Туберкулин диагностикасы
Автор: akniet200444444 • Декабрь 4, 2023 • Реферат • 1,164 Слов (5 Страниц) • 83 Просмотры
Туберкулин диагностикасы
Туберкулинді сынамалар - ол спецификалық диагностикалық тест
болыпсаналады. Олартұрғындарды туберкулезге жаппай тексергенде,
сонымен қатар туберкулездің (диагностикасы және ажырату
дифференциалды (латынша differentia - ажырату) диагнозын жүргізу
үшін қолданылады.
Туберкулинді Р.Кохашқан, оны кейіннен Кохтың ескі туберкулині
(KET), (Alt Tuberculin Koch) -- ATK -- немесе Кохтың алтуберкулині
КАТ) деп те атаған.
АТК-(КЕТ)-ТМБ-ның адам және бұқатектестүрлерініңдақылының
сулы-глицеринді сығындысы, олар 6-8 апта бойы 4 пайыздық
(проценттік) глицерин ерітіндісі қосылған ет-пептонды сорпада
өсірілген (стерилденген), (залалсызданған сүзу арқылы) бактерия
денелерінен тазартылған және 90°С температурада булатылып
бастапқы мөлшерінен 1/10 көлемге дейін қойытылған.
АТК (КЕТ) -тің құрамына ТМБ өмір тіршілігінің өнімдері, микроб
жасушаларының жекеленген құрамдары (компоненты) және
микобактериялар өскен қоректі ортаның бөліктері кіреді. Қазіргі кезде
ескі туберкулин (ET- латынша Alt tuberculin -AT) синтетикалық
жасанды ортададайындалады. ЕТ(АT) 100%-ы ерітінді күйінде, ампулада
шығарылады.
КСРО-да 1975 жылдан бастап қоректі ортаның белокты заттарынан
тазартылған туберкулин (тазартылған белокты дериват - Purified Pro-
tein Derivative, орыс транскрипциясында - ППД) қолданылады. Оны
1939 жылы Ленинградтың Вакцина және сарысу ғылыми-зерттеу
институтында М.А.Линникова дайындаған, сондықтан туберкулинді
ППД-Лдеп атайды. Олтуберкулиндік бірлігімен (ТБ) өлшенеді. КСРО
еліндегі ППД-Л-дің 1'!ТБ мөлшері 0,00006 мг құрғақ туберкулинге тең.
Елде ППД-Л туберкулинінің екі түрі шығарылады: тазартылған
стандартты ерітінді түріндегі туберкулин және тазартылған құрғақ
туберкулин.
Тазартылған стандартты ерітінді түріндегі туберкулин - қолдануға
дайын, 0,85 пайыздынатрий хлоридінің сұйығына ерітілгентуберкулин,
оған твин-80 (стабилизатор), және фенол (консервант) қосылған. Бұл
ерітінді - түссіз, мөлдір сұйықтық. Препарат ампулада 3мл ерітінді
түрінде шығарылады, оның 0,1мл ішінде 2ТБ бар. Сонымен қатар, 0,1
мл ішінде 5ТБ, 10 ТБ бар стандартты ерітінділер дайындалады.
Құрғақ туберкулин ықшамды масса немесе ұнтақ түрінде 50000 ТБ-
мен ампулада шығарылады. Туберкулинді карболданған қышқылды
физиологиялық ерітіндіде ерітеді (езеді), ол препаратқа қосылып
беріледі. Туберкулиннің әр түрлі ТБ бар ерітінділері қолданылады.
2 ТБ-мен Манту сынамасын жасауға арналған тазартылған
стандартты ерітілген туберкулинді тұрғындарды жаппай тексергендеқолданады. Ішінде 5 ТБ, 10 ТБ бар тазартылған стандартты ерітілген
туберкулинді, тазартылған құрғақ туберкулинді және АТ(EТ)-ді
туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерлерде және
ауруханаларда ғана клиникалық диагностика үшін және туберкулезбен
ауыратын науқастарды емдеу үшін пайдаланады.
Латентті туберкулез инфекциясы
ЖАСЫРЫН ТУБЕРКУЛЕЗ ИНФЕКЦИЯСЫ
Жасырын туберкулез-туберкулездің жасырын түрі, онда жұқтырған адамда туберкулин сынамасы туберкулездің клиникалық және рентгенологиялық белгілері болмаған кезде оң реакция береді. Жағдай қауіпті, өйткені ол өзін көрсетпестен ұзақ жылдарға созылуы мүмкін.
Туберкулезді жұқтырған он сау ересек адамның біреуінде ғана белсенді туберкулез дамиды. Олардың жартысында аурудың белгілері инфекциядан кейінгі алғашқы екі жыл ішінде пайда болады. Екінші жартысында ауру кейінірек дамиды.
Жас балалар, қарт адамдар және ауруларға (АИТВ жұқтырған) немесе дәрі-дәрмекпен емдеуге байланысты иммундық жүйесі әлсіреген адамдар (ағзаларды трансплантациялаудан кейінгі иммуносупрессивті терапиядағы науқастар, диализдегі науқастар, гендік-инженерлік терапиядағы науқастар) туберкулезге шалдығу қаупі жоғары.
Туберкулездің жасырын түрі мен туберкулездің белсенді түрі арасындағы айырмашылық
T-spot иммунологиялық тестін қолдану.TB пациенттердің барлық топтарында сенімді нәтиже береді.
Балалар мен қауіп тобындағы пациенттерде жасырын туберкулез инфекциясын уақтылы анықтау аурудың таралуын болдырмау үшін қажетті шара болып табылады.
...