Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Автор: dilnazzz0 • Ноябрь 8, 2020 • Реферат • 3,722 Слов (15 Страниц) • 1,984 Просмотры
Қазақстан-Ресей медициналық университеті
Реферат
Тақырыбы: «Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.»
Жасаған: Ерболатова Дильназ Е.
Тексерген: Асхат Сумесинов
Алматы,2020 жыл
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.
Жоспар:
1.Н.Ә.Назарбаевтың қанатты нұсқамасы – "ең әуелі экономика – сонан соң – саясат".
2.Президенттің ел халқына Жолдауы: "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" және оның маңызы.
3.Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оны табысты еңсеру.
ХХ ғасырдың 90-жылдары басында Қазақстан экономикалық дағдарысқа тап болды. Өндіріс орындары тоқтап, жұмыссыздық көбейді. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындары қиын жағдайларға тап болды, олардың тоқтап қалуы әдеттегі құбылысқа айналды.Тұтынушылық рынок мәселелері барынша шиеленісті, азық-түлік, киім-кешек жетіспеді, алыпсатарлық пен әміршіл-әкімшіл аппараттың сатылғыштығы өсті. Қағаз ақшаны шамадан тыс көп шығару нәтижесінде оның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз ете алмады. Өнеркәсіп пен аграрлық салада болсын өнім өндірудің барлық түрлері төмендеді. Өндірістік қуаттарды, құрылыс объектілерін іске қосу күрт қысқарды. Тұрғын үйлерді, мектептерді, тағы да басқа әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерді салу айтарлықтай төмендеді. Республика осындай ауыр жағдайға тап болған кезде бұрыннан қолданылып келген жоспарлы экономиканы түбегейлі өзгертуді қажет болды. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы материалдық-техникалық қатынастарды жетілдіруде, қаржы салаларында жаңа экономикалық шарт жасасып, достық, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ауыр жағдайдан шығу жолында Қазақстан нарықтық моделін құруды қолға алды. Алайда көптеген қиыншылықтарға тап келді. Тек қана экономикалық жүйені ғана емес, мемлекеттік құрылымды да заман ағымына сай бейімдеу қажет болды. Нарықтық экономикаға көші жолдарын түсінуде шетелдік мамандарға жүгінуге, оларды тартуға мәжбүр болды.
Нарықтық экономика– еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Ал Қазақстан ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған институционалдық, құрылымдық реформалардың кешенді бағдарламасын жүзеге асырды. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа тәуелсіздік жарияланғаннан кейін қарқынды түрде жүргізілді. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық өзгерістер: 1992ж. 7 қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау) басталды. 1993ж. қабылданған Ата заңда жеке меншік құқығын мойындайтын бап еңгізілді, жеке меншік институтын қалыптастыратын реформа жүргізіле басталды және ол төрт кезеңді қамтыды. Жекешелендіру — азаматтардың немесе олардың барлық бірлестіктерінің немесе акционерлік қоғамдарының, серіктестіктерінің акциялар (пай) бөлігін жекеменшікке алу болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу дегенді мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа түрлеріне (мемлекеттік емес) негіздеп қайта құру деп анықтауға болады. 1993ж. 15 қарашада Ұлттық валюта — теңге айналымға енгізілді; 1993-1994 ж.ж. экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді; 1997-2000 ж.ж. аралығында реформалар ары қарай жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде нәтижелі жұмыс істеп жатыр.
...