музыкасы, асханасы мен әдебиеті. Мұнда буддизм, индуизм, ислам және христиан діндері дамыған, түрлі өркениеттер қалыптасқан. Азияның түкпір - түкпірінде әркелкі мәдениет дамып өркендеген. Оңтүстік Азиядағы ең маңызды мәдениет Үнді субконтиненті деп аталатын аймаққа тиесілі. Үнді жазығы өркениеті мен Маурия, Кушан, Гупта және әрі Моғол империялары мәдениетіне Оңтүстік Үндістанның бірнеше штаты және Пәкістан, Ауғанстан ұлттарының мұралары жатады. Дравит тілінің үстемдігіне байланысты Оңтүстік Үндістанның төрт штаты және Шри-Ланка Дравит мәдениетіне бөлінді. Бенгал тілінің негізінде Бангладеш пен Батыс Бенгал штатының жеке мәдениеті мен мұрасы қалыптасқан.Азияның көркемөнері мен мәдениеті сан алуан. Қазіргі заманғы көптеген көркемөнер шеберлері өз стильдерін ежелгі Азия туындыларымен сабақтастыруға ұмтылады. Қытай суретшісі Конг Бай Ли осы сабақтастықтың жарқын көрінісін жасады. Ол алғашқылардың бірі болып дәстүрлі қытайлық күріштен жасалған қағазға майлы бояу арқылы салатын сурет өнерінің батыстық стилін қалыптастырады. Сондай - ақ Конг Бай Ли Будданың қазіргі заманға лайықталған бейнелерін жасады.


...

Скачать:   txt (4.7 Kb)   pdf (67.3 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club