Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тауарларға гигиеналық сараптама жүргізу

Автор:   •  Сентябрь 22, 2023  •  Практическая работа  •  1,373 Слов (6 Страниц)  •  115 Просмотры

Страница 1 из 6

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Практикалық сабақтың тақырабы: «Тауарларға гигиеналық сараптама жүргізу»

 Жұмыс мақсаты: Өнімнің адам деңсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жұмыстың міндеті: Өнімнің санитарлық-гигиеналық сараптамасын талдау

Жұмысқа қажетті материалдар: «Тархун», «Байкал», «Дюшес» сияқты алкогольсыз сусындар немесе басқа да тағамдар

Теориялық мәліметтер

Санитарлы-гигиеналық сараптама - тауарлық сараптаманың ең маңызды түрлерінің бірі, себебі оның мақсаты тауарлардың қауіпсіздігін тұтынушылар үшін растау болып табылады.

Тауарлар (өнім), қызметтер, процестер, сондай-ақ тауардың бүкіл өмірлік циклы барысында қауіпсіздігін қамтамасыз ететін факторлар санитарлы-гигиеналық сараптама (әрі қарай - сансараптама) объектилері болып табылады. Бұл жағдайда технологиялық және сауда құрал-жабдықтарын, көлік құралдарын, өндірістік және қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамын қоса алғанда, шикізаттар, өндірудің, сақтаудың, тасымалдаудың, сатудың технологиялық процестері сансараптама объектілері болуы мүмкін.

Санитарлы-эпидемиологиялық қызметтер жұмыскерлері (санитарлық дәрігерлер, санитарлы-гигиеналық сынақ зертханаларының қызметкерлері және т.б.) сансараптама субъектілері болып табылады. Олардың жұмысын РФ Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлы-әпидемиологиялық қадағалау Департаменті (бұрын Мемлекеттік комитет деп аталған) бекіткен ережелер регламенттейді. Тауартанушы-сарапшыларға қарағанда санитарлы-әпидемиологиялық қызмет сарапшылары өз қүзіреті шегінде тауарлар сапасына мемлекеттік бақылау жасау құқығына ие, сондықтан бақылау мақсатымен жүргізілетін тексерулерде олар жеке функцияларын жүзеге асырады.

Санитарлы-гигиеналық сараптама тауартану сараптамасын тауарлардық қауіпсіздігін растау арқылы толықтырады, бұл  кешенді тауартану сараптамасының жалгыз болмаса да, өте манызды нәтижесі болып табылады.

Санитарлы-гигиеналық сараптаманың құқықтық базасын Ресей федерациясының санитарлық зандары қамтамасыз етеді және ол ҚР «Санитарлы-әпидемиологиялық қызмет туралы» Заңынан, ресей Федерациясының азаматтар денсаулығын қорғау туралы зандарының негіздерінен, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Федералды заңынан және соған сәйкес мемлекеттік билік және  басқару органдарының өз уәкілеті шегінде шығаратын кұқықтық актілерінен құралады. ҚР «Халықтың санитарлы-әпидемиологиялық саулығы туралы» заңына сәйкес гигиеналық талаптарды регламенттейтін нормативтік құжаттар енгізілген: санитарлық ережелер, нормалар және гигиеналық нормативтер.

Жаңа азық-түлік өнімдерін жасауға және  өндіріске салуға, жаңа технологиялық процестерді, құрал-жабдықтарды енгізуге, ыдыстарды және орауыш материалдарын өндіруге, азықтық қосапаларды және  басқа да заттарды қолдануға олардың ҚР Мемлекеттік санитарлы-әпидемиологиялық қызмет органдарының санитарлық талаптарына және  қорытындыларына сәйкес тігін гигиеналық бағалау негізінде рұқсат етіледі. Шикізаттарды, азық-түліктерді немесе олармен түйісетін материалдарды санитарлық ережелерге сәйкес болмаған жағдайда өндірістен кідіртпей шығарып тастайды немесе Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің немесе оның орынбасарының қаулысы бойынша сатады. Импортталатын тұтыну тауарлары да санитарлық талаптарға және адам қауіпсіздігінің халықаралық талаптарына сәйкес болу кереқ.

Заңда санитарлық-эпидемиологиялық саулық мәселелері бойынша санитарлық-гигиеналық сараптамалар жүргізу және кеңес беру тәртібі белгіленген. Ол заңда ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, жоғарғы оқу орындары өз құзыреті шегінде адамның тіршілік ету ортасы факторларының оның денсаулығына әсерін бағалау бойынша арнайы сараптамалар жүргізуге міндетті делінген, бұл жагдайда олар жоғарыда аталғандардың сапасы, объективтілігі және  толықтығы үшін жауапты болады.

Заңда санитарлық заңдарды бұзғаны үшін тәртіптік, әкімшілік және  қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ мемлекеттік, ведомстволық, өндірістік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібі қарастырылган. Гигиеналық сараптама жүргізу кезінде сарапшылар сонымен қатар Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау туралы Ережені және  ҚР Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қызметті басшылыққа алуы тиіс. Гигиеналық сараптаманың нормативтік базасына Қазақстанның Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қаулысымен бекітілген Санитарлық ережелер мен нормалар жатады.

...

Скачать:   txt (22.3 Kb)   pdf (167.4 Kb)   docx (26.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club