Мнения и оценки населения в отношении нетрадиционных для Казахстана религиозных течений
Автор: 77753709144 • Февраль 17, 2018 • Контрольная работа • 7,953 Слов (32 Страниц) • 753 Просмотры
[pic 1][pic 2][pic 3] | «Білім» ғылыми-зерттеу орталығы» Товарищество с ограниченной ответственностью Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сары-Арка ауданы, Ауэзов көшесі, 25-үй, 42-п. тел. 87172322838 E-mail: TOO-bilim@yandex.kz |
Аналитический отчет
по результатам социологического исследования
на тему:
«Мнения и оценки населения в отношении нетрадиционных для Казахстана религиозных течений»
(III квартал)
Астана – 2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I-ТАРАУ. Діни сенім бойынша халық құрылымы 15
II- ТАРАУ. Дәстүрлі емес діни қауымдастықтар туралы қазақстандықтардың пікірі 20
III-ТАРАУ. Дәстүрлі емес діни қауымдастықтар туралы қазақстандықтардың көзқарасы 31
IV-ТАРАУ. Дәстүрлі емес діни қауымдастықтарды жақтаушылардың әлеуметтік мінездемесі 36
V-ТАРАУ. Дін саласында мемлекеттік саясатқа деген көзқарас 40
ҚОРЫТЫНДЫЛАР 43
ҰСЫНЫМДАР 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі бола тұра, Қазақстан дінаралық және конфессияаралық шиеленістің, діни ағымдардың басымдығының күшею қатерінде тұр. Бұл үрдістер глобализация ықпалында діни экстремизм мен терроризмнің, сонымен қатар дінді өз қызығушылықтарындағы жеке саяси күштері ретінде қолдану беталысының таралуымен байқалады.
Халықаралық террористтік топтар әрекеті күшеюде және тек жекелеген облыстар емес, аймақтар мен мемлекетті де қамти бастады. Діни ұрандар жамылып алып, адам бостандығы мен құқығын жою арқылы, мұндай ұйымдар адамзат мұрасына рухани, мәдени және діни нұқсан келтіреді, дінге деген сенім мен абыройын құртады және конфессияаралық байланыстарға үлкен зиян шектіреді.
Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде, діни экстремизмнің зияны мен глобализация үрдістерін есепке алмауға, бұл мәселелерді шешуде қалыс қалуға болмайды.
Біздің мемлекетімізде өткен жылдың қыркүйегінде дін ісі мен азаматтық қоғам министерсвтосі құрылған болаын. Осы жылдың тамыз айында Ватикан елшілігі Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі туралы тақырыпты қозғайтын дінаралық кездесуді өткізуге ниет білдірді. 31 тамызда « Ортақ үйді қамында бәріміз бірге» атты дінаралық кездесу өтті, онда діни конфессия өкілдері жаңартылған энергия көздерін пайдалану қажеттігі, экология және ғаламшарымыздың келешегі туралы сөз қозғады[1].
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасында 2017-2020 жылдар аралығына ауқымды ақпараттық науқан жүргізіледі. Бұл науқан қоғамдағы төзімділік пен конфессияаралық келісімді нығайтуға, дәстүрлі қазақстандық құндылықтарының таралуына, халықтың діни экстремизм идеологиясына және түрлі формадағы радикализмге деген төзімділікті қалыптастыруға бағытталады.
Ақпаратты- түсіндірмелі шаралар жүргізіледі, тыңдалымдарда ақпараттық брошюралар таратылады. Халықтың діни білімділігін көтеру мақсатында ортақ көлік бекетінде жүктеуге болатын, астана тұрғындарына арналған «AstanaBilimland» электрондық кітапхана жобасы бастамашылық етті.
Күндізгі консультациялар алу үшін деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсетуде бөлім мамандарына жүгінуге болады, сенім телефондары жұмыс істейді.[2]
Былтырғы жылдың желтоқсан айында мемлекет басшысы діни әдебиеттердің таралуы мен шығарылуы үкімет рұқсатымен жүзеге асырылады деген заңға қол қойды. Заңда әдебиеттердің шет елдерге тасуға шек қойылған - азаматтарға діни сипаттағы тек бір ғана кітап алып жүруге ғана рұқсат берілген.[3]
...