Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Генетикалық есептер

Автор:   •  Январь 3, 2022  •  Реферат  •  5,429 Слов (22 Страниц)  •  1,371 Просмотры

Страница 1 из 22

Генетикалық  есептер

[pic 1]

ГЕНЕТИКАЛЫҚ

ЕСЕПТЕР

Моногибридтi будандастыру

(толық доминанттылық)  

  1. Генотиптерi АА, Аа, аа болып келетiн өсiмдiктер қандай типтi гаметалар түзе алады?
  2. Асбұршақ тұқымының қара түсiн анықтайтын А генi, ақ түсiн анықтайтын а генiне қарағанда доминантты. Мына төмендегi жолдармен будандастырылып алынатын ұрпақтардың тұқымдарының түcтерiн анықтау керек: Аа х Аа; АА х Аа; аа х АА; Аа х аа.
  3. Тұқымның қара түсi бойынша гомозиготалы өсiмдiк ақ тұқымды өсiмдiкпен будандастырылған: сонда а) F1-де, ә) F2-де; б) F1-дегi өсiмдiктердi оның тұқымы ақ ата-анасымен қайта будандастырғанда, в) F4-тегi өсiмдiктi оның қара түстi ата-анасымен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтардың фенотиптерi қандай болады?
  4. Қара тұқымнан өсiп шыққан өсiмдiктi ақ тұқымды өсiмдiктiң тозаңымен тозаңдандырғанда жартысы қара, жартысы ақ түстi тұқымдар алынған. Аналық өсiмдiктердiң генотипiн анықтау керек.
  5. Қара түстi өсiмдiктен өсiп шыққан екi өсiмдiктi будандастырғанда 3/4 шамасында қара, 1/4 шамасында ақ тұқымдар берген. Ата-анасының екеуiнiң де генотиптерiн анықтау керек.
  6. Тұқымының түсi қара өсiмдiктi ақ өсiмдiкпен будандастырғанда тек қара тұқымдар алынған. Сондай қара тұқымды F1-де алынған өсiмдiктердi өзара будандастырғанда алынатын ұрпақтың тұқымдарының түстерi қандай болады?
  7. Қара тұқымнан өсiп шыққан өсiмдiктi өзара будандастырғанда 3/4 бөлiгi қара 1/4 бөлiгi ақ тұқымдар алынған. Бастапқы өсiмдiктердiң генотипiн анықтау керек.
  8. Екi қара түстi өсiмдiктi будандастырғанда қара түстi тұқымдар алынған. Олардың ата-аналарының генотиптерiн анықтауға бола ма?
  9. Қара тұқымнан өсiп шыққан өсiмдiктi ақ тұқымды өсiмдiкпен будандастырғанда  қара түстi тұқымдар алынған. Аналық өсiмдiктiң генотипiн анықтауға бола ма?
  10. Жемiс шыбыны дрозофиланың сұр түсi B, қара түсi b-ға қарағанда басым (доминантты). Екi сұр шыбынды будандастырғанда олардың ұрпағының түстерi сұр болып шыққан. Аталық және аналық формаларының генотиптерiн анықтауға бола ма?
  11. Сұр шыбын мен қара шыбынды будандастырғанда алынған ұрпақтарының барлығының денелерi сұр түстi болды. Сұр шыбынның генотипiн анықтау керек.
  12. Адамда алты саусақтың болуын (полидактилия) доминантты геннiң, ал бес саусақтың болуын рецессивтi геннiң анықтайтыны белгiлi. Ата-аналарының екеуi де гомозиготалы алты саусақты отбасында бес саусақты балалардың тууы мүмкiн бе?
  13. Бес саусақты әйел гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа шыққан. Олардың балаларының генотиптерi мен фенотиптерi қандай болуы мүмкiн?
  14. Қызанақ (помидор) өсiмдiгiнiң қалыпты ұзындығы А, қысқалығы а-ға қарағанда доминантты. Сонда: егер ұзындығы бойынша осы аталған белгiлердiң ажырауының ара-қатынасы 1:1 болғанда, 3:1 қатынасындай болып ажырағанда өсiмдiктердiң генотиптерi қандай болмақ?
  15. Арпаның ерте пiсетiнi Р, кеш пiсетiнi р-ға қарағанда доминантты. Бұл екеуiн будандастырғанда ерте пiсетiн формалары кеш пiсетiндерiнен үш есе көп болған. Ата-аналық түрлердiң генотипi мен фенотипiн анықтау керек.
  16. Адамда көздiң қара түсi (К) көк түсiне (к) қарағанда доминантты. Әкесiнiң көзi көк, шешесiнiң көзi қара, өзi қара көздi қыз әке-шешелерiнiң көздерi қара, көк көздi жiгiтке тұрмысқа шыққан. Олардан қара көздi бала туған. Жоғарыда аталған адамдардың генотиптерiн анықтау керек.
  17. Iрi қараның қара түсi реңiн анықтайтын ген қызыл түстi реңiн анықтайтын генге қарағанда басым болып келедi. Таза тұқымды қара аталықпен қызыл аналық сиырлар будандастырылса, F1-де қандай ұрпақ алынады? Ондай гибридтердi өзара будандастырса, F2-де алынатын ұрпақтар қандай болады?
  18. Миоплегия доминантты белгi ретiнде тұқым қуалайды. Әкесi сау, ал шешесi осы аурумен ауырған гетерозиготалы отбасында ауру балалардың туу мүмкiндiгi қандай болмақ?
  19. Денi сау әйел миоплегиямен ауратын гомозиготалы ер адамға тұрмысқа шыққан. Бұл некеден қандай ұрпақ күтуге болады?
  20. Жүгерi тұқымының күңгiрт түсi ашық түсiнен басым. Гомозиготалы күңгiрт тұқымды жүгерiнi ашық тұқымды жүгерiмен будандастығанда алынатын ұрпақ тұқымдарының түстерi қандай болады. F1-де алынған будан өсiмдiктi гомозиготалы өсiмдiкпен қайта будандастырса, қандай нәтиже берер едi?
  21. Сұлы сабағының ұзын болуы - рецессивтi белгi. Егер алынған ұрпақтың жартысы қалыпты, ал жартысы ұзын бойлы болса, олардың ата-аналарының генотиптерi туралы не айтуға болады?
  22. Тауықтың бiр тұқымының аяқтары қысқа болып келедi. Бұл - доминантты белгi. Оны басқаратын геннiң сонымен бiр мезгiлде тауық тұмсығының қысқаруына да әсерi болады. Сонда осы белгi бойынша гомозиготалы балапандарының тұмсығының қысқа болатындығы соншалықты, олар жұмыртқаның қабығын жарып шыға алмастан, өлiп қалады. Тауықтың тек аяқтары қысқа тұқымын өсiретiн шаруашылық инкубаторынан 3000 балапан алынса, оның қаншасы қысқа аяқты болады?
  23. Фенилкетонурия рецессивтi белгi ретiнде тұқым қуалайды. Егер ата-аналарының бiреуi бұл белгi бойынша гетерозиготалы, екiншiсi гомозиготалы ауру болса, ол отбасында ауру бала тууы мүмкiн бе?
  24. Құндыз терiсiнiң сұр түсi тұрақты қоңыр түсiне қарағанда бiрнеше рет қымбат, бiрақ сән өзгерсе оның құны күрт төмендеп кетуi мүмкiн. Егер сұр түстi анықтайтын геннiң рецессивтi екенi белгiлi болса, қысқа мерзiм iшiнде көп мөлшерде сұр түстi ұрпақ алу үшiн (сән өзгермей тұрғанда) фермадағы қоңыр аналық пен сұр аталықты қалай будандастыру керек?
  25. Жүндерiнiң тығыздығында айырмашылығы бар екi теңiз шошқасын будандастырғанда, 18 тығыз жүндi, 5 тықыр ұрпақ алынған. Тығыз жүндi ұрпақтың қанша бөлiгi осы белгi бойынша гомозиготалы?

Моногибридтi будандастыру

(толымсыз доминанттылық)

  1. Намазшам гүлдiң жалпақ формаларын өзара будандастырғанда үнемi жалпақ жапырақты, ал енсiз жапырақтылары тек енсiз жапырақты ұрпақ бередi. Егер жалпақ жапырақты өсiмдiктердi енсiз жапырақтылармен будандастырғанда, жапырақтарының енi орташа мөлшердегi өсiмдiктер шығады. Ендi бұл өсiмдiктердi өзара будандастырса, қандай ұрпақ алуға болады? Егер енсiз жапырақты өсiмдiктi жапырағының енi орташа өсiмдiкпен будандастырса ше?
  2. Таза тұқымды ақ тауықтарды өзара будандастырғанда ұрпағы ақ болады, ал қара тауықтарды будандастырғанда - қара болып шығады. Егер ақ және қара тауықтарды будандастырса, олардан алынатын ұрпақтың түрi шұбар болып шығады. Ақ әтеш пен шұбар мекиендi будандастырса, қандай түстi ұрпақтар алынады? Екi шұбар тауықтардың ұрпағы ше?
  3. Қызыл жемiстi жидек өсiмдiгiн өзара будандастырғанда жидектерi қызыл түстi ұрпақ бередi, ал ақ жемiстi өсiмдiктер тек ақ түстi жидек бередi. Екеуiн бiр-бiрiмен будандастырғанда жемiсi қызғылт түстi ұрпақ шығады. Жемiсi қызғылт түстi жидектердi өзара будандастырғанда, қандай ұрпақ алынар едi? Егер қызыл жемiстi жидектi қызғылт жемiстi жидекпен тозаңдандырса, қандай ұрпақ алынады?
  4. Қойдың кейбiр тұқымының арасында құлағының ұзындығы қалыптыларымен (салпаң құлақ) қатар мүлдем құлақсыздары кездеседi. Салпаң құлақтыларды өзара будандастырғанда және сол сияқты құлақсыздарды да бiр-бiрiмен будандастырғанда осы белгi жөнiнде ата-енелерiне ұқсас ұрпақ алынды. Салпаң құлақтылар мен құлақсыздардың арасынан шыққан будандардың құлақтары шұнақ болып шығады. Осындай будандарды өзара шағылыстырса, қандай ұрпақ алынады? Егер ол будандарды құлақсыздармен будандастырса, қандай нәтиже бередi?
  5. Түн аруы өсiмдiгiнiң гүлiнiң қызыл түсiн анықтайтын R генi ақ түсiн анықтайтын r генiне толық доминанттылық көрсете алмайды. R және r гендерiнiң өзара әрекеттесуiнен гүлдiң түсi қызғылт болып шығады. Төмендегi будандастырлардың нәтижесiнде алынатын ұрпақтардың гүлдерiнiң түстерiн анықтау керек. а) Rr x Rr;  ә) RR x Rr;  б) rr x RR;  в) Rr x rr.
  6. Қызыл гүлдi түн аруы өсiмдiгi ақ гүлдiлерiмен будандастырылған, сонда F1-дегi буданды ақ гүлдi өсiмдiкпен және ол буданды қызыл гүлдi өсiмдiкпен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтардың фенотиптерi мен генотиптерiн анықтау керек.
  7. Екi қызыл гүлдi түн аруы өсiмдiгiн будандастырғанда алынатын ұрпақтың генотипi мен фенотипiн анықтау керек.
  8. Екi түн аруы өсiмдiгiн будандастырғанда алынған ұрпақтардың 1/4-i ақ қызыл, 2/4-i қызғылт және 1/4-i ақ гүлдi болып шыққан. Осылардың ата-аналарының генотиптерi мен фенотиптерi қандай болғаны?
  9. Түн аруы өсiмдiгiн бiр-бiрiмен будандастырғанда алынған ұрпақтың жартысы қызғылт, жартысы ақ гүлдiлер болып шыққан. Олардың ата-аналарының генотипi мен фенотипi қандай?

Дигибридтi будандастыру

  1. Мына төмендегiдей генотиптерi бар өсiмдiктер қандай гаметалар түзе алады. а) ААBB; ә) АаBB; б) ааBB; в) ААBb; г) ААbb; ғ) АаBb; д) Ааbb; е) ааbb?
  2. Бұршақ тұқымының сары түсi А жасыл түстi а-ға қарағанда доминантты, ал тегiс пiшiндi B бұдырлы пiшiндi b-дан басым. Мына генотиптердiң тұқымдарының түстерi мен пiшiндерiн анықтау керек: а) ааBB; ә) Ааbb; б) АаBB; в) ааbB; г) ААBb; ғ) ААbb.
  3. Мына төмендегiдей жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақтар тұқымдарының сыртқы көрiнiсiн анықтау керек. а) ааBB х ааbb; ә) Ааbb х Ааbb; б) АаBB х АаBb; в) ААBb х ааbb; г) ААbb х ааbb; ғ) aaBb х ааBb; д) ААBb х ААBb. 
  4. Тұқымның түсi мен пiшiнi бойынша гетерозиготалы өсiмдiк осы екi белгi бойынша да рецессивтi гомозиготалы өсiмдiкпен будандастырылған. Алынатын ұрпақтың генотиптерi мен фенотиптерiн анықтау керек.
  5. Сары тегiс тұқымдардан өсiп шыққан екi бұршақ өсiмдiгiн будандастырғанда, сары тегiс тұқымдар алынған. Олардың ата-аналарының генотиптерiн анықтауға бола ма?
  6. Сары тегiс тұқымнан өсiп шыққан бұршақ өсiмдiгi жасыл, тегiс тұқымнан алынған өсiмдiктiң тозаңымен тозаңдандырылған. Олардан алынған будан тұқымдарының жартысы сары тегiс, жартысы жасыл тегiс болып шыққан. Аталық және аналық өсiмдiктердiң генотиптерiн анықтау керек.
  7. Жасыл тегiс тұқымдардан алынған бұршақ өсiмдiгi сары бұдырлы тұқымнан өсiп шыққан өсiмдiктiң тозаңымен тозаңдандырылған. Олардан алынған будан ұрпақтың 1/4-i сары тегiс, 1/4-i сары бұдырлы, жасыл тегiс және 1/4-i жасыл бұдырлы болып шыққан. Ата-аналарының генотиптерiн анықтау керек.
  8. Тұқымдарының түсi мен пiшiнi бойынша гетерозиготалы бұршақ өсiмдiктерiнiң ұрпағында фенотипi және генотипi бойынша белгiлердiң ажырауы қалай болуы мүмкiн?
  9. Таза тұқымды мүйiздi қара аталықты қызыл аналықпен будандастырғанда алынатын будан қандай болады? Егер тоқалдылықтың мүйiздiлiкке қарағанда, ал қара реңнiң қызылға қарағанда доминантты екенi белгiлi болса, ондай будандарды өзара шағылыстырғанда алынатын келесi ұрпақ қандай болар едi (бұл екi белгiнiң гендерi әр түрлi жұп хромосомаларда орналасқан)?
  10. Жемiсi қызыл, сабағының ұзындығы қалыпты қызанақ өсiмдiгiн сары жемiстi, сабағы аласа қызанақ тозаңымен тозаңдандыру нәтижесiнде алынатын будандардың белгiлерi қандай болады? Ондай гибридтердi өзара будандастырса, нендей нәтиже шығады? Егер жемiстердiң қызыл түсi - доминантты, сабағының аласалылығы - рецессивтi екенi белгiлi болса ше? Бастапқы барлық өсiмдiктер гомозиготалылар, белгiлердi анықтайтын гендер әр түрлi хромосомаларда орналасқан.
  11. Сұлының сабағының қалыпты болуы - ұзын болуына, ал ерте пiсетiндiгi кеш пiсетiндiгiне қарағанда доминантты. Гомозиготалы ерте пiсетiн сабағы қалыпты өсiмдiк кеш пiсетiн сабағы ұзын өсiмдiктiң будандарының белгiлерi қандай болады? Ондай буындарды өзара шағылыстырса, нендей нәтиже берер едi?
  12. Тауықтарда балақ жүнiнiң болуын доминантты ген анықтайды. Бұдырлы айдар жай айдарға қарағанда басым. Бұдырлы айдарлы балақ жүнi бар мекиендi, жай айдарлы балақ жүнi жоқ әтешпен будандастырғанда алынатын будан балапандардың белгiлерi қандай болады? F2-де алынатын ұрпақтың қанша бөлiгi бұдырлы айдарлы балақ жүнi жоқ болып шығады?
  13. Бидай масағының қылтанақсыз формасы А қылтанақты а-дан, ал қызыл түсi B ақ түсi b-дан доминантты. Мынадай жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақ масағының сыртқы көрiнiсiн анықтау керек: а) ААbb х ааBB; ә) АаBb х Ааbb; б) АаBB х ааbb; в) АаBb х ааbb; г) АаBb х АаBB; ғ) АаBb х АаBb.
  14. Масағы ақ, қылтанақты өсiмдiк гомозиготалы қылтанақсыз қызыл масақты өсiмдiкпен будандастырылған. Сонда: а) F1-дегi өсiмдiктердiң; ә) F1-дегi буданды қылтанақты ақ масақты ата-анасымен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтың; б) F1-дегi буданды қылтанақсыз қызыл масақты ата-анасымен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтың фенотиптерiн анықтау керек.
  15. Қылтанақсыз қызыл масақты бидайдың сортын қылтанақты ақ масақты сортымен будандастырғанда 1/4-i қылтанақсыз қызыл қанатты, 1/4-i қылтанақсыз ақ масақты, 1/4-i қылтанақты қызыл масақты және 1/4-i қылтанақты ақ масақты ұрпақ алынған. Ата-аналық өсiмдiктердiң генотиптерiн анықтау керек.
  16. Қылтанақсыз ақ масақты өсiмдiктi қылтанақты қызыл масақты өсiмдiкпен будандастырғанда 32 қылтанақты қызыл масақты және 33 қылтанақсыз ақ масақты ұрпақ алынған. Ата-аналық формалардың генотиптерiн анықтау керек.
  17. Дрозофила денесiнiң сұр түсi мен қанатының қалыпты болуын домианантты B және  V гендерi, ал қара түсi мен қысқа қанаттылығын b және v гендерi анықтайды. Мына будандастырулардағы ата-аналардың және олардың ұрпақтарының сыртқы көрiнiсiн анықтау керек: а) BBVV x BbVv;  б) BbVv x BbVv; в) BbVv x bbVv;  г) bbVv x bbVv.
  18. Қанаттары қалыпты, түстерi қара екi шыбынды будандастырғанда алынған ұрпақтың бәрiнiң денелерi қара, бiрақ олардың 3/4-i қанаттары ұзын, 1/4-i қанаттары қысқа болған. Ата-анасының генотиптерiн анықтау керек.
  19. Бiреуiнiң қанаты қалыпты, ал екiншiсi қысқа қанатты қара шыбынды будандастырғанда алынған ұрпақтың денелерiнiң бәрi қара, бiрақ жартысының қанаттары қалыпты, ал жартысының қанаттары қысқа болып шыққан. Ата-анасының генотиптерiн анықтау керек.
  20. Қанаттары қалыпты екi сұр шыбынды будандастырғанда алынған барлық дарабастардың түстерi сұр, қанаттары қалыпты болған. Ата-анасының генотиптерiн анықтауға бола ма?
  21. Бiреуiнiң денесi сұр, екiншiсi қара екi қысқа қанатты шыбынды будандастырғанда сұр түстi қысқа қанатты ұрпақ алынған. Ата-анасының генотиптерiн анықтау керек.
  22. Теңiз шошқасының жүнiнiң тығыздығы  B тықырлығы  b-ға, ал қара түсi  С ақ түсi  с-ға доминантты. Мынадай генотиптерi бар жануарлардың фенотиптерiн анықтау керек: а) Bbсс; ә) BBсс; б) BbСС; в) bbСс; г) bbсс.
  23. Мынадай жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақтардың  фенотиптерiн анықтау керек: а) Bbсс х bbСс; ә) bbСС х Bbсс; б) BBСС х bbСс; в) BbСс х bbсс; г) BBСс х BbСС.
  24. Тығыз жүндi қара аналықты тықыр ақ түстi аталықпен будандастырғанда жартысы тығыз жүндi қара, ал жартысы тығыз жүндi ақ дарабастардан тұратын ұрпақтар алынған. Осылардың генотиптерiн анықтау керек.
  25. Талдап будандастырудың нәтижесiнде тығыз жүндi қара аналық жартысы қара, ал жартысы ақ тығыз жүндi ұрпақ берген. Аналықтың генотипiн анықтау керек.
  26. Екi тығыз жүндi теңiз шошқасын будандастырғанда дәл сондай фенотиптерi бар ұрпақ алынған. Ата-аналық формалардың генотиптерiн анықтауға бола ма?
  27. Гетерозиготалы тығыз жүндi ақ аналық гетерозиготалы тығыз жүндi ақ аталықпен будандастырылған. Алынатын ұрпақтың генотиптерiн анықтау керек.
  28. Тығыз жүндi екi қара теңiз шошқасын будандастыру нәтижесiнде фенотипi дәл сондай ұрпақ алынған. Оларды өзара будандастырса, қандай ұрпақ алынады?
  29. Адамда қара көздiң генi көк көздiң генiне карағанда доминантты, ал оңқайлық солақайлыққа қарағанда доминантты қасиет көрсетедi. Бұл аталған жұп гендер түрлi хромосомаларда орналасқан. Осы екi белгi бойынша гетерозиготалы ата-аналардан қандай балалардың дүниеге келетiнiн анықтау керек.
  30. Әкесi гетерозиготалы солақай, ал шешесi көк көздi де, гетерозиготалы оңқай отбасында туылатын балалардың фенотиптерi жөнiнде не айтуға болады?
  31. Гомозиготалы қара көздi оңқай жiгiт гетерозиготалы қара көздi солақай қызға үйленген. Осы отбасында туатын балалардың генотипi мен фенотипi қандай болмақ?
  32. Қара көздi оңқай қыз көк көздi солақай жiгiтке тұрмысқа шыққан, олардың отбасында екi бала дүниеге келген  бiреуi көк көздi оңқай, екiншiсi көк көздi солақай. Ата-анасының генотиптерiн анықтау керек.
  33. Қара көздi оңқай жiгiт көк көздi солақай қызға үйленген. Олардан бiр көк көздi солақай бала туған. Келесi балаларының фенотиптерi жөнiнде не айтуға болады?
  34. Ата-аналарының бiреуi қара көздi солақай, ал екiншiсi көк көздi солақай болса, олардан қандай бал туылуы мүмкiн?
  35. Қара көздi оңқай жiгiт көк көздi оңқай қызға үйленген. Мұндай некеден жоғарыда көрсетiлген белгiлер бойынша қандай ұрпақ күтуге болады?
  36. Намазшам гүлдiң қызыл түсi R ақ түстi r-ге толық доминантты емес. Сондықтан   гендерi бiрiгiп келсе, гүлдiң түсi қызғылт болып шығады. Ал гүлiнiң қалыпты пiшiнi N ара тiстi n-ге қарағанда доминантты. Генотиптерi мына төмендегiдей болып келетiн өсiмдiктердiң гүлдерiнiң түстерi мен пiшiндерiн анықтаңыздар. а) RRNn; ә) RrNn; б) RrNN; г)Rrnn; в) rrNN; д) rrNn; е) RRnn; ж) rrnn; з) RRNN.
  37. Мынадай жолмен будандастырлғанда алынатын ұрпақтардың фенотиптерiн анықтақтаңыздар: а) RRNn х rrnn; ә) rrNn х RrNn; б) RrNn х Rrnn; г) RrNN х RRNN; в) rrNN х RRNN; д) RRnn х Rrnn.
  38. Гүлiнiң түсi мен пiшiнi бойынша дигетерозиготалы өсiмдiктер өзара будандастырылған. Олардан алынатын ұрпақтардың генотиптерi мен фенотиптерiн анықтаңыздар.
  39. Қызғылт, пiшiнi ара тiстi гүлдi өсiмдiктi түсi ақ, пiшiнi ара тiстi өсiмдiктiң тозаңымен тозаңдандырған. Алынатын ұрпақтардың генотиптерi мен фенотиптерiн анықтаңыздар.
  40. Гүлдерiнiң пiшiнi бойынша гетерозиготалы ақ гүлдi өсiмдiктер өзара будандастырылған. Алынатын ұрпақтардың генотиптерi мен фенотиптерiн анықтаңыздар.
  41. Адамда жақыннан көрудiң генi қалыпты көруге қарағанда доминантты қасиет көрсетсе, қара көздiң генi көк көздiң генiне қарағанда доминантты болатыны белгiлi. Осы алынған екi белгi бойынша гетерозиготалы ата-анадан қандай ұрпақ күтуге болады?
  42. Жақыннан көретiн қара көздi ер адам қалыпты көретiн көк көздi әйелге үйленген. Осы отбасында жақыннан көретiн қара көздi және бiрқалыпты көретiн көк көздi бала туған. Келесi туатын балалардың фенотипi жайлы не айтуға болады?
  43. Ерлi-зайыптылардың бiреуi қалыпты көретiн қара көздi де, екiншiсi жақыннан көретiн қара көздi отбасында жақыннан көретiн көк көздi бiр қыз туған. Осы аталған отбасы мүшелерiнiң фенотиптерiн анықтауға бола ма?
  44. Ата-аналарының екеуi де жақыннан көретiн көк көздi отбасында қалыпты көретiн көк көздi бала дүниеге келген. Осы баланың генотипiн анықтау керек.
  45. Гетерозиготалы жақыннан көретiн солақай жiгiт екi белгi бойынша да гомозиготалы денi сау қызға үйленген. Осы отбасында туылатын балалардың генотиптерi мен фенотиптерiне қандай болжам жасауға болады?
  46. Глаукома ауруы адамда жиi кездеседi. Оның бiрнеше тұқым қуалау жолы бар. Глаукоманың бiр түрi аутосомалық доминантты генмен анықталса, екiншi түрi алғашқыға тiркес емес аутосомалық рецессивтi генмен анықталады. Осы аталған екi жұп гендер бойынша гомозиготалы денi сау әйел гетерозиготалы ер адамға тұмысқа шаққан. Осы отбасында ауру бала тууы мүмкiн бе?

Полигибридтi будандастыру

  1. Генотиптерi мына төмендегiдей өсiмдiктер қандай гаметалар түзе алады: а) АаBBСс; ә) ааBbСс; б) АаBbСс; в) АаBbСсDd; г) ААBbССDd; ғ) АаBbСсDd; д)ААBBСсDd?
  2. Бұршақ тұқымдасының тегiс пiшiнi А, бұдырлы а-ға, сары түсi B жасыл с-ға және гүлiнiң түсi қызыл С түсi ақ с-ға қарағанда басым келедi. Мына төмендегiдей жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақтардың фенотиптерiн анықтаңдар: а) АаBBСс х ааbbсс; ә) АаBbСс х ааBBСС; б)ААBBСс х АаBbСС; в) ААBbСС х ааBbсс; г) ааbbСС х АаbbСС.
  3. Төрт жұп белгiлерi бойынша айырмашалықтары бар гомозиготалы өсiмдiктер будандастырылған: а) F1-дегi будан өсiмдiктерiнiң фенотип бойынша саны мен кластарының арақатынасын; ә) F2-дегi будан өсiмдiктерiнiң генотип бойынша кластарының санын анықтау керек.
  4. Генотипi гетерозиготалы АаBbСсDd өсiмдiгi рецессивтi гомозиготалы өсiмдiкпен будандастырылған; а) алынған ұрпақтағы генотип бойынша кластар санын; ә) ұрпақтың қанша бөлiгiнде төрт доминантты геннiң түгел бар екенiн; б) ұрпақтың қанша бөлiгiнде төрт түрлi рецессивтi ген болатынын анықтау керек.
  5. Гексагибридтi будандастыру жүргiзiлген: F2-дегi генотиптердi және  фенотиптер  бойынша кластар санын анықтау керек.
  6. Тұқымының түсi мен пiшiнi бойынша гетерозиготалы ақ гүлдi бұршақ өсiмдiгiн өздiгiнен тозаңдандырғанда болатын фенотиптi ажырауды анықтау керек.
  7. Тұқымы мен гүлiнiң түсi бойынша гетерозиготалы тұқымы бұдырлы бұршақты өздiгiнен тозаңдандырғанда болатын фенотиптiк ажырауды анықтау керек.
  8. Тұқымының түсi мен пiшiнi, сол сияқты гүлiнiң де түсi бойынша гетерозиготалы бұршақ өсiмдiгi рецессивтi гомозиготалымен будандастырылған. F1-дегi фенотип бойынша ажырауды анықтау керек.
  9. Адамда алты саусақтылық (полидактилия), жақыннан көру және кiшi азу тiстiң болмауы аутосомалық доминантты белгiлер. Ерлi-зайыптылардың екеуi де осы аталған үш жұп белгi бойынша гетерозиготалы болса, ол отбасында  дүниеге келетiн балалардың фенотиптерi жөнiнде не айтуға болады?
  10. Шешесi алты саусақты, әкесi жақыннан көретiн, ал үшiншi жұп белгi бойынша екеуi де сау отбасында туған екi ауру генi бар қыз азу тiстерi жоқ жiгiтке тұрмысқа шыққан. Ол жiгiттiң шешесiнiң кiшi азу тiстерi жоқ, бiрақ көруi қалыпты және бес саусақты, ал әкесi барлық үш жұп ген бойынша сау. Осы некеден туылған балалардың фенотиптерiн анықтау керек.
  11. Ерлi-зайыптылардың бiреуi барлық үш жұп гендер бойынша гетерозиготалы, ал екiншiсi гомозиготалы сау. Осы отбасында дүниеге келетiн балалардың фенотиптерi жөнiнде не айтуға болады?
  12. Адамда кездесетiн катаракта, мылқаулық және үстiңгi жақ сүйекте күрек тiс пен сойдақ тiстiң болмауы бiр-бiрiмен  тiркеспей тұқым қуалайтын рецессивтi белгiлер болып табылады. Егер ата-аналарынаң бiреуi барлық үш жұп ген бойынша гетерозиготалы, екiншiсi гомозиготалы сау болса, ол отбасында үш кемiстiгi бар баланың дүниеге келуi мүмкiн бе?
  13. Үстiңгi жақ сүйекте күрек және сойдақ тiсi жоқ, мылқау, ал катаракта бойынша гетерозиготалы ер адам, алғашқы екi белгi бойынша гетерозиготалы, катарактасы бар әйелге үйленген. Бұл некеден денi сау бала тууы мүмкiн бе?

Гендердiң өзара әрекеттесуi кезiндегi тұқым

қуалауы. Гендердiң комплементарлы әсерi

  1. Хош иiстi бұршақ гүлiнiң қошқыл қызыл түсi екi комплментарлы доминантты А мен B гендерiнiң өзара әрекеттесуi арқылы анықталады. Егер генотипте осы екi геннiң бiрi жоқ болса, қызыл пигмент түзiлмейдi де өсiмдiктiң гүлiнiң түсi тек ақ болады. Генотиптерi мына төмендегiдей болып келетiн өсiмдiктердiң гүлдерiнiң түсiн анықтаңдар: Ааbb; ааBB; ААBb; АаBb; АаBb; ааBb; ААBB.
  2. Мына төмендегi жолдармен будандастырудың нәтижесiнде F1-дегi алынған гибрид өсiмдiктердiң фенотиптерiн анықтаңдар: ААbb х ааBb; АаBb х АаBb; ААbb х Ааbb; ААbb х ааBB.
  3. Екi доминантты гендер бойынша гомозиготалы өсiмдiк рецессивтi гомозиготалы ақ гүлдi өсiмдiкпен будандастырылған. Алынған ұрпақтың фенотипi мен генотипiн анықтаңдар.
  4. Қошқыл қызыл гүлдi дигетерозиготалы өсiмдiк екi жұп аллелдерi бойынша рецессивтi ақ гүлдi өсiмдiкпен будандастырылған. Алынған ұрпақтың фенотипi мен генотипiн анықтаңыздар.
  5. Гүлдерi қошқыл қызыл түстi өсiмдiктiң өздiгiнен тозаңдандырудың нәтижесiнде алынған ұрпақтың фенотипiн анықтаңдар: а) екi доминантты ген бойынша гетерозиготалы болғанда; ә) бiр доминантты ген бойынша гетерозиготалы болғанда.
  6. Асқабақ жемiсiнiң тегершiк тәрiздi пiшiнi екi доминантты ген А және B-ның өзара әрекеттесуi арқылы анықталады. Егер генотипте осы екi геннiң бiрi жоқ болса, жемiстiң пiшiнi домалақ келедi. Ал екi геннiң де рецессивтi аллелдерi бiрiксе пiшiнi сопақ жемiс бередi. Мына төмендегi генотиптерi бар өсiмдiктердiң жемiстерiнiң пiшiндерiн анықтаңыздар. АаBb; ААBB; Ааbb; ааBb; ааbb; ааBb; ААBb.
  7. Мына төмендегi будандастырулардан алынатын ұрпақтың генотипiн  фенотипiн анықтаңыздар: ААBB х АаBB; ААBb х ааbb; АаBb х ааbb; ААBb х ааBb; АаBB х ААbb.
  8. Жемiстерiнiң пiшiнi тегершiк тәрiздi дигетерозиготалы өсiмдiк жемiсi сопақша болып келген өсiмдiкпен будандастырылған. Алынатын ұрпақтың генотипi мен фенотипiн анықтаңыздар.
  9. Жемiстiң пiшiнi тегершiк тәрiздi дигетерозиготалы өсiмдiк жемiсi сопақша болып келген өсiмдiкпен будандастырылған. Ұрпақтың генотипi мен фенотипiн анықтаңыздар.
  10. Биiктiгi қалыпты өсiмдiктiң жүгерi өсiмдiгiнiң генотипiнде екi аллелдi емес доминантты гендер болады. Осы гендердiң тек бiреуiнiң ғана рецессивтi аллелдерi бойынша гомозиготалы болса, ол ергежейлi өсiмдiктiң пайда болуына әкеп соғады. Екi ергежейлi жүгерi өсiмдiгiн будандастырғанда F1-де биiктiгi қалыпты будандар алынады, ал F2-де 812 қалыпты және 640 ергежейлi өсiмдiктер шыққан. Гендердiң өзара әрекеттесуiнiң типiн анықтаңыздар.
  11. Құндыздың жабайы типiне тән болып келетiн терiсiнiң қоңыр түсiн екi доминантты ген А және B анықтайды. Осы екi геннiң бiреуiнiң рецессивтi аллелi бойынша гомозиготалы болса, сұр түс бередi. Екi сұр түстi құндыздарды будандастырғанда F1-дегi  ұрпақтың барлығы да қоңыр болып шығады. Ата-аналық жұптың генотиптерiн және F2-де болатын ажыраудың сипатын анықтаңыздар.
  12. Тауық айдарларының пiшiнi төрт түрлi болады. Олар екi жұп (R, r және P, p) гендердiң өзара әрекеттесуiнiң нәтижесiнде қалыптасады.  R генi раушан тәрiздi айдарды, P генi бұршақ тәрiздi айдарды, ал екi доминантты R және P гендерi қатар кездескенде жаңғақ тәрiздi айдарды жарыққа шығарады. Осы екi жұптың рецессивтi гендерi (rrpp) бар тауықтар жай айдар (жапырақ тәрiздi) болады. Егер раушан тәрiздi айдарлы гомозиготалы тауықты бұршақ тәрiздi  айдарлы гомозиготалы тауықпен шағылыстырса, F1- және F2-дегi будан ұрпақтарының фенотиптерi қандай болмақ?
  13. Тауықтардың R және P гендерi бойынша гетерозиготалы, жаңғақ тәрiздi айдарлы екi дарабастары өзара шағылыстырылған. Белгiлердiң F1-дегi  ажырау арақатынасын анықтау керек.
  14. Генотиптерi RrPp және rrpp дарабастарды бiр-бiрiмен будандастырғанда белгiлердiң F1-дегi  ажырау арақатынасын анықтау керек.

Эпистаз

  1. Сұлы тұқымының қара түсiн доминантты А генi, ал сұр түсiн доминантты B генi анықтайды. А генi B генiне эпизтазды, яғни А генi бар жерде B генi қызмет атқармайды. Зиготада доминантты гендердiң екеуi де жоқ болса, тұқымның түсi ақ болады. Мына төмендегiдей генотиптерi бар өсiмдiктердiң дәндерiнiң түстерiн анықтаңыздар: ааBb; ааbb; Ааbb; АаBb; ААBb; ааBB; АаBB.
  2. Мына төмендегiдей будандастырылуда алынатын  ұрпақтың тұқымдарының түстерiн анықтаңыздар: ааBB х ааBb; ааBb х ааbb; Ааbb х Ааbb; АаBb х Ааbb; ААbb х ааBb.
  3. Сұр түстi тұқымнан өсiп шыққан екi өсiмдiктi будандастырғанда 3:1 қатынасындай болып қара және ақ түстi дәндер алынған. Ата-аналарының генотиптерiн анықтаңыздар.
  4. Қара тұқымнан өсiп шыққан өсiмдiктi ақ түсiмен будандастырғанда алынған барлық ұрпақтардың да түстерi сондай болған. Ата-аналарының генотиптерiн анықтаңыздар.
  5. Қара түстi тұқымнан өсiп шыққан екi өсiмдiктi будандастырғанда 3:1 қатынасындай болып қара және сұр түстi дәндер алынған. Ата-аналарының генотиптерiн анықтаңыздар.
  6. Тұқымдары сұр түстi екi өсiмдiктi будандастырғанда алынған ұрпақтарының да түстерi сондай болған. Ата-аналарының генотиптерiн анықтаңыздар.
  7. Қара тұқымнан өсiп шыққан өсiмдiктi өздiгiнен тозаңдандырғанда 12 : 3 : 1 қатынасындай болып қара, сұр және ақ түстi дәндер алынған. Бастапқы өсiмдiктердiң генотипiн анықтаңыздар.
  8. Тышқанның рецессивтi с генi альбинизмдi анықтайды. Доминантты аллель С жүндi бояйтын пигменттердiң синтезiн реттейдi. А және а гендерi жүн талшықтарының өне бойына пигменттердiң таралуын қамтамасыз етедi: а генi бiркелкi боялуына, ал А генi жүннiң қара түске боялуымен қатар оның ұшында сақина тәрiздi сары пигменттiң түзiлуiне әсер етедi. Генотиптерi ССаа, ССАА, ссАА және ссаа тышқандардың фенотиптерiн анықтау керек.
  9. Жоғарыда айтылған эпистаздық және гипостаздық гендер бойынша дигетерозиготалы тышқандарды өзара будандастырғанда қандай түстi тышқан алуға болады.
  10. Дигетерозиготалы сұр (ССАа) тышқанды  рецессивтi гомозиготалы ақ тышқанмен будандастырған. Алынған ұрпақтың фенотипiн анықтау керек.
  11. Асқабақтың жемiсiнiң ақ түсi доминантты W генi, ал сары түсi доминантты Y генi арқылы анықталады, W генi Y генiне эпистазды, сондықтан мұндайда соңғысы қызмет атқара алмайды. Бұл гендердiң рецессивтi алелдерi гомозиготалы жағдайда болса, жемiстiң түсi жасыл келедi. Мына төмендегiдей генотиптерi бар өсiмдiктер жемiсiнiң түсiн анықтаңдар: wwУу; Wwуу; WwУУ; WWУу; wwУУ; wwуу; WwУу.
  12. Мына төмендегiдей будандастырғанда алынатын жемiстердiң түсiн анықтаңыздар: а)wwУу х wwУу; ә)Wwуу х Wwуу; б)WwУУ х Wwуу; в)WWУу х Wwуу;г) WWуу х WwУУ; ғ)Wwуу х wwуу.
  13. Екi сары жемiстi будандастырғанда 3:1 қатынасындай болып сары және жасыл жемiстi будандар алынған. Ата-аналарының генотиптерiн анықтаңыздар.
  14. Ақ жемiстi асқабақты жасыл жемiстi асқабақпен будандастырғанда алынған будандардың жемiстерiнiң жартысы ақ, жартысы жасыл болып шыққан. Ата-аналарының генотиптерiн анықтаңыздар.
  15. Жемiстерi ақ екi өсiмдiктi будандастырғанда 3:1 қатынасындай болып ақ және жасыл жемiстi будандар алынған. Ата-аналарының генотиптерiн анықтаңыздар.
  16. Екi сары жемiстi будандастырғанда алынған барлық ұрпақтардың да жемiстерiнiң түсi сондай болып шыққан. Ата-аналарының генотиптерiн анықтаңыздар.

Полимерия

  1. Бидайдың кейбiр iрiктемелерiнде дәннiң қызыл түсiн екi жұп полимерлi доминантты гендер бақылайды. Екi домнантты ген гомозиготалы жағдайда болса (А1А1А2А2), қошқыл қызыл түстi дән бередi, жалғыз доминантты ген (А1 немесе А2) дәнге әлсiз қызыл, екеу болса - қызғылт, үшеу болса - қызыл түс бередi. Ал рецессивтi гомозигота болса (а1а1а2а2) дәндерiнiң түсi ақ болады. Мынадай генотиптерi бар өсiмдiктер қандай типтi гаметалар түзе алады: А1А1А2А2;  А1А1А2А2;  а1а1А2А2;  А1А1а2А2;  А1А1а2а2;  А1а1а2а2;  а1а1а2а2;  А1А1а2а2; а1а1А2а2;  А1а1А2а2.
  2. Мына төмендегiдей будандастыруларда алынатын ұрпақтың дәндерiнiң түсiн анықтаңыздар: А1а1А2А2 х а1а1А2А2;  А1а1А2а2  х а1А1а2а2;  А1а1а2а2  х А1А1а2а2;  А1а1а2а2  х  А1а1А2А2.
  3. Қошқыл қызыл түстi тұқымнан өсiп шыққан өсiмдiктi: а) қызыл дәндi, ә) әлсiз қызыл дәндi, б) ақ дәндi өсiмдiктермен будандастырудың нәтижесiнде алынатын будандардың фенотиптерi мен генотиптерiн анықтаңдар (124-шi есептi қара).
  4. Құрамында қызыл пигментi бар өсiмдiктi ақ дәндi өсiмiдкпен будандастыранда: а) тек қана қызғылт дәндерi бар, ә) жартысы қызғылт, ал жартысы әлсiз қызыл дәндерден тұратын ұрпақ алынған. Бастапқы ата-аналық формалар мен ұрпақтардың генотиптерiн анықтаңыздар.
  5. Әлсiз қызыл түстi тұқымнан өсiп шыққан өсiмдiктi а) әлсiз қызыл дәндi, ә) қызыл дәндi, б) ақ дәндi, в) қошқыл қызыл дәндi өсiмдiктермен будандастырудың нәтижесiнде алынған ұрпақтардың фенотиптерi мен генотиптерiн анықтаңыздар.
  6. Қызыл түстi тұқымнан және әлсiз қызыл түстi тұқымнан өсiп шыққан өсiмдiктердi өздiгiнен тозаңдандырғанда алынатын ұрпақтың генотиптерi мен фенотиптерiн анықтаңыздар.
  7. Қызыл түстi тұқымнан өсiп шыққан өсiмдiктi а) әлсiз қызыл дәндi, ә) ақ дәндi, б) қызыл дәндi өсiмдiктермен будандастырудың нәтижесiнде алынған ұрпақтардың фенотиптерi мен генотиптерiн анықтаңыздар.
  8. Бидайдың жаздық болуын екi доминантты полимерлi гендер А1 мен А2, ал күздiк болуын олардың рецессивтi аллелдерi а1 мен а2 бақылайды. Нағыз жаздық болуы А1А1А2А2 генотипiнде байқалады, ал егер гендердiң құрамы а1а1а2а2 болып келсе күздiк болады. Мынадай будандастырудың нәтижесiнде алынатын будан өсiмдiктердiң генотиптерi мен фенотиптерiн анықтаңыздар: А1А1А2А2  х а1а1а2а2;  А1А1а2а2  х а1а1а2а2;  А1а1а2а2 х а1а1А2а2.
  9. Мынандай генотиптерi бар өсiмдiктер: А1а1а2а2; А1А1а2а2; А1А1А2а2; а1а1А2А2 өздiгiнен тозаңданғанда жаздық-күздiк белгiлерi бойынша ажыраулардың сипатын табыңдар.
  10. Бидай өсiмдiгiн өздiгiнен тозаңдандырғанда алынған ұрпақ 3 жаздық, 1 күздiк болып ажыраған. Бастапқы ата-аналық формалардың генотипiн анықтаңыздар.
  11. Егер өздiгiнен тозаңдандырғанда 3 жаздыққа 1 күздiк болып келсе,  өсiмдiкте жаздық қасиеттi анықтайтын неше доминантты геннiң болғандығы?
  12. Адамда бойдың биiктiгi бiр-бiрiмен тiркеспейтiн 3 жұп генмен анықталады. Ендеше бойдың биiктiгi сол гендердiң өзара полимерлiк әрекеттесуiне байланысты болады. Кейбiр аласа адамдардың популяциясында тек рецессивтi гендердiң болуына байланысты бойының биiктiгi - 150 см, ал ең биiк адамдардың бойы - 180 см, өйткенi оларда тек доминантты гендер болады деп есептесе, барлық үш жұп гендер бойынша гетерозиготалы адамдардың бойының биiктiгi қандай болмақ?
  13. Ерлi-зайыптылардың екеуi де орта бойлы болса, бұл отбасында туатын баланың бойы қандай болмақ? Барлық отбасы мүшелерiнiң генотиптерiн анықтау керек.

Көп аллелдiлiк

  1. Үй қояндарында жүннiң бояуы бойынша көп аллелдiлiктiң болатыны анықталған. Доминантты С генi бүкiл денесiне қара түс беретiн пигменттiң түзiлуiн қуаттайды. Оның рецессивтi аллелi  с альбинизмдi тудырады. Сонымен қатар гималай түстi қоянның (құлақтары, аяқтарының басы мен құйрығының ұшы қара, денесiнiң басқа жерлерi ақ) пайда болуына ықпал ететiн Сh аллелi бар. Сh генi С генiне қарағанда рецессивтi, с генiне доминантты. Мынадай генотиптерi бар үй қояндарының түстерiн анықтаңыздар: ССh; Сhс; Сс; сс; СС.
  2. Мынадай будандастырудан алынатын ұрпақтардың түстерiн анықтаңыздар: ССh  х ССh; СhСh х Сс; СhСh х сс; сс х ССh; Сс х сс; СhСh  х Сhс.
  3. Екi гималай қоянын будандастырғанда алынған ұрпақтың 3/4-i гималай, 1/4-i альбиностар болып шыққан. Ата-аналарынң генотиптерiн анықтаңыздар.
  4. Гетерозиготалы қара және гималай қояндары будандастырылған. Алынған ұрпақтардың генотиптерi мен фенотиптерiн анықтаңдар.
  5.  Екi қара қоянды будандастырғанда алынған ұрпақтың 3/4-i қара, 1/4-i гималай түстi болған. Ата-аналарынң генотиптерiн анықтаңыздар.
  6. Гетерозиготалы гималай қояны альбинос қоянмен будандастырылған. Алынған ұрпақтардың генотиптерi мен фенотиптерiн анықтаңыздар.
  7. Екi гималай қоянын будандастырғанда алынған ұрпақтардың барлығы да гималай түстi болған. Сонда олардың ата-аналарынң генотиптерiнiң қандай болғаны?

Қан топтарының тұқым қуалауы

  1. Медицинада қанның төрт түрлi тобын бiр-бiрiнен ажырата бiлудiң ерекше маңызы бар. Қан топтары бiр ғана генге байланысты болатын тұқым қуалайтын белгi (4-кесте).

        4-кесте.  Қан топтарының тұқым қуалауы

Белгi

Ген

Генотиптерi

I топ

I0

I0 I0

II топ

IA

IA IA, IA I0

III топ

IB

IB IB, IB I0

IV топ

IA IB

IA IB 

Резус антигеннiң болуы (+)

D

DD, Dd

Резус антигеннiң болмауы (–)

d

dd

...

Скачать:   txt (72.1 Kb)   pdf (299.9 Kb)   docx (794.6 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club