Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ситуациялык есептер

Автор:   •  Декабрь 4, 2018  •  Реферат  •  2,702 Слов (11 Страниц)  •  2,217 Просмотры

Страница 1 из 11

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

Орындаған: Ермекова Ардақ., Иғлам Аяжан., Дюсенгалиева Ботагоз.,      Шапихова Құралай., Қуанышбек Жандос.

Тексерген:  Яғмусова Ақерке Файзуллақызы

Орал-2018

1. Ерлi-зайыпты  Ибрагимовтар  некенi  бұзуды  ұйғарып,  жазбаша  келiсiм  жасасады,  ол  келiсiм бойынша  Ибрагимов  пəтердi  бөлуге  үмiт  артпайды,  Алматыдан  көшiп  кетiп,  Ақтөбеде  өз  анасымен  бiрге  тұрады,  ал  Ибрагимова,  өз  тарапынан,  олардың  қызы — бiрiншi  курс  студентi институтты бiтiрмейiнше күйеуге шықпауға уəде бередi. Неке бұзылған соң, Ибрагимов пəтерден көшiп кетедi. Бiраз уақыт өткен соң Ибрагимова өзiнiң бұрынғы күйеуiнiң Алматыда бiр бөлмелi пəтердi сатып алу үшiн құжат-тар дайындап жүргенiн бiледi. Ибрагимова сату-сатып алу шартын дайындап жатқан нотариусқа барып, Ибрагимовтың қала-дан кету туралы жазбаша мiндеттемесiне қайшы  келетiн  болғандықтан  сату-сатып  алу  шарттың  жасалуы  мүмкiн  еместiгiн  мəлiмдейдi. Сату-сатып  алу  шартын  жасауға  асыруда  еш  кедергi  жоқ  екенiн  айтып,  нотариус  шартты куəландырады.Ибрагимова шарттың жарамсыз деп тану жөнiнде талап арызын сотқа ұсынады.

Сот қандай шешiм шығаруы тиiс?

2. Мектеп оқушылары Сарайының директоры заңгерлерден төмендегi мəселелер бойынша кеңес беруiн өтiнедi, коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме нысанында құрылған мектеп оқушылары  Сарайы  пайда  келтiру  мақсатында  қандайда  бiр  кəсiпкерлiк  түрiмен  айналысуына құқысы  бар  ма  деп  сұрайды, (мысалы  қазақ  жəне  ағылшын  тiлдерiн  үйрететiн  ақылы  курстар ашуға жəне осы мекеменiң автокөлiгiн пайда-ланып қала iшнде экскурсия ұйымдастыруына жəне оқушылар Сарайының бос ғимараттарын тауар қоймасы үшiн пайдалануға жалға беруге, тұтыну тауарларын сатып алып оларды қайта са-туына, түрлi лоторея ойындарын өткiзуге жəне сондай-ақ қозғаламайтын мүлiктермен жасалатын өзге де мəмлелердi жасасуға т.б.) директордың пiкiрiнше осы  əрекеттердi  жүзеге  асыру  нəти-жесiнде  түсетiн  қаржы  мекетеп  оқушылары  Сарайы  қызметкерлерiнiң жалақысын көтеруге жұмсауға жоспарланбақ едi.

Мектеп оқушылары Сарайының директорына осы мəселе бойынша қандай кеңес берер едiңiздер? Мекемелердiң өзге де коммерциялық емес ұйымдардан басты ерекшелiктерi неде? Мекемелердiң қандай түрлерiн бiлесiздер жəне олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы неде?

3.  Серiкжанов  комиссиялық  дүкенге  скрипка  сатып  алу  үшiн  келедi.  Скрипка  қияғымен  бiрге қынапта  жатқан  болатын  жəне  олардың  қасына  бағасы  қойылған.  Серiкжанов  кассаға  барып, көрсетiлген  сомаға  чек  соқтырып  алады.  Сатушы  Серiкжановқа  қияқ  пен  қынапсыз  тек скрипканы  бередi.  Серiкжанов  қияқ  пен  қынаптың  берiлуiн  талап  етедi.  Сатушы  оған  баға  тек скрипка үшiн қойылғанын айтып жауап бередi.

Бұл дауда кiмдiкi дұрыс?

4. Манарбаев құрамында көне алтын дiлдəлар мен алтын қасықтар, шанышқылар, сонымен бiрге марқұмның  қолжазбалық  туындылары  бар  мұраға  ие  болады.  Заңды  бұзып  алам  ба  деп күмəнданған  Манарбаев,  өзiнiң  ие  болған  алтын  дiлдəлары  мен  мұра  қалдырушының қолжазбаларына ие болу құқығын түсiндiрiп беруiн сұрап, заң кеңесшiсiне барады.

Қандай түсiнiктеме берiлуi тиiс?

5.  Авторлар  мен  театр  арасында  шарт  жасалады.  Ол  шарт  бойынша  белгiленген  мерзiмге  қарай бiреуi  либретто  жазуға‚  ал  басқасы  музыка  шығаруға  мiндет  алады.  Театр  болса‚  тапсырылған шығарманың ойдағыдай болу жағдайында спектакль қоюды өзiне мiндет етiп алады. Студенттер арасында  осы  құқықтық  қарым-қатынастың  объектiсi  не  болып  табылады  деген  сұрақ  бойынша келiспеушiлiктер туады. Бiреулердiң  ойынша‚  осы  құқықтық  қатынастың  объектiсi  шығарма  шығаруды  өзiне  мiндет  етiп алған либретто авторы мен композитордың iс-қылығы болып табылады. Басқаларының айтуынша‚ бұл жағдайда авторлар шығармасын орындау мiндетiн алған театрдың да iс-қылығын объект деп санау  керек.  Үшiншiлерi  бұл  қатынас  шығарма  сияқты  игiлiк  жөнiнде  туған  деп  ойлайды. Кейбiреулерi осы құқықтық қатынаста тiптi объекттiң бар болуына күмəндығын күмəнданатының бiлдередi.

...

Скачать:   txt (25.8 Kb)   pdf (92.8 Kb)   docx (17.9 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club