Қазақстан Республикасының көші-қон мәселелері
Автор: 0102030405A • Февраль 10, 2023 • Реферат • 3,723 Слов (15 Страниц) • 244 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
[pic 1]
Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы: «География, жерге орналастыру және кадастр»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының көші-қон мәселелері»
Орындаған:Серікханова Аяулым
Тексерген: Сағымбай Ө.Ж.
Жоспар:
- Кіріспе
- Қазақстандағы көші-қон процестері
- Мемлекеттің көші-қон саласындағы саясаты мен қызметі
- Қазақстандағы ішкі көші-қонды басқарудың құқықтық аспектілері
- Алматы қаласының көші-қонына баға беру
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
- Кіріспе
Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды мәселерінің бірі көші-қон мен демография жайында. Бұл бастаманы тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты аталған мәселені шешуде көп қызмет атқарғаны баршамызға белгілі.
Халқымыз сонау қилы замандарды басынан өткерді. Қазіргідей бақытты, бейбіт, шуақты, бақытты күнді ешқашан көрмеген болар. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» деп бекер айтпаған. Сол үшін бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қалай мирас болса, осы еліміз бен жеріміздің аманаты, алыстағы ағайындарымыздың Отанымызға оралуы біздің міндетіміз.
Осындағы қарастырайын деп отырған мәселе – халықтың көші қонысы. Себебі халықтың туу мен өлім көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруіне, көші-қон мəселелерінің рөлі зор. Демографиялық үрдістер адамның еркінен пайда болмайды. Мемлекет пен құқықтың өзара əрекет етуі өте күрделі үрдіс.
Көші-қон жалпы адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қараймыз. Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысын айтады.
Елімізге халықтың табиғи аз өсімінің орнын толтырған көшіп келушілер ағымын реттеуге бағытталған жаңа жолдар іздеп табу қажет. Оларды жыныстық, жастық ерекшеліктеріне қарай, денсаулығының жағдайына, кəсібіне қарап пайдалы етіп ынталандыру керек. Сонымен қатар халық санын сақтап қалуды ойлай отырып, шетелден жоғары кəсіби мамандарды жұмыс күші етіп тартуды дамыту қажет. Еліміздің ішкі көші –қонын реттеу барысында, азаматтардың тіршілік етуін қолдай отырып, жұмыс күшін көтермелеуге бағытталған шаралар кешенін жасау қажеттілігі туындап отыр. Республикамызда көші–қон үрдістерін реттейтін заңнамалардың іске асуы баяу жүрді. КСРО–ның ыдырауымен тез арада бірқатар заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Қазақстан тəуелсіздік алуымен шетелдерге көшіп кетушілермен, жақын елдерден көшіп келушілерді мемлекеттік құқықтық тұрғыдан реттеу керек болды. Осы ретте 26 маусым 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Көшіп келу туралы заңын, 1992 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайын атап кеткен жөн.
Елдің демографиялық дағдарыстан шығуы үшін көші–қоны үрдістерін реттелуімен байланысты. Қазіргі кезде мемлекеттің əлеуметтік жəне экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздік мүдделері көші– қонды реттеуде жаңа жолдарды талап етіп отыр. Мемлекетімізде байырғы кезде əр түрлі себептермен көшіп кеткен шетелдердегі қазақтардың еліне қайта оралуына жағдайлар жасалуда. Мемлекет əр жылы оралмандарды қабылдауда квоталар белгілейді. Елімізде заңсыз көшіп келушілер мен босқындар саны өсуде. Халықтың өсіп-өнуі оның өзгеруі, туылым, өлім, көші-қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды. Соңғы кездері біздің ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін ауыстыруы маңызды мəселе.
...