Өндірістегі жарықтандыру
Автор: Zere_1602 • Ноябрь 28, 2022 • Реферат • 2,186 Слов (9 Страниц) • 437 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................... 3
1. Өндірістік жарықтандыру туралы жалпы түсінік......................................... 4
2. Өндірістік жарықтандырудың түрлері мен ерекшеліктері.......................... 6
3. Өндірістік жарықтандыруды өлшеу және нормалау................................... 8
Қорытынды ........................................................................................................ 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................... 10
Кіріспе
Жарық - бізді қоршаған объектілердің түсі мен пішінін бағалайтын, көру қабілетіміздің басты элементі болып табылады. Қоршаған әлем туралы барлық ақпараттың 90% - дан астамын адам көз арқылы алатыны бәрімізге мәлім. Өндірістік орындарды жарықтандырудың маңызы өте зор. Зерттеулер көрсеткендей, өндірістік орындарда жарықтың қанағаттанарлықсыз жағдайы өндірістік көрсеткіштердің төмендеуіне, көз ауруларына, жарақат алуға әкеліп соғады. Көрудің нашарлауы, көз аурулары жарық қондырғыларын пайдалануда нормалық талаптарды сақтауда елеулі бұзушылықтар жіберіл-ген кәсіпорындарда жиі кездеседі. Сол себепті, жарықтандыруды ұтымды орнату және дұрыс жобалау өндірістік объектілердің қызметкерлеріне оң әсерін тигізеді, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады, қажу мен жарақат-тануды төмендетеді, жоғары өнімділікті сақтайды. Жасанды жарықпен салыстырғанда табиғи жарық сапалы болып келеді, оның болмауы адамның денсаулығына және көңіл-күйіне теріс әсерін тигізеді, сондықтан күндіз табиғи жарықты жасанды жарыққа ауыстыруға жол бермеу керек.
Дұрыс жобаланған жарықтандыру, өндірістік нысандардағы түрлі-түсті көрнекіліктер, қоныстанған аймақтағы өндірістік еңбектің өсуіне мүмкіндік туғызады, адам өзіне деген жайлылығын қалыптастырады. Қауіпсіздік тұрғысынан нашар жарықтандыру өндірістік еңбектің төмендеуін тудыруы мүмкін, себебі осындай жағдайда көп жұмыс істеу адам көңілін бөледі, сақтығын азайтады, көздің және дененің шаршауына әкеліп, техникалық қызмет көрсетуде қиындыққа және қауіп-қатер деңгейінің артуына әкеледі.
1. Өндірістік жарықтандыру туралы жалпы түсінік.
Жарықтандыру дегеніміз күннің жарық энергиясын және жарықтың жасанды көздерін қоршаған ортаны көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ету үшін қолдану болып табылады. Өндіріс орындарында конструктивті қолданысқа байланысты жасанды жарықтандыру жалпы және аралас болуы мүмкін. Аралас жарықтандыру жалпымен қатар жергілікті жарықтандыруды қосады, ол жарық ағынын жұмыс орында қамтамасыз етеді. Аралас жарық-тандыруды машина залында, мәліметті өңдеу бөлмелерінде, қызмет көрсету бөлмелерінде қолданылған жөн. Өндіріс бөлімдерін жалпы жарықтандыру үшін негізінен, люминцентті шам қолданылады. Оның кейбір кемшіліктері бар: жарық ағынының жоғары болуы (пульсация), осыған байланысты стробосскоптық эффекті пайда болады. Дегенмен, жұмыс уақыты аяғында сәуле ағыны жартылай азаяды.
Интерьерді ашық түске бояу (қабырға, жиһаз, қондырғы) арқылы шағылған жарық санының ұлғаюынан жарықпен қамтамасыз ету деңгейін жарық көзінің қуатын өзгертпей-ақ 20-50% жоғарылатуға болады. Көлеңке қоюлығы азайып, шам мен заттардың бетіндегі контраст айырмашылығы азаяды да жарық ағындары бөлмеге біркелкі таралады. Керісінше интерьер күңгірт қою түсті болса, бөлмені жеткілікті жарықтандыру үшін қуаты жоғары жарық көздерін пайдалану қажет. Күңгірт беттер жарық ағымының көп бөлігін жұтып алады. Нәтижесінде контрастты жарық көлеңкелері пайда болады да көзді тез шаршатады. Тез шаршау, қажу себебі айналадағы заттардың беті шектен тыс ашық болса да пайда болуы мүмкін. Жарқырайтын беттерден жарық шағылуы пайда болады да уақытша көру қабілетін жоюы мүмкін. Жарық шығаратын көз және айналадағы заттардың беті тым ашық, жарық болса бас ауруы, көзде ауырсыну сезімі, көру қабілеті бұзылуы мүмкін. Жарықтың біркелкі болмауы көздің адаптациясының жиі өзгеруіне әкеледі де көз тез шаршайды. Сондықтан көру аумағындағы заттардың шағылу коэффициенті 30-60% болатын ашық тонға бояу қажет. Бөлме біркелкі ақ немесе қара, немесе түрлі-түсті жолақ болса да көзді шаршатады. Сондықтан әр бөлмеге түстік гаммалар анықталады (А, Б, В).
...