Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бас миының қысылуы

Автор:   •  Декабрь 24, 2020  •  Реферат  •  2,536 Слов (11 Страниц)  •  1,453 Просмотры

Страница 1 из 11

«Астана медицина университеті» КеАҚ

Травматология және ортопедия кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Бас миының қысылуы

        

                                                   Дайындаған: Утел Л.У.  634 ЖТД

                                                               Тексерген: м.ғ.д., PhD Байдарбеков М.У.

Нұр-Сұлтан 2020 жыл

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Бас миының қысылуының эпидемиологиясы
  2. Бас миының қысылуының этиологиясы және патогенезі
  3. Бас миы қысылуының белгілері
  4. Гематомалардың дифференциальды диагностикасы
  5. Диагностикалық шаралары
  6. Бас миының қысылуының емдеу тактикасы
  7. Реабилитациялық шаралар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

   Бассүйек-ми жарақаты – басүйек терісінің, бұлшық еттің, сүйектің, мидың, қантамырларының, ми қарыншықтары мен бассүйек-ми нервтерінің механикалық зақымдалуы нәтижесінде бас миының уақытша немесе тұрақты бұзылысына алып келетін зақымдалу. Бассүйек-ми жарақаты науқастың өмір сапасын төмендетіп, еңбекке жарамсыздыққа алып келетін жарақаттың бірі болып табылады. Бассүйек-ми жарақатының жабық және ашық түрлері болады. Жабық түріне бастың тері қабатының бұзылмаған зақымдануы жатады. Ашық түріне бассүйектің, оның негізінің зақымданып сынуы, қан және ми сұйықтығының ағуымен жүретін зақымданулар тән. Бассүйек-ми жарақаттары, Птидің классикалық жіктемесі (1773ж) бойынша:

  • Шайқалу (коммоция)
  • Жарақаттану (контузия)
  • Қысылу (компрессия)

   Солардың ішіндегі ауыр түрлерінің бірі – бас миының қысылуы.

   Бас миының қысылуы - бассүйек қуысында көлемді түзілудің (мысалы, ісіктер, гематомалар) болуына байланысты бассүйекішілік қысымның жоғары белгілерінің ошақтық неврологиялық симптомдармен үйлесуі.

Негізгі бөлім

  1. Бас миының қысылуының эпидемиологиясы

[pic 1] 

          Әйелдер мен ер адамдарда кездесу жиілігінің арақатынасы 1:2, 1:3 құрайды. Жарақат алу 20-40 жас аралығындағы еңбекке қабілетті халық арасында жиі кездеседі. Еуропа елдерінде жиі егде жастағы адамдар арасында жарақат алу көп. 20-40 жас аралығында адамдарда жарақаттың себебі ретінде тұрмыстық және кәсіптік травма басым болса, егде жастағыларда екіншілікті жарақат алу дамуы мүмкін. Балалардағы жарақаттың негізгі себебі болып тұрмыстық травма саналады. Еуропа, ТМД елдерінде жарақаттың негізгі себебі құлау, содан кейін жол-көлік апаттары. Ал Батыс Азия елдерінде жол-көлік апаттары бірінші орында.  Алкогольді масаю кезінде бас миының соққысы немесе қысылуының дамуы (10,2%) сау жағдайда осы жарақаттарды (5%) алумен салыстырғанда жоғары. Алкогольді масаю кезінде травма алатындар негізінен 20-40 жас аралығындағы ер адамдар.

          Өлім көрсеткіші бойынша да жоғары дәрежеде. Ауыр дәрежелі ми соққысынан өлім дәрежесі 27,8% құрайды. Жарақаттан кейін инвалидазиция реабилитациялық шаралардың уақытында және дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты. Реабилитациялық потенциалына байланысты еңбек жағдайын жеңілдету немесе мүгедектікке шығару қажет болуы мүмкін. Көп науқастарда бірнеше жылдар бойы бас ауруы, есте сақтау бұзылыстары сияқты шағымдар қалады.

  1. Бас миының қысылуының этиологиясы және патогенезі

          Мидың қысылуының себептері: бассүйек ішілік гематомалар, сирек субдуралық гигромалар, бассүйегінің сынулары мен мидың ісінуінің маңызы аз.

          Патогенез:

          Мидың қысылуы жарақаттан кейін немесе мидың жалпы белгілерінен кейін әр түрлі уақыт аралығында өмірлік қауіпті өсумен сипатталады. Мидың қысылуы сұйық немесе ұйыған қанның, жұлын сұйықтығының немесе мембраналар астындағы ауаның көлемді жиналуымен сипатталады. Бұл мидың ортаңғы құрылымдарының ығысуымен заттың жергілікті және жалпы қысылуын, қарыншалардың деформациясы және қысылуы, ми бағанасының қысылуын тудырады.

          Бастың қысылуы-динамикалық (қысқа мерзімді) немесе статикалық (ұзақ мерзімді) механикалық жүктеменің жүйелі әсерінің нәтижесінде пайда болатын жарақаттың ерекше түрі. Ол бастың, бас сүйегінің және мидың жұмсақ қақпақтарының зақымдалуымен сипатталады.

...

Скачать:   txt (36.5 Kb)   pdf (162.7 Kb)   docx (41.4 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club