Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдеріне сипаттама

Автор:   •  Февраль 8, 2024  •  Реферат  •  3,233 Слов (13 Страниц)  •  112 Просмотры

Страница 1 из 13

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

                            Факультеті «Экономика және Бизнес жоғары мектебі»

                             Кафедрасы «Экономика»

       СӨЖ

Тақырыбы:  Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдеріне сипаттама

   Орындаған:Коныс Асель

          Тексерген: Кулиев И.У

                                                           Алматы, 2022ж

Жоспар:

I.Кіріспе: Экономикалық теория туралы түсінік

II.Негізгі бөлім: Экономикалық теорияның дамуы және қалыптасу кезеңдері

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

I.Экономикалық теория туралы түсінік

Адамзат баласының даму тарихында терең қозғаушы күш ретінде материалдық игіліктерді өндіру үдерісі табылған. Қоғам тек осы өндірістік үдерістерді жүзеге асыру және үнемі үздіксіз жаңартып отыру арқылы ғана тіршілік ете алады және дами алады. Сондықтан экономика кез келген қоғамның іргетасы болып табылады. «Экономия» ұғымы және одан туындайтын «экономика» сөзі ежелгі гректің «ойкос,экос» үй,үй шаруашылығы және «номос»- заң, заңдылық деген сөздерінен құралады. Экономика- бұл шаруашалық жүргізу үдерісінде адамдар арасында пайда болатын қатынастар туралы ғылым.

 Экономикалық теория-адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.

Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде экономикалық теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және экономикалық теорияның пәні өзгермейді,оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды. Ол экономикалық теориялардың бірнеше анықтамаларын берді:

  1. Адамдар арасындағы ақшалай келісімдер мен айырбасқа байланысты қызмет түрін зерттейтін ғылым;
  2. Әртүрлі тауарды өндіру және оларды қоғам мүшелері арасында бөлу үшін қажет шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану туралы ғылым;
  3. Адамның күнделікті өмірдегі тұтыну мен өндіріс саласындағы міндеттерін жүзеге асыруды қарастыратын ғылым.
  4. Байлық туралы ғылым

Экономикалық теория әдістерінің алғашқы ғылыми әзірлемелері ежелгі грек ғалымы Аристотельдің еңбектері арқылы танылды. Ол экономиалық ғылымды танып білудің негізгі қағидаларын қалыптастырды.

Экономикалық теория адами,қоғамдық ғылым ретінде қоршаған ортаны және өмір тіршілігін танып білудің көптеген әдістерін қолданады.

II. Экономикалық теорияның дамуы және қалыптасу кезеңдері

Экономикалық теорияның дамуы және қалыптасуы.

Тұңғыш экономикалық ой пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Греция,Рим, Қытай, Индия ғылым философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейед, т.б шешуге талпынған.

Экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан ғалымдарға Ксенофонт,Платон, Аристотельді жатқыза аламыз.

Ал көне Рим ойшылдары Сенека, Лукреций Кар құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген

Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде қулиемдену құрылыста пайда болды. Жалпы экономикалық теория ғылым болып тек 16-17 ғ ғана қалыптасты. Алғашында бұл теория «саяси экономия» деген атқа ие болды. Саяси экономия дегеніміз- қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұрғыда тұжырымдалып,қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауымен байланысты.

...

Скачать:   txt (49.1 Kb)   pdf (212.9 Kb)   docx (76.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club