Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Семей тарихы

Автор:   •  Ноябрь 28, 2022  •  Реферат  •  387 Слов (2 Страниц)  •  226 Просмотры

Страница 1 из 2

Наз

1920 жылы Қазақстанда ең алғаш архив Семей қаласында ашылды. 1920- жылы 29- наурызда  елімізде  алғашқылардың бірі болып ашылған мұрағат, барлық ведомстволық мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бүгінгі таңда барлық құнды деректер заман талабына сай сандық нұсқаға көшірілуде.  Қазақстандағы тұңғыш телеграфта Семейде ашылған. 1918 жылы 20 наурызда «Алашорда» төрағасы Әлихан Бөкейханның тапсыруымен Халел Ғаббасов автономия құру жөнінде Семейден телеграф арқылы Сталинмен келіссөз жүргізгені тарихтан мәлім. Спорт жайлы айта кетсек,1913 жылы  Семей қаласында «Нептун», ССК (Семей спорттық кружогы), «Ярыш», «Олимп» және «Спорт» сияқты Қазақстанның алғашқы футбол командалары құрылады. Мұсылман жастарының командасы болған «Ярыштың» алғашқы ұйымдастыру жиналысы 10 адамның қатысуымен 1913 жылы тамыз айында өткен болатын. Команда құрамына кіру жарнасы 50 тиын болып бекітіледі. Оларға допты жергілікті етікші таза былғарыдан тігіп береді. Бір жыл өткен соң «Ярыш» ересектер және жастар сынды екі команданы құрайды. Солардың бірінде қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов те болған.

Шугыла

Семей тарихы

Семей қаласының негізі (бұрынғы атауы – Семипалатинск) 1718 жылы қаланды. Петр I шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды. Құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. Солардың бірі Семипалат бекінісі болды.

"Семей" сөзі көне түркілерге жататын сары ұйғырлар тайпасының тілінде "киелі мекен" деген мағынаны білдірсе, "Алаш сөзі түркі тілінде бауырлас, қандас, туыс деген мағына береді. Яғни, Семей, Алаш атауы – тұтас түркі дәуірінде қалыптасқан ең ежелгі атаулардың бірі

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (25.3 Kb)   docx (225 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club